Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

3 мин оқу 1 174 оқылым

Шманова Әйгерім Маратқызы,

«Ақерке» бөбекжай - балабақшасының тәрбиешісі.

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Үш аю» ертегісі

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын сақыналау арқылы түсіндіру, ертегіге деген   қызығушылығын арттыру, ертегіні тыңдай отырып сөздік қорын молайту. Ертегіні  сақыналауға бейімдеу. Балаларды адамгершілікке, адалдыққа, бірін – бірі сыйлауға үйрету. Өзіне берілген рөлді дұрыс дауыс ырғағымен ойнауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үйшік, орман, талдар, орындық, киіпкерлер, төсек орны, ботқа ыдыстары, себет, үнтаспа.

Айгерім:

 Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар, балғын балалар!?

Барлығын бермен қараңдар!

Аюлар жайлы ертегі, сендерге  сыр шертеді.

Ең қызық  ертегіні сахнаға енгіздік.

Баяндайын көріңдер,  өзбағасын беріңдер.

Автор:  Ерте, ерте, ертеде атай мен әжей болыпты, олардың Маша деген немересі бар екен.  Бір күні Маша.

Маша: Әже орманнан жидек теріп қайтайыншы.

Әжесі: Жақсы бара ғой қызым, тек алысқа ұзама, тез қайтып кел.

Маша: Жарайды әже.

Автор: Маша орманда жидек теріп, өлең айтып жүргенде адасып кетеді.

Қайтар жолды  таба алмай жылайды, қарны ашады, шөлдейді, шаршайды, ұйқысы келеді.

Маша: Ата, әже қайдасыңдар?  Маған көмектесіңіздерші.

Автор: Маша жолды іздеп таба алмай, орманда тұрған  бір үйшікке кезігеді. Атасы мен әжесі күте – күте шаршайды

Маша: Үйшікте кім тұрады?

Автор:  деп айқайлайды, еш дыбыс естілмейді. Үйге кірсе ешкім жоқ. Бұл үйде аюлар мекендейтін. Әкесі, анасы, баласы. Маша дастарханда тұрған үш табақ боқаны көреді. Үлкен табақ әкесінікі, орташа табақ анасынікі, ал кішкене табақ қонжықтікі еді. Маша үлкен табақтағы, одан кейін орташа табақтағы ботқаны жеп еді дәмі ұнамады. Ал кішкене табақтағыны жеп көріп еді ұнап қалады. Қыздың қарны аш еді. Енді ол отырып тамақтану үшін өзіне орындық таңдайды. Ең үлкені – әкесінікі, одан кішірегі -анасыныкі, ал үшіншісі – қонжықтікі. Кішкентай қыз ең үлкен орындыққа шығып, одан құлап түседі. Ортаншысына мініп еді, ыңғайсыз көрінеді. Көңілінен шыққан тек үшінші орындық болады. Қыз қонжықтың орындығына отырып, табақтағы тамақты ішіп алады. Қарны тойған ол кішкентай орындықты ары – бері шайқап ойнайды. Ақырында оны құлатып, өзі жерге құлайды. Маша орнынан тұрып, келесі бөлмеге кіреді. Бұл жерде үш төсек бар екен. Ең үлкені –әкесінікі, ортаншысы – анасыныкі, ал үшіншісі – қонжықтікі. Маша  ең үлкен төсекке шығады. Бұл оған тым үлкендік жасайды. Одан түсіп,  ортаншысына жатады. Ол биік көрінеді. Ыңғайлы болғаны – үшінші төсек. Қатты шаршаған  Маша осы қонжықтың орнына жатып, тәтті ұйқыға батады. Бір мезгілде аюлар үйлеріне оралады. Шаршап келген аюлар асын ішпек болады.

Әкесі: Біздің үйге біреу кірген сияқты, адамның исі шығады.

Автор: Осылайша аюлар байқап қалады. (Өз тамағын көрген аюдың әкесі)

Әкесі: Менің тамағыма кім тиіскен?

Анасы: Менің ботқамдыда татып көріпті.

Қонжық:  Ой,  менің ботқамды түгелдей жеп қойыпты.

Автор: деп шәңк – шәңк етеді. Аюлар ұйықтайтын бөлмелеріне кірсе.

Әкесі: Менің төсегіме кім жатпақ болды?

Анасы: Менің төсегімдіде умаждап тастапты.

Қонжық:  Ой, менің төсегімде біреу жатыр ғой, міне жатыр ұстаңдар.

Автор: аюлардың даусынан шошып оянған Маша қорқып кетеді.

Маша:  Мен  атаммен әжемнен сұранып  орманға жидек теруге шыққам адасып кеттім. Мені жемеңдерші мен сендерге тақпақ айтып беремін.

Аюлар: жарайды.

Маша:

Қорбаңдаған аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп, теріп алайық,

Қалтамызға салайық.

Аюлар: Маша, орманда жалғыз жүруге болмайды. Біз сені ата, әжеңе алып барайық.

Автор: Аюлар Машаны атасы мен әжесіне алып келеді.

Атасы, әжесі: Рахмет, сендерге аюлар, келіңдер бәріміз дос болайық.

Автор: Сүйтіп, барлығы дос болып, тату – тәтті өмір сүріпті.

Ән: «Ертегілер»

Қортынды: Балалар сендерге ертегі ұнады ма?

Ертегі не жайында?

Ормандағы үйшік кімнің үйшігі екен?

(кейіпкерлерді хабарлап айту) тыңдағандарыңызға рахмет!

Авторы
Шманова Әйгерім Маратқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 891 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 19 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 108 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 84 оқылым