Балсекер Еркеназ Алматқызы
Семей қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы жаңа форматта ұйымдастырылды. Мектеп сахнасында Семей шаһары «№ 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ардагерлері өнерлерін паш етті.
Еске сала кетсек, сәуір айының соңында оқу орнының шәкірттері орталыққа арнайы концерттік бағдарламамен барып, қарттардың көңілін сергітіп қайтқан болатын. Бұл жолы іргелі бастама NIS шаңырағында жалғасты.
Әуелі ата-әжелеріміз мектеп қабырғасына саяхат жасап, оқу орнымен кеңірек танысты. Кейінірек шәкірттеріміз зейнеткерлер әзірлеген концерттік кештің куәгері болды.
- Бүгін сіздерге қонақ болып келіп қалдық. Мақсатымыз – жасөспірімдердің бойына салт-дәстүр, қазақилығымызды сіңіріп, ұрпақтар байланысының озық үлгісін көрсету. Орталыққа келетін барлық ата-әжелеріміз өнерден алыс емес. Бүгін өнер көрсеткен ең үлкен қариямыз 80 жаста. Осындай мүмкіндіктер үшін мектеп ұжымына, «Алтай» шаңырағына және ұйым жетекшісіне алғыс білдіреміз, - деді № 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының музыкалық жетекшісі Еркежан Темірбекқызы.
Кеш соңында мектеп директоры Наркен Буркенов қонақтарға алғыс хат пен оқушылар дайындаған туындыларды табыстап, ризашылығын білдірді. Қос тарап бұл жобаның әлі талай жалғасын табатына уағдаласты.
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/urpaqtar-sabaqtastygy-zhalgasuda
Осы материал бойынша
AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.
Балсекер Еркеназ Алматқызы
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.