Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Ұстаз» деген ұлы істің мәнін білдім!

Гумаров Кайрат Катепович
2 мин оқу 603 оқылым

Гумаров Кайрат Катепович

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға,- деген өлең жолдары менің ұстаздық еңбек жолыма, жаратылысыма тән.

Мен өзімнің ұстаздар әулетінен шыққанымды мақтан етемін, себебі, алғаш мектеп табалдырығын аттап, алғаш рет қолыма қалам ұстаған күннен бастап, менің арманым мұғалім болу еді. Қазір мен өз арманыма жеттім деп ойлаймын, себебі ұстаздардың ұстазы, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, мектеп директоры болған әкеме және де алғаш қалам ұстатқан ұстаздарыма алғысым шексіз.Мұғалімнің бейімділігі, дарындылығы көбінесе оқушының тағдырын шешеді. «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл, ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» дейді қазақ. Бұл басқа емес, дәл педагог мамандығына арнап айтылған мақал.  Балаларға ұстаздық жасайтын адамның бойында өз мамандығына берілген, бар қуатын балаларға сарқып бере алатын, онымен бірге қуана да, қайғыра да білетін барлық асыл қасиеттер болу қажет. Менің ойымша, ұстаз болу - кез-келген адамның қолынан келе бермейді. Мен ұстаздарымды, ата-анамды  «нағыз ұстаз» деп айта аламын және олардың жолын қуып өзімнің де ұстаз болғаныма қуанамын.

Балалар мен ауыл  тұрғындары    менің жаңалықтарыма, жаңа тәжірибеме қызығушылықпен қарады. Осылайша менің бірінші ұстанымым пайда болды: балаларға білім беру үшін, бірінші өзің оқуың  керек, балаларға тәрбие беру үшін, тәрбиені өзіңнен бастауың қажет, балаларды дамыту үшін, әрдайым өзің іздену, даму үстінде болуым қажет сонда ғана осы мамандыққа лайықтымын  деп санадым. Бәрі бірден жақсы болып кете қойған жоқ. Өзім тәрбиеші, өзім әдіскер, өзім меңгеруші бола жүріп  жас жеткіншектерге білім бастауын үйретуден жалықпадым. Білімімді ұштау мақсатында жарыстарға, байқауларға  қатыстым. Алдыма қойған мақсатым: талабына сай баланың психололгиялық ерекшеліктері мен табиғи қабілеттерін ескере отырып, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, балалардың оқу іс-әрекетіне ынта-ықыласын арттыру, ой-өрісін, логикалық ойлау дәрежесін кеңейту арқылы шығармашылық қабілетін арттыру, экологиялық, эстетикалық, халықтық педагогикалық тәрбие беру.
Осы мамандыққа лайықтылығымның айнасы ретінде, жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жолындағы мына көрсеткіштерімді атап өткім келеді.

Өзімнің  алдағы 30 жыл іс-тәжірибелік жұмысымның нәтижесінде балаларымның білім сапасының артуына, тәрбиелік жұмысымның нәтижесінде балаларымның шығармашылық қабілеттері мен табиғи дарындары жетіле түсуіне қол жеткіздім.

Менің  ұстанымым: өзіңді  сүйе біл, отбасыңды, жақындарыңды, өміріңнің көп уақыты бірге өтетін қызметтестеріңді құрметтей біл!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Гумаров Кайрат Катепович

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым