Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек?

Bilimger Media
3 мин оқу 675 оқылым

«Байжанов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: XXI –ғасыр қожасында қандай дағды
қалыптасу керек?

6 «Ә» сынып
Сынып жетекші: У.Сатжанова

2015-2016 оқу жылы

Тексерген ________________
Сыныбы 6 «Ә»
Пән мұғалімі : У. Сатжанова
Сабақтың тақырыбы : XXI –ғасыр қожасында қандай дағды қалыптасу керек.
Өткізілген уақыты : 01.03.2016 ж
Сабақтың мақсаты: 1. Жас жеткіншектерді рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптастыру.

2. Оқушылар бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат, адамгершілік пен адалдық сияқты қасиеттерді сіңіру, іскерлік дағдыларын дамыту.

3. Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: 1. Жас жеткіншектер рухани-адамгершілікке тәрбиеленеді, жалпы адами қасиеттерге ие болатын тұлға қалыптасады.

2. Оқушылар бойына ұлттық намыс пен рух, ақыл мен парасат, адамгершілік пен адалдық сияқты қасиеттерді сіңіреді.

3. Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатын азамат тәрбиеленеді.
Көрнекіліктер Интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, шаңырақ, алма ағашы, постер, маркер.

Кезең Уақыт Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
1. Білу 3 мин Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу
Жағымды ахуал туғызу
«Шаңырақ» - шаттық шеңбері.

Топқа бөлу Шаңырақ астынан түрлі-түсті лента таңдап бір-біріне «жақсы сөз жанымызды жадыратады»- деп тілектер айтады.
Конверт ішіндегі суреттер арқылы топқа бөлінеді.
Таныстыры-лым: 5 мин Елбасы: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық мемлекетінің нығайып, көркеюі, жолында жан теріңді аянбай жүріп еңбек ет. Жердің де елдің де, иесі екеніңді ұмытпа»,-дейді.Расында да, болашақта өз елінің қожасы да, иесі де өздеріңізсіздер. Сіздер жаңа ғасыр, жаңа мыңжылдықтың жас ұрпағы, егеменді еліміздің ертеңісіздер.
Бұл ғасыр - білім ғасыры. Еліміздің дамуы үшін Қазақстанды әлем танитындай бәсекеге қабілетті ел болу үшін бүгінгі жас ұрпақ –сіздер білімді, саналы, білікті болуларыңыз шарт. XXI –ғасырдың қожасы қандай болу керек? Әр оқушы алдына қойған мақсатына жету үшін өзін тәрбиелеу керек. Назар аудару.
Түсіну 10 мин 1. Білімді толқытыру.
2. Елжандылық.
3. Уақытпен есептесу.
4. Жауапкершілік
5. Сенім.
6. Мейрімділік.
7. Салауатты өмір салтын сақтау. Сұрақтарға жауап беру.
Түсіну 5 мин 6 сыныпта қазақ әдебиетінен Бердібек Соқпақпайовтың «Менің атым Қожа» повесін оқыдыңдар. Ал енді балалар! Ақылды, тентек, озат, оқушы, жазушы болам деген арманшыл аңғал қожаның образын көз алдыларыңызға елестетіңіздерші, бұл образ қалай да суйсіндірмей қоймайды. Ал қазір «Менің атым Қожа» филімінің үзіндісін тамашалайық.
Талдау 10 мин 1. Қожа «Құпия кеңес» өткізетін бөлмесінде қандай тұжырымға келеді?
Қожа алдына міндет қойып сол жолда мақсатына жетуге тырысады, өзін-өзі жазалай біледі, сынай біледі. Қожа –ақылды, әділ, мейірімді, сезімтал, парасатты.
Талдау XXI-ғасыр ұрпағының бойында осы қасиеттерінің барлығы табылуы керек.
Талдау 10 минут 1. Қожаның сотқар болуына себеп нәрселер.
2. Қожаның әдепті жолға түсуіне себеп нәрселер.
3. Қожаны Майқанованың, Жантастың ұнатпау себебі
4. Оспановтың, Жанардың Қожаны ұнату себебі. Қажетті сөздерді топтастыру.
Талдау Балалар, Қазақстан Республикамызды 20-30 жылдан кейін көз алдыларыңызға қалай елестетесіздер? Постермен жұмыс
Жинақтау Көрініс Қаһарман болу үшін

Қорытынды-лау
Мемлекетіміздің тарапынан жас ұрпақтың өз мақсатына жету үшін бірнеше жұмыстар атқарылып жатыр.
Н.Назарбаев «Үш тұғырлы тіл» идеясында: «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын», қазақ тілі -мемлекеттік тіл, орыс тілі -
ұлтаралық қатынас тілі, ал ағылшын тілі –халықаралық қатынас тілі. Сондықтан болашақта ағылшын тілі пәні мектептерге 1 сыныптан бастап кіргізілді. Қазақстанның көп қалаларында зияткерлік мектептер ашылып, оқушының жан-жақты білім алуына қолайлы жағдай жасалған.
Қорытынды-лау 5 мин Тұлға – білімді – елжанды –тәрбиелі - дені сау -парасатты.
Бағалау 1 мин
Оқушылардың сабақ барысында алған қорытынды бағаларын көшбасшыларына талдату
Бағаны күнделікке қойдырады.
Рефлекция 1 мин
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді алмаларға жазып, алма ағашына ілу арқылы көрсетіңдер! Оқушылар алмаларын көрсетеді

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Тәрбие сағаты

25 қазан Республика күні: тәрбие сағатының дайын сценарийі

25 қазан Республика күніне арналған тәрбие сағатының дайын сценарийі: мақсат, жүргізушілер сөзі, топтық тапсырмалар, тарихи мәлімет және рефлексия. Сыныпқа бейімдеп қолданыңыз.

Bilimger Media 3 мин 1 982 оқылым
Тәрбие сағаты

Білім күніне арналған тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: «Білім – болашақтың бастауы» Бағыты: Танымдық, патриоттық, тәрбиелік Сынып: 5–11 сыныптарға бейімдеуге болады Ұзақтығы: 40–45 минут Өткізу формасы: Тәрбие сағаты, пікір алмасу, сұрақ-жауап, шығармашылық…

Bilimger Media 7 мин 282 оқылым
Тәрбие сағаты

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне тәрбие сағаты мектепке

Тәрбие сағаты тақырыбы: «Тәуелсіздік — елдің тұғыры» Мереке: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Негізгі дата: 1991 жылғы 16 желтоқсан Мақсаты Оқушылардың тәуелсіздік құндылығын түсінуін арттыру, патриоттық…

Bilimger Media 4 мин 159 оқылым