Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ж дыбысы мен әрпі

Алиханова Баян
3 мин оқу 651 оқылым

Алиханова Баян

Мақсаты.

  1. Ж дыбысының айтылуы,дыбысталу артикуляциясымен таныстыру.
  2. Ж дыбысын басқа дыбыстардың ішінен айыра білуге, сөзге дыбыстық талдау жасауға, сөзді буынға дұрыс бөлуге үйрету.
  3. Сурет арқылы заттың атауын білу ойлау қабілеттерін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс – тәсілдері. Көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелесу, ойын.

Көрнекіліктер. Ж әрпі бар кеспелер, суреттер,текшелер

Балалар безендірілген топқа «Жау-жаужаңбыр» әнін айтып кіреді

Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ. Бізге бүгін апайлар, ағайлар қонаққа келіп отыр. Ал, балалар қонақтармен «Шаттық шеңберге» тұрып сәлемдесіп алайық.

,                    Күнге қарап қолымды

1,2,3, деп соғамын

Қарап тұрған көршіме

Мен қолымды бұлғайын

Жылы-жылы жүзбенен

Ыстық алақаныммен

Қолыңды бір қысайын

Амандасып өзіңмен

Құшақтасып алайын

Балалар бүгін бізде ұйымдастырылған оқу-қызметімізде Сауат ашу негіздері. Өткен оқу-қызметімізде балалар қандай дыбыспен таныстық. Қане балалар  Ы дыбысын еске түсірейік.

Балалар  мына суретке  қараңдаршы осы суреттердің атауын атасақ, Бүгінгі танысатын жаңа дыбыстың атауы шығады.Қане балалар суреттерде не бейнеленген.

Балалар;  суреттерді атап айтып береді.

Балалар бұл сөздердің басында қандай дыбыс естіп тұрмыз? Бүгінгі біздің танысатын дыбысымыз Ж ж дыбысы.Балалар Ж дыбысына талдау жасайықшы, Ж дыбысы қандай түспен белгіленіп тұр?

Балалар; көк түспен.

Ж ж дыбысы дауыссыз, көк түспен белгіленген айтылғанда ауа кедергісіне ұшырайды. Ж Ж деп айтайықшы, айтылғанда  ауыз қуыс ішінде қандай өзгерістер болып жатыр. Ж дыбысы айтылғанда  тілдің ұшы екі тістің ортасына тіреледі. Ж дыбысы ерінмен айтылады .Ж дыбысы қалай естіліп жатыр жеңішке ме, жуан ба? Балалар мынау Ж дыбысының баспаша жазылуы, ал енді жазбаша жазылу элементтерімен таныстырайын  жазбаша жазылуын үйрету. Қане қолымызды жоғары көтеріп ауаға жазып уйренейік.

Балалар мен сендерге өз топтарыңа сәйкес гүл беремен  сол гүлдердің ішіне әдемілеп Ж әріпін жазып үйренейікші.

Тіл ұстарту жаттығуы.

Жа-жа –жа

                            Менің атым Қожа

Балара дәптермен жұмыс бастамай тұрып біраз миымызға шабуыл жасап алайық. Үш топқа  үш  тапсырма беремін.

1 Алқызыл гүлдер тобы

2 Түймедақ гүлдер тобы

3 Лалагүл  тобы

1Алқызыл гүлдер тобының тапсырмасы, балалар сендер маған тақтадағы Ж дыбысының  баспаша жазылуын  мозайкамен жазып көрсетіңдер.

2Түймедақ гүлдер тобының тапсырмасы, балалар сендер жапсырмалы әріптерден  Ж әріпіне келетін  буын сөздер құрап беріңдер

3 Лалагүл тобының тапсырмасы, балалар сендерге кеспе әріптермен  сөз берілген сол сөздерді текшелермен дауысты, дауыссызға бөліп бересіңдер

Әр топ   өз тапсырмаларын орындайды .

Сергіту сәті; Қане балалар «Әліппи» әнін айтайықшы.

Ал  балалар  дәптерменен жұмыс бастайық. Балалардың дәптерменен жұмысын қадағалап  жеке баламен жұмыс жасау. Жарайсыңдар балалар . Балалар  мен сендердің  осы уақытқа дейінгі білімдеріңдң бір тексеріп көрейнші, Қазір қандай мезгіл ?

Балалар; Қыс мезгілі.

Балалар қыс несімен қызық?

Балалар; Қармен.

Балалар бізде қазір қар жаумай жатыр, ендеше өзіміз  қолдан қар жасайық. Мен сендерге ақ ұлпа қарлар беремін, сол қарларға әріптер, буындар , сөздер жазылған  апайлардың алдында үйшіктер бар, бірінші үйшікті әріпті қаршалармен, екінші үйшікті буын сөздермен, үшінші үйшікті сөздермен безендіреміз.   Жарайсыңдар балалар өте жақсы.

Қорытындылау.

Балалар бүгін қандай дыбыспен таныстық?Ж қандай дыбыс Ж әріпін басқа әріптердің ішінен тани аламыз ба?Жарайсыңдар.Ал балалар бүгінгі оқу қызметін өздерің бағалайсыңдар  алдарыңда күннің ,жаңбырдың бұлттың бейнесімен өз көңіл-күйлеріңді білдіресіңдер.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алиханова Баян

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Мектепалды даярлық сынып

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Талғар ауданы. Бесағаш ауылы №45 мектеп-гимназиясының МАД сыныбының жетекшісі Қазіргі білім беру жүйесінде балалардың тілдік дамуына ерекше назар аударылады. Жаңартылған білім беру мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда…

Махан Светлана Толыбайқызы 1 мин 66 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Отбасы құндылығы

Мектепалды сыныпқа арналған материалда отбасының адам өміріндегі орны, сыйластық, қамқорлық, сенім және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүрлер туралы айтылады.

Бесикбаева Лаззат Сериковна 1 мин 52 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Ойын және топтық әрекет арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Даярлық сынып мұғалімі Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицей Аннотация. Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйым жағдайында ойын және топтық әрекет арқылы балалардың коммуникативтік…

Сыздықова Гүлжан 5 мин 136 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Балалардың сөйлеу дағдысын арттырудағы АR және VR технологиялардың тиімділігі

Атырау обл Жылыой, ауданы Құлсары қаласы Тәрбиеші Елімізде білім беру саласында да мектепке дейінгі білім беру саласында да жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал…

Шегирова Шолпан Жумабергеновна 8 мин 149 оқылым