Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұұ дыбысы мен әрпі

Бегасилова Мейрамкүл
2 мин оқу 673 оқылым

Бегасилова Мейрамкүл

Мақсаты: а/ Балаларға Ұ дыбысы мен әрпін таныстыру,ұ әрпінің жазылуы

мен оқылуын меңгерту.

ә/ Балалардың сөздік қорын және ойлау қабілетін  дамыту.

б/ Ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа,тазалыққа үйрету.

Әдіс-тәсілі: Ой-қозғау,сұрақ –жауап, түсіндіру.

Көрнекіліктері: Кеспе әріптер,суреттер.

Өткенді қайталау

- Әріп дегеніміз не?

- Дыбыс деп нені айтамыз?

- Дыбыс нешеге бөлінеді?

-Өткен ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қандай дыбыспен таныстық ?

-Дұрыс айтасыңдар. Қ дыбысымен

- Қ дыбысы қандай дыбыс ? Өткен әріптерден  сөз ойлап айтайық.

Жұмбақ

Ұл,ұлу ұшақтың

Басын бастап беремін.

Құс ,жұмыртқа,бұтақтың

Ортасында келемін. / ұ әрпі /

Ұ дыбысының айтылуы .Ұс-ұс – ұс  Қарлығаш- киелі құс

Олай болса ,балалар,ұ дыбысы қандай дыбыс екен?  / Слайд/

-Дұрыс ,айтасыңдар дауысты дыбыс. Өйткені жуан және созылып айтылады.

Ұ дыбысын қызыл текшемен белгілейміз.

Ұ дыбысы сөздің басында және ортасында кездеседі.

Ойын : «Кім шапшаң?» Буындардан сөз құра.

Бұ –лақ, Құ-лақ,ұ-шақ, құ-шақ, қа-сық, тор-сық.

Тақпақтар

Ұлан біздің ұқыпты

Ұстаз сөзін ұғыпты.

Ұлар,ұзақ торғайдын

Ұяларын қорғайды.                        Мағжан

Ұлпабастың басында

Ұлу шықты асыға

Ұстап алмақ боп оны,

Ұзақ қонды қасына

Ұмтылғанда ол енді

Ұлу қашты жөнелді               Ернұр

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане, қанат қағайық.

Қарлығаш боп  ұшайық

Ұшып,ұшып алайық.            Айқын

Мақал-мәтелдер

1Әкесіне тартып ұл тумас,

Шешесіне қарап қыз тумас.

2 Ата-ананың қарызы,

Ұрпақтың өмірлік парызы

3 Тіл мәртебесі – ел  мәртебесі

4 Тіл ақылдың өлшемі

5 Тіл жүйрік емес,ой жүйрік

6 Ата-баланың қорғаны

Бала-ананың бауыр еті.

Суретке қарап әңгіме құра.

Суретте ұзақ құсы .Суреттің астында керекті сөздер берілген,осы сөздерді пайдаланып,әңгіме құрамыз. Ұзақ жыл құсы.Көктемде ұзақ құсы келсе  қарттарымыз қуанады екен.Көктем келді деп. Ұзақ егістіктегі зиянды жәндіктерді жеп адам баласына пайдасын келтіреді.

Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті. «Ұшты-ұшты» ойыны.

Ұшты-ұшты қарға ұшты

Ұшты-ұшты етік ұшты

Ұшты-ұшты кітап ұшты.

«Басталдақ» ойыны

Ұн

Ұлу

Ұшақ

Ұшқыш

«Жоғалған әріптер»ойыны

1 ұшақ   2   тікұшақ

3 сұрақ     4  құлақ

5 ұшқыш  6  бұлт

Қорытындылау.

Бүгін біз не үйрендік ?

Қандай жаңа сөздер,пайдалы кеңестер үйрендік?

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бегасилова Мейрамкүл

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Мектепалды даярлық сынып

Жаңартылған білім беру мазмұны аясында мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Талғар ауданы. Бесағаш ауылы №45 мектеп-гимназиясының МАД сыныбының жетекшісі Қазіргі білім беру жүйесінде балалардың тілдік дамуына ерекше назар аударылады. Жаңартылған білім беру мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда…

Махан Светлана Толыбайқызы 1 мин 66 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Отбасы құндылығы

Мектепалды сыныпқа арналған материалда отбасының адам өміріндегі орны, сыйластық, қамқорлық, сенім және ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан дәстүрлер туралы айтылады.

Бесикбаева Лаззат Сериковна 1 мин 52 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Ойын және топтық әрекет арқылы коммуникативтік дағдыларды дамыту.

Даярлық сынып мұғалімі Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп-лицей Аннотация. Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйым жағдайында ойын және топтық әрекет арқылы балалардың коммуникативтік…

Сыздықова Гүлжан 5 мин 136 оқылым
Мектепалды даярлық сынып

Балалардың сөйлеу дағдысын арттырудағы АR және VR технологиялардың тиімділігі

Атырау обл Жылыой, ауданы Құлсары қаласы Тәрбиеші Елімізде білім беру саласында да мектепке дейінгі білім беру саласында да жаңа ақпараттық технологияларды қолдану басты мақсат болып отыр.Ол тек қана техникалық құрал…

Шегирова Шолпан Жумабергеновна 8 мин 149 оқылым