Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bilimger Media
1 мин оқу 4 414 оқылым

Жасы сексеннен асып, қартайған бір ата бар еді. Сол кісі аяқ астынан зәр шығара алмай қатты қиналды. Балалары дереу жедел-жәрдем шақыртып, ауруханаға жеткізді. Тәжірибелі дәрігер ойланбастан іске кірісті. Сәлден соң жан қинаған зәр сыртқа шығып, атаның хәлі бірден жеңілдеп сала берді. Балалары дәрігерді жан-жағынан қаумалап, алғыстарын жаудырып, мақтап жатты. Сосын әкелеріне назар аударып еді, ол кісі егіл-тегіл жылап жатыр екен. Олар әкелерінің көңілін аулап: «Бәрі жақсы болды, бәрі артта қалды, енді неге жылап жатырсыз?» - деп сұрасты. Сонда ата жылауын тоқтатып былай деді: «Мына дәрігер бала маған бір рет көмек көрсетіп еді, оған алғыс жаудырып, құрметке бөледік. Оның қадірі мен орнын түсініп қалдық. Ал Аллаһ тағаланың маған сексен жыл бойы жеңілдік жасап келгеніне ойланбаппын. Осыншама уақыт бойы Өзінің жомарттығы мен кеңшілігіне сай, ешқандай операцияға мұқтаж қылмай, өз қажетімді өтеуге мүмкіндік беріп келіпті. Аллаһтың қадірін осы уақытқа дейін сезінбей келіппін» - деді. Расында, Аллаһтың нығметтеріне бойымыз үйреніп кеткені соншалықты, егер бізден біреу халымызды сұрай қалса: «Жаңа ешнәрсе жоқ», - деп жауап қатамыз. Нығметтерді үздіксіз пайдалана отыра есен-саулықтың жаңарып отыратынын сезінбейді екенбіз. Я, Раббымыз! Саған ауырмаған күндеріміздің баршасы үшін, есепсіз нығметтерің үшін шүкірлік әрі мақтау-мадақ арнаймыз!

Ақпарат көзі: http://asylarna.kz:81/maqala/maqalainfo/76
© «Асыл арна» рухани-ағартушылық телеарнасы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Ғибратты әңгімелер

Ақсақалдың даналығы

Ақсақал жас жігітке үлкен және ұсақ тастар мен құм арқылы өмірдегі маңызды құндылықтарды түсіндіреді. Әңгіме отбасы, денсаулық, достық пен уақытты бағалауға үндейді.

Меделбай Қарақат 2 мин 114 оқылым
Ғибратты әңгімелер

Құндылықтар қалай құлдырайды?

Ата немересіне шынайы құндылықтың мәнін, қайырымдылық пен адамдықтың маңызын және халыққа қызмет етудің адамды кемелдендіретінін түсіндіреді.

Айман 2 мин 1 274 оқылым
Ғибратты әңгімелер

Өлі теңіз қалай өлген?

Бала Өлі теңіздің атауына таңданып, әкесінен оның қалай өлгенін сұрайды. Әңгіме өзімшілдік пен сараңдықтың салдары туралы ой салады.

Bilimger Media 1 мин 2 972 оқылым