Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жақсы ұстаз, жақсы шәкірт жасаса ғана, шын ұстаз бола алады

Давлетова Ботакоз Бактыгалиевна
1 мин оқу 53 оқылым

Давлетова Ботакоз Бактыгалиевна
«JAIYG GARDEN» элиталық мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі

Ұстаз – ұлы тұлға. Өмір теңіз болса, гаухары ұстаз. Өмір алтын болса зергері ұстаз. Өмір ақын болса сөзі ұстаз, өмір жүзік болса көзі ұстаз. «Ұстаз болу- жүректін батырлығы. Ұстаз болу – сезімнің ақындығы. Ұстаз болу – сенімнің күн шуағы, азбайтұғын адамның алтындығы» деп өлең жолдарыңда айтылғандай, Ұстаз – білікті маман, тәрбиелі тұлға, ретінде шәкірт жүрегіне білім теңізінің нәрін құя білуі керек. «Ұстаз шәкіртке білім жолын үйретеді, білімді жан тас қамалды күйретеді» егер мұғалімнің кәсіби білімі қаншалықты жоғары болса, ол оқытып, тәрбиелеген оқушы соншалықты сауатты. Осыған байланысты білім берудің негізгі мақсаты: алған білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өмірдің өзгермелі жағдайларына еркін бағдарлай алатын, өзінің білімін іске асыруға, өзін – өзі дамытуға, адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға  қабілетті тұлға қалыптастыру. «Халық кемеліне келіп, өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» деп ұлы ғалым Шоқан Уалиханов  айтқандай, азаттық пен егемендікті ту етіп отырған жас  ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына, әлемдік сапа деңгейіндегі  білім қажет. Сондықтан, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру ісін жаңа талап тұрғысынан енгізуіміз керек. Осы мақсатқа жету жолында көптеген ұстаздар тер төгіп аянбай еңбек етуде. Абай атамыз "Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға",-деп айтып өткендей мұғалімнің кәсіби шеберлігін күн санап арттырып отыруымыз қажет. Алдымызда отырған әр шәкіртті бәсекеге қабілетті, өмірде өзін – өзі дамытуға бейім, үздіксіз білім жүйесінде  белгілі бір орынды білетін  Қазақстан азаматы ретінде тәрбиелеуіміз үшін, оқушының ықыласын оятып, өзінің ғана емес, өзгенін өсуіне де ықпал ететіндей деңгейге жеткізуге тиістіміз. Сондықтан білімді, нағыз азаматты оқытып, тәрбиелеп шығару үшін, ұстаздар қауымы қажымай, талмай, еңбек етуіміз қажет.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Давлетова Ботакоз Бактыгалиевна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Мектепалды даярлық сынып

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Талғар ауданы. Бесағаш ауылы №45 мектеп-гимназиясының МАД сыныбының жетекшісі Қазіргі білім беру жүйесінде балалардың тілдік дамуына ерекше назар аударылады. Жаңартылған білім беру мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда…

Махан Светлана Толыбайқызы 1 мин 66 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Отбасы құндылығы

Мектепалды сыныпқа арналған материалда отбасының адам өміріндегі орны, сыйластық, қамқорлық, сенім және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүрлер туралы айтылады.

Бесикбаева Лаззат Сериковна 1 мин 52 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Ойын және топтық әрекет арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Даярлық сынып мұғалімі Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицей Аннотация. Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйым жағдайында ойын және топтық әрекет арқылы балалардың коммуникативтік…

Сыздықова Гүлжан 5 мин 136 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Балалардың сөйлеу дағдысын арттырудағы АR және VR технологиялардың тиімділігі

Атырау обл Жылыой, ауданы Құлсары қаласы Тәрбиеші Елімізде білім беру саласында да мектепке дейінгі білім беру саласында да жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал…

Шегирова Шолпан Жумабергеновна 8 мин 149 оқылым