Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Меделбай Қарақат
2 мин оқу 114 оқылым

Меделбай Қарақа Дарханқызы

Бір ауылда бай әрі ақылды, дана ақсақал қария өмір сүріпті. Оның байлығы мен даналығын естіп, жан-жақтан адамдар келіп, одан ақыл-кеңес сұрапты.

Бір күні жас жігіт ақсақалға келіп, былай деп сұрапты:
— Ата, мен өз өмірімде көп қателіктер жіберіп жүрмін. Маған өмірдің мәнін түсіндіріп, қалай дұрыс жолда жүруді үйретіңізші.

Ақсақал жігітке күлімдеп қарап, жауап беріпті:
— Сенің сұрағыңа жауап бергенімді қаласаң, алдымен бір тапсырма орындауың керек.

Жігіт қызыға сұрапты:
— Қандай тапсырма, ата?

Ақсақал жігітке кішкене бос шыны ыдыс беріп, былай депті:
— Міне, осы ыдысты ал да, ауылдың шетіне барып, оны үлкен тастармен толтыр.

Жігіт тез арада тапсырманы орындап, үлкен тастарды ыдысқа салып келіпті.

Ақсақал:
— Енді, ыдыс толды ма?

— Иә, толды,- деді жігіт

Ақсақал күлімсіреп, тағы да тапсырма беріпті:
— Енді, сол ыдысқа ұсақ тастарды сал.

Жігіт тағы да ақсақалдың тапсырмасын орындап, ұсақ тастарды үлкен тастардың арасындағы бос орындарға толтырыпты.

Ақсақал тағы да сұрапты:
— Енді толды ма?

Жігіт ойланып:
— Иә, енді толды.

Ақсақал тағы бір тапсырма беріп:
— Енді осы ыдысқа құмды толтыр, — депті.

Жігіт құмды әкеліп, ыдыстың ішіндегі барлық бос орындарды толтырыпты.

Ақсақал соңында тағы да сұрапты:
— Енді толды ма?

Жігіт:
— Иә, енді нақты толды.

Ақсақал ақыры жауап беріпті:
— Міне, өмір де осындай. Үлкен тастар — сенің ең маңызды нәрселерің: отбасың, денсаулығың, достарың, бос уақытың. Егер сен оларды бірінші орынға қоймасаң, қалғандарының еш маңызы болмайды. Ұсақ тастар — жұмыс, үй, машина сияқты, бірақ үлкен тастардан кейінгі орында тұратын нәрселер. Ал құм болса ұсақ-түйек нәрселер: телефон, әлеуметтік желілер, ойындар. Егер сен өміріңді тек құммен толтыратын болсаң, үлкен тастарға орын қалмайды.Яғни отбасың, достарың, денсаулығың, бос уақытың өміріңідегі ең құнды қазыналарың. Осы қолда бар қазыналарыңды бағалап, қадірлей білсең сен өмірдегі ең бақытты жан боласың. Ал жұмысқа, машинаға, үйге барлығына сен дұрыс мақсат қоя білсең ғана жетесің!- деген екен.

Жігіт ақсақалдың ақыл-кеңесін түсініп, өз өміріне тура қарауға, дұрыс шешім қабылдауға бел буыпты.

Осы әңгімеден кейін жас жігіттің өмірі біршама өзгерген екен. Ол өмірдің құндылығын түсініп, ақылды, бай қуатты тұлға болыпты.

Авторы
Меделбай Қарақат Дарханқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Меделбай Қарақат

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Цифрлық дәуірде білім беру: Онлайн оқытудың артықшылықтары мен кемшіліктері

Мақалада онлайн оқытудың қолжетімділік, икемділік және шығынды азайту сияқты артықшылықтары, сондай-ақ білім сапасы, әлеуметтік байланыс пен техникаға қатысты кемшіліктері қарастырылады.

Меделбай Қарақат 2 мин 124 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Ғибратты әңгімелер

Құндылықтар қалай құлдырайды?

Ата немересіне шынайы құндылықтың мәнін, қайырымдылық пен адамдықтың маңызын және халыққа қызмет етудің адамды кемелдендіретінін түсіндіреді.

Айман 2 мин 1 274 оқылым
Ғибратты әңгімелер

Өлі теңіз қалай өлген?

Бала Өлі теңіздің атауына таңданып, әкесінен оның қалай өлгенін сұрайды. Әңгіме өзімшілдік пен сараңдықтың салдары туралы ой салады.

Bilimger Media 1 мин 2 972 оқылым
Ғибратты әңгімелер

Үздіксіз нығмет

Сексеннен асқан атаның оқиғасы денсаулық пен есендіктің қадірін, күнделікті нығметтерге шүкір етудің маңызын еске салады.

Bilimger Media 1 мин 4 414 оқылым