Жамбыл облысында жаңадан отау құрған жастарға «Жас отбасы» ақпараттық курсы өтуде
Автор
Жамбыл облысында отбасылық институтты нығайту мақсатында жаңа курс басталды. Іс–шараның басты мақсаты – жас отбасыларға отбасы құндылықтарын нығайту және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша ақпарат беру.
Курс отбасылық қатынастарды нығайту, ажырасу мен тұрмыстық қолайсыздықтарды болдырмау үшін жас отбасыларды тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған маңызды мәселелерді қамтиды.
Отбасылық өмірде кездесетін қиындықтарды шешу барысында психологтар мен педагогтар жас отбасыларға психологиялық қолдау көрсету, балалар тәрбиесінде туындайтын сұрақтарға жауап беру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерін талқылауға көмектесті. Бұл курс жас отбасыларға дағдарыс жағдайында өзара түсіністік орнатуға, эмоциялық тұрақтылықты сақтау және жанжалды жағдайларды тиімді шешуге бағытталған.Бұл іс-шара жас отбасылардың қарым-қатынасты нығайтуға, отбасылық мәселелерді шешуге қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, отбасы өміріндегі қиындықтарды жеңудің жолдарын біле алады.
Қазақстанның әрбір тұрғыны үшін отбасы – қоғамның негізгі ұйытқысы болып табылады, ал жас отбасыларға көмек көрсету, олардың әлеуметтегі орны мен рөлін нығайту өте маңызды. Жамбыл облысында ұйымдастырылып жатқан бұл курс осы бағыттағы ауқымды жұмысқа өз үлесін қосып отыр. Курс аясында ұсынылатын кеңестер мен әдістемелер жастар арасында отбасы өмірінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тиімді құрал болмақ.
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/zhambyl-oblysynda-zhangadan-otau-qurgan-zhastarga-zhas-otbasy-aqparattyq-kursy
Автор
Байпақ Дархан
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.