Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Ыстық қой, әжелердің алақаны!» әжелер сайысы

Ақан Жадыра Серікбекқызы
4 мин оқу 155 оқылым

Ақан Жадыра Серікбекқызы
Әлеуметтік педагог

Мақсаты: Халқымыздың бойына ғасырлапсіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді  жаңғыртып, ұлағатты  қасиеттерді  сіңіріп,  үлгі   өнеге  алуға, шыншылдыққа   баулып,  ұлағатты  дәстүрді құрметтеуге,  әжелердің еңбегін  бағалауға дағдыландыру.

Жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар, ұстаздар және  оқушылар! Немере үшін ең мейірімді жан –әже. Ақ сүт берген аналардың  анасы –әже. «Жан жүрегім. Жарығым» деп немересін, шөбересін жүрегіне  теңейтін де әже.

Бүгінгі «Ыстық қой,әжелердің алақаны!»атты әжелер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер

Әжемнің саясында ер жеттім мен

Аялы ақ бесікте тербетілген

Әжемдей ақ ниетті абзал жанды

Таппаймын айналсам да жер бетінен

Сіздерді бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған әжелермен таныстыруға рұқсат етіңіздер

  1. Аспанға атып бөрікті.

Қыз келді деп көрікті

Қарап тұрсам әже екен.

Шақырайық Ардабекова Гүлсімді

  1. Бижанова Сәуле бала болған,

Бойжетіп, келін болып, ана болған.

Ұл өсіріп, қыз өсіріп әже болып

Немере сүйіп бұл күнде дана болған.

  1. Еңбекке қатты құмар бұл,

Талай биікке шығар бұл.

Ең жас әже әдепті

Бейсембаева Несіпханды

Жүргізуші:Құрметті әжелер, армысыздар,

Бәріңізде есен сау бармысыздар.

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде.

Үлкен – кіші жасыңыз,кәріңізде.

Келді міне, бүгін сын алуға,

Сын алып кішілерге үлгі болуға.

Салты бар өнерлі  осы ортады,

Берер деп әділқазы әділ баға. (Әдіқазы алқасымен таныстыру)

Сайыстың аты сайыс болғандықтан бүгінгі біздің ардақты әжелеріміздің  әділ бағасын беру үшін әділ қазылар  алқасын  таныстырып өтейік.

1.Мектеп директоры: М.М.Турысбеков

2.Көркем еңбек мұғалімі: С.Жумабекова

3.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: М.О.Айтқожина

Енді сайысымыздың шартымен танысайық

  1. «Мен Анамын, ұрпағын әлдилеген» таныстыру
  2. «Көтерейік көңілді ән-жырменен» өнерлерін көрсету
  3. «Әжелердің жеңсік тамағы-ай» тағам дайындап, түсіндіріп өту
  4. «Зерделінің ойы озық» әжелерге сұрақтар қойылып, жауап беру.

Жүргізуші:  Асқар тау, биігіміз сенсің әже

Жүрегін теңіздей кеңсің әже

Ұл қызын армансыз болар еді.

Мәңгілік сен бізбен бірге күлсең әже

Ендеше, I- сайысымызды бастаймыз

I кезең “Мен Анамын, ұрпағын әлдилеген» - дегендей сөз кезегі әжелерге беріледі.

(Әжелер өз өнерлерін көрсетед)

Жүргізуші: Әжем менің, жыр әжем,

Шуағы мол нұр әжем

Ақ таяққа сүйеніп

Аман есен жүр әжем.

II кезең «Көтерейік көңілді ән-жырменен» деп аталады. Бұл кезеңде әжелеріміз өз өнерлерін ортаға салады. (Әжелердің өнерлерін тамашалау)

Жүргізуші: Тентек болсам ашылып,

Жақсы іс қылсам асырып,

Маған сақтап жүреді,

Тәттісін де жасырып-демекші, келесі III кезең «Әжелердің жеңсік тағамы –ай» деп аталады. Мұнда әжелер өздері дайындап әкелген тағамы жайлы айтып түсіндіреді.

Жүргізуші: Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға,

Салт дәстүрі халқымның жалғасуда.

Қол өнер әдемі сәнділікпен.

Көз тартып ұрпақтарға алмасуда –дегендей біздің IV  кезеңіміз «Зерделінің ойы озық» деп аталады. Мұнда әжелеріміз билеттер алып, сол билеттегі сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар. 1- билет

  1. «Байғазы» дегеніміз не?
  2. Үш арсызды ата
  3. Ұйқасын тап:Өзінше ноян, қорқақ кім?
  4. 2-билет
  5. «Ерулік» деген не?
  6. Бес дұшпан
  7. Ұйқасын тап: Үні ғажап дүлдүл, бақта сайрар.......
  8. 3-билет
  9. «Сәлемдеме» деген не?
  10. Төрт қонақ
  11. Ұйқасын тап: Тұмсығымен шымшып, құрт тереді....

«Кім тапқыр» Әжелерімізбен бір ойын ойнасақ. Әжелерімізге бір әріпті таңдап, сұраққа сол әріптен басталатын сөзбен жауап береді.

  1. Немереңізді қалай еркелетесіз?
  2. Немереңіздің мінезі қандай?
  3. Сізге қандай сыйлық береді?
  4. Немереңізге қандай тамақ әзірлейсіз?
  5. Немереңіз болашақта кім болады?
  6. Үнемі айтатын ақылыңыз?

Жүргізіші: Мен өзіңмен қайда жүрсем біргемін

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Асыл сөзің жүрегімде жүр менің

Қандай бақытортамызда жүргенің деп сайысты қорытындылау үшін сөзді әділқазы алқаларына береміз.

Жүргізуші: Сіздерменен жадырайды өңіміз

Сіздерменен жарасады сәніміз

Аяулы әжем, асыл әжем, дана әжем

Сіздерге кеп бас иеді бар әлем! Деп бүгінгі «Ыстық қой, әжелердің алақаны!» атты әжелер сайысымыз  өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға , алтындай уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңызға мың да бір алғыс! Сау саламатта болыңыздар!

1-билет

  1. Байғазы — қазақ дәстүрінде үлкеннің кішіге, негізінен балаға беретін сыйлығы.Байғазыны, көбінесе, жасөспірім балалар, бойжеткен қыздар, бозбалалар жаңа киім кигенде, жаңа зат алғанда ағалары мен жеңгелерінен, әпке, әке-шеше, жанашыр жақын туыстарынан сұрайды.

Үлкендер Байғазы (ақша, малдың төлі, т.б.) берумен бірге құтты болсын айтып, ізгі тілек білдіреді.

  1. Үш арсыз; ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз
  2. Қоян

2- Билет

  1. Ерулік — жаңадан көшіп келген көршілерді үйге шақырып, дастархан жайып, қонақ қылу дәстүрі.

Тұрғылықты ауыл тұрғындары жаңа қонысқа көшіп келген отбасы сол ортаға тез үйренісіп, бір-бірімен жақын араласып кетуін ойлап, барынша көмек берген.

Ерулік асы қысқы соғымның сүбелі мүшелерінен, қазы-қарта, жал-жаядан пісірілген. Тіпті жаңа көршілерге қой сойған. Көшіп келгендер жас отау болса, оларға ыдыс-аяқ секілді тұрмысқа қажет заттарды сыйлаған.

  1. Бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
  2. Бұлбұл

3- билет

  1. Сәлемдеме— біреу арқылы сыбаға, кәде, сыйды арнайы беріп жіберу дәстүрі.

Жарасты әрі әдемі дәстүрдің бірі осы сәлемдеме. Ол адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тағамы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат, бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме келген адам жіберген адамға ақ батасын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады

  1. Қазақтың қонағы төрт түрлі болады: біріншісі – арнайы қонақ, екіншісі – құдайы қонақ, үшіншісі – қыдырма қонақ, төртіншісі – қылқыма қонақ.
  2. Шымшық

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ақан Жадыра Серікбекқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 145 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым