Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жаңа заманның жаңа тұлғалы ұстазы

Автор

Касенова Алина
2 мин оқу 35 оқылым

Касенова Алина

Ұстаздың ұлы тұлға екені хақ. Алайда бұл мәтелді өз ісінде кемелдікке жеткен ұстаз ғана ұлы деп толықтырар едім. «Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз» дейді орыс педагогі Константин Ушинский. Ал бүгінгі ұстаздың тұлғалық дамуында айтарлықтай маңызды рөл ойнайтын іс – заман талабына сай болу... Константин Ушинский бұл мәселені сонау 19-ғасырда да атап өтіп, «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» -деді.

Қазіргі әлем елдерінің, қоғамның, технологиялардың, ғылымдардың жоғары қарқындылықпен дамуы өзгермелі өмірге бейімделген, бәсекеге қабілетті, сыни ойлау деңгейі өскен жастарды талап етеді.
Оқушылар өмірдің өзгермелі құбылыс екенін түсініп, түрлі жағдайда саналы таңдау жасай алу, дер кезінде дұрыс шешім қабылдай алу қабілеттеріне ие болулары қажет. Цифрланған, шексіз даму үстіндегі әлемде оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар бере алу үшін ұстаздың өзіне де заман талабына сай даму қажеттілігін тудырды.

Қазіргі әлемде болып жатқан өзгерістер әлем елдерінің біраз бөлігінің білім беру жүйесін қайта қаратты. Соның ішінде Қазақстан да дәстүрлі білім беру жүйесін жаңартылған білім беру жүйесіне ауыстырды. Ойлаудың жоғары деңгейіне негізделген пробламалық мәселелерді шешу – жаңа форматты сабақтың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Білімді дайын қалпында емес, оны оқушы тұлғасына бағыттап беру функционалды сауаттылыққа әкелетіні тәжірибе жүзінде де дәлелденген. Дәстүрлі білім беру жүйесіндегі қайталау мен жаттауға негізделген репродуктивті білім тек жаттау мен есте сақтау дәрежесімен шектелсе, конструктивті білім оқушыларды алған ақпаратын түсіну,
талдау, ой қорыта алу, алған білімін қолдану сынды дәрежеге жеткізеді.

Қорытындылай келе, мұғалімдер оқушыларды жаңа әлемге дайындауда маңызды рөл атқарады деген тұжырымға келдік. Оқушылардың сыни ойлау қабілетін арттыру мұғалімге маңызды жауапкершіліктерді жүктеп, оқытушының кәсіби құзыреттілігін талап етеді. Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша біліктілігі кемеліне жеткен ұстаз – заман талабына ұстаз екені анық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Касенова Алина

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Бүгінгі індет: TikTok миға қалай әсер етеді?

Мақалада TikTok-тағы қысқа видеолардың дофаминге, зейін қоюға және есте сақтау қабілетіне ықпалы қарастырылады.

Касенова Алина 27 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин