Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу
Жаңалықтар Жаңалық

Жапониядағы сөз бостандығы

Bilimger Media
1 мин оқу 21 оқылым

Жапонияның 1946 жылы 3 қарашада қабыл­данған Ата Заңының 3-шi бабының 21 тармағында «Мәжiлiстер мен басқосулар еркiндiгiне және сөз бостандығы мен баспасөз бостандығына, пiкiр бiлдiрудiң өзге де түрлерiне кепiлдiк берi­ледi. Цензураға жол жоқ; ақпарат құпиялылығы сақталуы тиiс» деп жазылған. Жапонияда журналист Үкiмет немесе Парламент мүшесiнен сұхбат алу үшiн мiндеттi түрде «Саяси журналистердiң ұйымына» мүше болу керек. Осы ұйымның журналистерi ғана Үкiметтегi баспасөз мәслихатына, ресми кездесулерге, т.б. қатысу мүмкiндiгiне ие. Жапон жур­налис­тикасының қазiргi таңдағы мәселесi ретiнде Күншығыстағы қалам иелерi сол ұйым журналистерiнiң саяси қайраткерлердiң баспа­сөз хатшысы деңгейiнен аса алмай жатқандығын айтып жүр.

Жапон журналистикасына тән ерекшелiктiң бiрi — газет-журнал бетiнде мақала авторының аты-жөнi жазылмауы және суретiнiң басылмауы. «Журналист болу дегенiмiз – елге танылу» деген бiздiң түсiнiк оларға жат. Дегенмен, кейiнгi жылдары бiраз басылымдар журналистiң аты-жөнiн жариялаумен қатар, автордың еңбек жолы туралы мағлұмат беру үрдiсiне көшкен. Қазақ журналистикасына ойды көбiнесе тұспалдап, астарлап жеткiзу, ой қорытуды оқырманның еншiсiне қалдыру тән болса, жапон баспасөзiне нақтылық, дәлдiк, тура айту, жинақылық сипаты басым.

Жапонияда журналистердi және де ақпарат құралдарының өзге де мамандарын жоғары оқу орындарындағы социология, ақпараттық технология, қоғамдық өндiрiс, филология тәрiздi факультеттер құрамындағы медиа бөлiмдерi даярлайды. Бұндай бөлiмдер көптеген университеттерде ашылған. Жылына жалпы таралымы 4 миллиард дана болатын 3000 түрлi газет-журнал шығады. Күн сайын газеттердiң 90 пайызы үйге жеткiзiледi. Газет тасушылардың көпшiлiгi – мектеп оқушылары. Газет бетiндегi кеңiстiктiң 40 пайызы жарнамаға арналған. Жапон баспасөзi үшiн жарнама – маңызды табыс көзi

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Автор

Bilimger Media

Пікірлер 1

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

  1. Данибай Мөлдір

    Күшті

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

1 тоқсан қашан бітеді? 2026 жылғы күзгі каникул күндері

1 тоқсан қашан бітеді? Бұл сұрақ 2026 жылдың қазан айында оқушылар мен ата-аналар үшін өзекті болып отыр. Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы бірінші тоқсанның аяқталу мерзімі мен күзгі каникул күндері ресми түрде…

Bilimger Media 4 мин 451 оқылым
Жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы қар: 6 қазанда қай өңірлерде жауады?

2026 жылғы 6 қазанда Қазақстанның бірнеше өңірінде қар аралас жаңбыр, көктайғақ және үсік күтіледі. Қазгидрометтің болжамы бойынша өңірлердегі ауа райы мен қауіпсіздік шараларын біліңіз.

Bilimger Media 5 мин 17 оқылым
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Қариннің туған жері, білімі мен еңбек жолы туралы. Материалда мұғалімдіктен мемлекеттік қызметке дейінгі мансабы және вице-президент болып тағайындалуы баяндалады.

Bilimger Media 7 мин 208 оқылым