Мазмұнға өту

Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары.

Арайлым 4 мин оқу 168 оқылым

Манаспаева А.Е.

Тәрбие сағаты
Мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ — жауап
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер, слайд, деректі фильм.
Сынып сағатын Әнұранмен ашу
Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері.

Балалар бір-біріне жылы лебіздері мен тілектерін білдіреді.

Негізгі бөлім:

Біздің тұңғыш Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.
Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз! 1 - ші желтоқсан –Тұңғыш Президент күні. Парламент 1991 жылдың 1 - ші желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Қазір Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяынмен танысайық.
                                                     Өмірбаяны

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген.
Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы.
1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді.
1969 – 1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1977 – 79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы, 1979 – 84 жылдары Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984 – 89 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 – 91 ж. Қазақстан КП ОК - нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан – сәуір) болды.
Қазақстанның қайта құрылуы
Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі – 1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР - і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.
1991 ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады.
1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана).
«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» көптомдық кітапта жас мемлекеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұланғайыр еңбегін, дүниежүзілік қауымдастықтың осыны қалай мойындап отырғанын дәлелдейтін құжаттарға, дерекнамаларға негізделген.

Балалар ендеше, тұңғыш президентіміз туралы деректі фильмге назар аударайық.

Дерек фильмдерге сілтемелер: 

https://yadi.sk/d/GyJCv9-3JpfYyw
https://yadi.sk/d/Jd4DJwdq7eYl_w

KZ — Яндекс.Дискyadi.sk

Сергіту сәті:

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

Астана – елбасының ерлігі (слайд)

Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Ақмола, қазіргі Нұрсұлтан қаласы 1997 жылдан бері астана мәртебесіне ие. Осы күндері Астанада 1 миллионға жуық адам тұрады. 1998 жылы 10 - шілдеде Астананың халықаралық тұсаукесері болды. Сол жылы ЮНЕСКО - ның шешімі бойынша, Астанаға «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді.
Ерке Есілдің жағасында болашақ мыңжылдықтарға батыл қадам басқан жаңа Астананың бой көтергеніне уақыт шешімімен алғанда аз уақыт өтсе де, жас қала күннен күнге құлпырып, қанатын кең жайып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуекелшіл бастамасымен өмірге келген тәуелсіз еліміздің бас қаласы Астана бүгінде төрткүл дүниеге танымал әлем астаналарының қатарынан ойып орын алды. Тәуелсіз еліміздің тірегі мен жүрегіне айналған. Астана қаласы дүние жүзіне өзінің қайталанбас архитектуралық құрылыстарымен таңданыс тудырған мемлекетіміздің бас қаласы.

Ал енді балалар, бас қаламыз Нұрсұлтан қаласын ақ қағаз бетіне түсірейік.

Қорытынды:

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Балалар, сендерге бүгінгі тәрбие сағатымыз ұнадыма? Қазір алдыларыңда тұрған 3-түрлі алма арқылы бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.

«Жеміс ағашы» әдісі арқылы кері байланыс орнату.

«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға! Бүгінгі «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары.» атты сабағымыз аяқталды!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Арайлым

Автордың басқа материалдары

Университет

Табысқа жету жолы: Өмірлік жетістікке жету үшін мақсатқа ұмтылу неге маңызды?

Амирова Арайлым Абилханқызы Абылайхан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем тілдері университетінің 3 курс студенті Бүгінгі таңда әлемде табысты адамның бейнесі ерекше танымал десек артық етпес. Күнделікті…

Арайлым 94 оқылым 5 мин
Жалпы рубрика

Кризис 3 лет

Причины возникновения негативизма, кризиса 3 лет -упрямства, своеволия и других симптомов в поведении объясняются тем, что ребёнок начинает осознавать себя самостоятельной личностью и проявлять собственную волю.…

Арайлым 39 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Журналистика - менің болашағым

Алиева Арайлым Мамандық таңдау әрбір адамның ең басты, ең маңызды қадамдарының бірі болып табылады. Сол себепті, мамандық таңдауда дұрыс ойлану керек. Бастысы – өз сүйген мамандығын таңдау. Менің таңдаған мамандығым –…

Арайлым 32 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Дефектология

Дефектологтың жылдық жоспары 2026: қалай құрылады, бөлімдері және дайын үлгі

Дефектологтың жылдық жоспары дегеніміз не? Дефектологтың жылдық жоспары — арнайы педагогтың оқу жылы бойы атқаратын жұмысын жүйелеуге арналған жоспарлау құжаты. Жылдық жоспар арқылы маман өзінің негізгі жұмыс…

Bilimger Media 167 оқылым 7 мин
Дефектология

Дефектологтың құжаттары 2026: толық тізімі және дайын үлгілер

Дефектологтың құжаттары қандай? Дефектолог, яғни арнайы педагогтың жұмысы тек түзету-дамыту сабақтарын өткізумен шектелмейді. Мамандардың жұмысын дұрыс жоспарлау, білім алушылардың даму динамикасын бақылау және…

Bilimger Media 215 оқылым 8 мин
Дефектология

Дефектологтың құжаттары 2026: толық тізімі, үлгілері және дұрыс рәсімдеу тәртібі

Дефектологтың құжаттары дегеніміз не? Дефектологтың құжаттары – арнайы білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде және мектепке дейінгі ұйымдарда жұмыс істейтін дефектолог маманның кәсіби қызметін жоспарлау,…

Bilimger Media 289 оқылым 3 мин
Дефектология

Нейропсихологический подход в коррекционной работе с детьми с ЗПР, ЗРР и нарушениями слуха (слуховыми аппаратами икохлеарными имплантами).

Учитель-дефектолог, сурдопедагог, педагог-исследователь. Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции № 1" акимата города Астаны. АННОТАЦИЯ В статье представлен авторский опыт…

Нургазина Макпал Омирузаковна 74 оқылым 3 мин