Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жаңғыру жолындағы жас маман рөлі

Сағидуллақызы Жанна
2 мин оқу 1 259 оқылым

Сағидуллақызы Жанна

Жастар -  болашаққа апаратын алтын көпір.
(Халық даналығы)

Әлемде қанша ұлт өкілдері болса, соның барлығы дерлік  жарқын болашағын өзінің жастарымен байланыстырады. Желмен жарысқан мына озық заманда «Мен!»-деген жастар көбеюде. Әрбірінің өзінің саласына қарай  жаңа ойы, жаңа бағыты, жаңа жобасы, ойлаған өз мақсаты бар. Міне, сол секілді менің де әрдайым қызығушылығым таусылмайтын, өзім бар ынтаммен мақтан тұтатын мамандығым бар. Ол –ұстаздық!

« Ұстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»- деп Әбу Насыр Әл-Фараби атамыз айтқандай, әлемдегі ұстаздардың барлығы міне осы қасиеттерді бойына сіңіруі керек.

Жүйрік заманда ұстаздың мәртебесін арттыру үшін біздер аянбай ізденіп, еңбек етуіміз керек.

Қазіргі таңда әлемнің түкпір-түкпірінде ерекше білімді қажет ететін балалардың саны күннен күнге артып келеді.  Бұл қайғы біздің елімізді де айналып өткен жоқ. Міне, енді менің жас «Дефектолог-логопед» маман ретіндегі нақты мақсатым - осы балаларды түзету, әлеуметтік ортаға бейімдеу, құрдастарымен теңдей дәрежеде дамуы үшін жағдай жасау, олардың ата-анасының  бізге артқан үмітін ақтау, олардан болашақта үлкен азаматтар дайындау.

Баламен жұмыс жүргізу, оны білімге үйрету қаншалықты күшті қажет ететінін атап өткендей, ерекше білімді қажет ететін ерекше баламен жұмыс одан есе жұмысты талап етеді.

Менің жас маман ретінде ізденіс жұмыстарым - баланың ұсақ моторикасын, жалпы моторикасын дамытуға өте көп бағытталған. Балабақшадағы бала, ол - ойын баласы, оларды дамыту әрдайым ойын арқылы жүруі тиіс. «Ойында озған, өмірде де озар» - деген халық даналығына қарасақ та, сол ерте кезден-ақ  баланы ойын арқылы дамыту керектігі айтылған. Ал енді ол ойынды түрліше дамыту біздің жас мамандарға, яғни бізге тікелей байланысты. Қазіргі күні кең сұранысқа ие болып жатқан “Busy-board” (Бизиборд) тақталары. Қарапайым осы тақтаны түрліше дамыту өзіміздің қолымызда. Бұл дамытушы тақта күнделікті өмірде балаларға қолдануға, ойнауға рұқсат етілмейтін заттардан құралады, яғни тоқ разеткалары, құлып, тұтқа, топса және т.с.с. секілді жинақтардан құралған дамытушы тақта. Бұл заттармен ойнау арқылы баланы күнделікті ойын барысында қалай дұрыс қолдану керек екенділігі түсіндіріледі. Осындай баланың ұсақ моторикасын тапқыр, ұтымды дамытып қана қоймай, оның ойлауын, логикасын, сөйлеуін, өз-өзіне қызмет ету дағдысын қалыптастырамыз.

Осы күнге дейінгі тәжірибемде байқағаным, баланы дамыту - ол үлкен шыдамдылықты, біліктілікті, ізденімпаздылықты, қайсар өжеттілікті, бастаған ісімізді соңына дейін аяқтай алу қасиеттерін талап етеді екен. Ең бастысы, балаға деген жүректегі үлкен махаббатты қажет. Ұстаздық еткеннің алды - ол балалардан көрген нәтижесіне шын жүректен қуана білетін маман! Міне, осындай жас ұстаз ғана үлкен жетістіктерге жетеді, себебі ол өз мамандығын сүйеді!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Сағидуллақызы Жанна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 295 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым