Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ж дыбысы мен әрпі

Автор

Жаикова Анар Салимжановна
2 мин оқу 1 058 оқылым

Жаикова Анар Салимжановна

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: Ж дыбысының айтылуы, дыбысталу артикуляциясымен таныстыру. Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету. Сурет арқылы заттың атауын білу, ойлау қабілеттерін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Сюжетті ойын арқылы балаларды ата-бабамыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын бағалап, қастерлеуге, түсінуге үйрету.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: ойыншықтар,суреттер, кеспе әріптер, әртүрлі текшелер.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, көрнекіліктер, жұмбақ шешу, т.б.

Оқу іс- әрекетінің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

  • Бүгінгі сабақ ерекше сабақ, бүгін бізге көп қонақтар келіпті.
  • Сабағымызды бастамас бұрын алдымен амандасып алайық .

Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Қайырлы күн, қонақтар!

Қайырлы күн, балалар!

-Сұрақтар қою.

- Жылдың қай мазгілі?

-Қандай ай?

-Аптаның нешінші күні?

-Сауат ашу сабағында не үйрендік?

-Қазақ тілінде неше әріп бар?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

 Ғажайып сәт.

  • Бүгінгі сабағымызға әріптер мен сөздер қонаққа келіпті.

Көрініс: «Әріп пен сөздер».

-Әліппе дұрыс айтады, босқа дауласпандар. Сіздердің бәріңізде біз үшін керексіздер. 42 әріптің 18 мен таныстық, бұйырса сіздермен де жақынырақ танысатын күн алыс емес. Орындарыңызға барыңыздар. Одан да бәріміз бірлесіп  ойын ойнайық

«Кім тапқыр»  ойыны.

Мақсаты:Сурет бойынша аттарын атау.

-Жылан, жылқы, сөздерінің басында қандай дыбыс естіледі?

-Ж дыбысы мен әрпі.

-Мынау Ж дыбысының таңбасы-ж әрпі .

Ж әрпі көрсетіліп, тақтаға ілінеді.

Ж дауыссыз дыбыс екенін тағыда қайталап, анықтау

. Баспа түрін көрсету (Суретті көрсету)

- Ж дыбысы бар баланың аты бар ма?

 Тіл ұстарту жаттығуы.

Жа-жа-жа

Менің атым –Қожа.

***           ***

Лау-лау-лау,

Желбірейді жалау.

 Әліппе дәптермен жұмыс.

А) Әже, жолбарыс, морж сөздеріне дыбыстық талдау жасатып, ондағы Ж дыбысының орнын ажыратқызады. Балалардың өздеріне ж дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлатады.. Дәптердегі буындарды, сөздерді құратып оқытады. Барлығы хормен қайталап оқиды.

Ж дыбысы бар тағы кім қандай сөз біледі

  • Жалау

 Сергіту сәті. (Қимылмен көрсетеді)

Желбірейді жалаулар,

Оң қолында сәбидің.

Желбірейді жалаулар,

Сол қолында сәбидің.

«Біз зерекпіз» ойыны.

Шарты: педагог сөздерді ретімен айтады. Балалар осы сөздерден ж дыбысы бар дыбыс, буын, сөз кездескенде қолдарыңды  шапалақтайды.

Мысалы: 1. П, б,с, ж; л, ж, қ, ә, т,б (дыбыс)

  1. На, са, жа, ла, за, жу, т.б.( буын)
  2. Таға, саға, жаға, алға, жылға, (сөз)

ІІІ. Қорытындылау:

  • Балалар, бүгін біз не үйрендік?
  • Балалар жауабы: Ж әрпімен таныстық, ойнадық, ән айттық.
  • Сабақ ұнадыма?
  • Балалар жауабы:
  • Ж дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба?
  • -Өте жақсы, балалар. Ендеше бәріміз бірігіп «Жалаулар» әнін айтып жіберейікші. Бәрі қосылып ән айтады.

Қуанышты хабарлама тарату.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Жаикова Анар Салимжановна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 254 оқылым 5 мин
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 15 оқылым 1 мин
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 94 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 81 оқылым 2 мин