Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Жәндіктер еліне саяхат

Автор

Гулшат
3 мин оқу 712 оқылым

ІІ   кіші топқа арналған  ұйымдастырылған оқу әрекетінің

технологиялық картасы

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімі: Тіл дамыту

Тақырыбы:   «Жәндіктер еліне саяхат» (ертегі құрастыру)

Мақсаты: Қарапайым оқиғаларды,  зат есім, сын есім, етістіктерді қолдана отырып әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру.

Міндеттері:

  1. Жәндіктердің атауларымен таныстыру,қарапайым оқиғаларды,  зат есім, сын есім, етістіктерді қолданып, әңгіме құрастыруды үйретуді жалғастыру. Тәрбиешінің сұрақтарына толық жауап беруді жаттықтыру.
  2. Балалардың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтыра дамыту.
  3. Балалардың әңгімелеуде шығармашылық қабілеттілікке тәрбиелеу.

Қостілділік  компонент (сөздік жұмыс): Шегіртке-кузнечик, қанқыз- божья коровка, инелік –стрекоза,  құмырсқа- муравей, көбелек-  бабочка, ара-пчела, жәндіктер-насекомые.

Құрал-жабдықтар: ағаштар, ойыншық жәндіктер, үлкен жапырақ.

Қызмет-

кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық

-

түрткі болатын

Балаларды үлкен жапырақ астындағы тосын сый күтіп тұр.

- Балалар, мына үлкен жапырақ қай ағаштан жерге ұшып түсті екен? (тәрбиеші жан-жағына қарайды).

- Балалар, мына жапырақ қимылдайтын сияқты. Астында бірдеңе бар сияқты?

- Мына жапырақтың астында не қимылдап жатқанын білгілерің келе ме?

– Ал, онда бәріміз хормен сиқырлы сөзімізді айтайық.

- Тамаша рахмет!

(жапырақтың астынан ойыншық жәндіктер шығады)

Балалар таң қалады.

– Иә білгіміз келеді.

- Бір ,екі, үш ,

  Сиқырда бар күш.

  Бір, екі, үш,

  Міне бізде күш!-деп сиқырлы сөз айтады .

Балалар қуанады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік Тақырыпты хабарлау.

- Біз сендермен мына әдемі ойыншықтардан өз ертегімізді құрамыз. Ол үшін ең алдымен мына ойыншықтардың атын атайық.

- Мынау не?

Көбелек қандай?

- Мынау ше?

Шегірткенің  түсі қандай?

-  Ал мынау не?

Балалар құмырсқа -еңбекқор.

- Ал мынау?

Қанқыз қандай?

-  Мынау не?

Ара не жинайды?

-Ал мынау не?

-Бұларды бір сөзбен «жәндіктер» деп атаймыз.

–Жақсы балалар сендер барлық жәндіктерді атап айттыңдар.

- Енді осы жәндіктерді пайдалана отырып ертегі құрастырайық.

Әңгімелеу:

«Ертеде қанқыз болыпты. Оның шегіртке,инелік,ара,көбелек,

құмырсқа деген достары  болыпты.

Қанқыз достарын  өте жақсы көреді.

Бірде ол өзінің достарын қонаққа шақырады.

Бірінші болып көбелек келеді.Ол қанқызға гүл сыйлайды.

Екінші болып, ара келді.Ол досына бал сыйлады.

Үшінші болып инелік келді. Ол досына құрт сыйлады.

Төртінші болып  шегіртке келді. Ол досына жапырақ сыйлады.

Бесінші досы кешігіп келмей жатыр.

- Ол қай жәндік балалар? »

-Қалай ойлайсыңдар құмырсқа неге кешікті?

- Дұрыс айтыңдар оның қанаты жоқ, оған кішкентай адымдармен жаяу жету қиын.

- Сөйтіп, барлық достар ақылдасып, құмырсқаны жапыраққа отырғызып қанқыздың үйіне қонаққа алып келді. Барлық достар көңіл көтеріп ойындар ойнады, би биледі». Қанқыз достарына өте риза болады.

- Ертегі ұнады ма?

- Ертегіге ат қояйық?

Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

- Ол көбелек.

Көбелек әдемі.

-  Ол шегіртке.

Шегірткенің түсі жасыл.

-  Ол құмырсқа.

Құмырсқа-еңбекқор

(балалар қайталайды)

- Ол қанқыз.

Қанқыз қызыл.

- Ол ара.

Ара бал жинайды.

- Ол инелік.

Балалар хормен және жекелей қайталайды.

Балалар қызығушылықтарын білдіреді

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.

- Ол құмырсқа.

- Өйткені ол ұша алмайды.

- Иә, ұнады.

-  «Қанқыз және оның достары» ертегісі

   Сергіту сәті:

Көбелек болып ұшамыз,

Гүлге келіп қонамыз.

Ара боп бал жинаймыз,

Балдан тосап жасаймыз.

Балалар көбелек, ара қимылдарын жасап қайталайды.

Дыбыстық талдау:  «Р» , «С»

Ра-ра- ра,

Гүлге қонды ара.

Са-са-са,

Ызыңдайды маса.

Ра-ра-Ара

Са-са-маса

Бірге қайталайды.

Ра-ра- ра,

Гүлге қонды ара.

Са-са-са,

Ызыңдайды маса.

Ра-ра-Ара

Са-са-маса

  Сөздік жұмыс: Шегіртке-кузнечик,

қанқыз- божья коровка,

инелік-стрекоза, құмырсқа- муравей,

көбелек-бабочка, ара-пчела,

жәндіктер-насекомые.

Рефлексиялық- түзетушілік -Үлкен жапырақтың астына нелер жасырынды?

- Қонаққа қандай жәндік кешікті.

- Құмырсқаға достары қандай көмек көрсетті?

Оқу әрекетіне белсене қатысқан балаларды мақтап-мадақтап, алғыс білдіру

Үлкен жапырақтың астына жәндіктер жасырынды.

- Қонаққа құмырсқа кешікті.

- Достар ақылдасып, құмырсқаны жапыраққа отырғызып, қанқыздың үйіне қонаққа алып келді.

Балалар риза болып, қуаныштарын білдіреді.

Күтілетін нәтиже :

Біледі: жәндіктер туралы білімдерін толықтырады;

Игереді: жәндіктер туралы түсінікті, аттарын атауды;

Меңгереді:  бір сөзбен екінші сөзді байланыстырып, қысқа әңгіме құрастыруды,

заттың сапасын және әрекеттерін айтуда белгілеуші сөздерді қолдануды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гулшат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Туған жерім тұғырым

Балабақшадағы музыка сабағы туған жерге сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Жоспарда ән тыңдау, ән айту, өлең жаттау және аспапта ойнау әрекеттері берілген.

Гулшат 70 оқылым 3 мин
Балабақша

Менің қанатты достарым

Балалар құстардың түрлері мен дыбыстарын танып, тақпақ айтады, ойындар мен қимылдарды орындайды. Сабақта пингвинмен танысуға арналған қызықты сәт бар.

гулшат 241 оқылым 3 мин
Балабақша

Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеуде білім беру сапасын  арттыруда ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану

Материалда балабақшадағы білім беру сапасын арттыру үшін ақпараттық-коммуникативтік технологияларды оқу-тәрбие үдерісінде қолдану мәселесі қарастырылады.

Гулшат 290 оқылым 14 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 202 оқылым 5 мин
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 14 оқылым 1 мин
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 93 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 81 оқылым 2 мин