Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұялы телефоннан қалай ажыраймыз?

Bilimger Media
2 мин оқу 45 оқылым

Құрмаш Нұрқұйған

Сананы тұтқынға алған экранмен қоштасу жолдары

Қазіргі адамның ең жақын досы да, ең қауіпті жауы да — ұялы телефон. Ол бізді әлеммен байланыстырады, білім береді, жұмысты оңайлатады. Бірақ дәл осы кішкентай құрылғы кейде біздің уақытымызды, күш-қуатымызды, шынайы өмірден алған ләззатты ұрлап алады.

Байқап қараңызшы: автобус күтіп тұрғанда, кезекте тұрғанда, достармен кездескенде, тіпті тамақ ішіп отырғанда қолымыз автоматты түрде телефонға ұмтылады. Оны қолданбай бір сәт отырсақ, өзімізді біртүрлі сезінеміз. Бұл — цифрлық тәуелділік деп аталады.

Неге телефоннан ажырау қиын?

Біз телефонды тек байланыс құралы деп ойлаймыз. Ал шын мәнінде ол — ойын-сауық, жұмыс, оқу, әлеуметтік өмір, тіпті жалғыздықтан қашу тәсіліне айналып кеткен.

Қосымшалар, әлеуметтік желілер арнайы алгоритмдер арқылы біздің назарымызды мүмкіндігінше ұзақ ұстап тұруға тырысады. Әр хабарлама, әр жаңа лайк немесе пікір — миға ләззат сыйлайтын «сыйлық» секілді әсер етеді.

Ұялы телефонның зияны қандай?

📍 Уақыт жоғалту — өмірдің орнына экран алдында күн өткізу.

📍 Шаршау мен күйзеліс — үздіксіз ақпарат ағыны миды қажытады.

📍 Қарым-қатынастың үзілуі — шынайы әңгімелердің орнына виртуалды байланыс.

📍 Шоғырланудың төмендеуі — жұмыс пен оқуда өнімділіктің азаюы.

Енді не істеу керек?

Телефоннан толық бас тарту мүмкін емес, бірақ оның өмірімізге деген бақылауын азайтуға болады.

1. Уақыт шектеуін қойыңыз

Көптеген смартфондарда Screen Time, Digital Wellbeing сияқты функциялар бар. Қай қосымшаға қанша уақыт кетіп жатқанын бақылап, өзіңізге күндік лимит қойыңыз.

2. «Тыныштық режимін» қолданыңыз

Барлық хабарламалар міндетті түрде бірден қаралуы керек емес. Ескертпелерді өшіріп, телефонды түнде басқа бөлмеде қалдырыңыз.

3. Телефонсыз уақыт жоспарлаңыз

Күніне кем дегенде 1–2 сағатты телефонсыз өткізіңіз. Мысалы, таңғы ас, кітап оқу, серуендеу кезінде.

4. Шынайы өмірге мән беріңіз

Достарыңызбен, отбасыңызбен кездескенде телефонды шетке қойып, әңгімеге толық көңіл бөліңіз. Бұл сәттер ешқандай экранмен алмастырылмайды.

5. Жаңа хобби табыңыз Телефоннан бас тарту үшін оның орнын басқа пайдалы іспен толтырыңыз: спортпен айналысыңыз, сурет салыңыз, музыка тыңдаңыз, табиғатқа шығыңыз. Қортындылай келе телефон — біздің дұшпанымыз емес. Бірақ ол өміріміздің толық иесі болуға тиіс емес. Біз телефонды басқарамыз ба, әлде ол бізді басқара ма — бұл сұрақтың жауабын әрқайсымыз өзіміз шешеміз.

Өміріңізде телефонсыз да әдемі сәттер бар екенін ұмытпаңыз. Экраннан бас көтеріп, айналаңызға қараңызшы: сізді шынайы әлем, тірі адамдар және ұмытылмас әсерлер күтіп тұр.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым