Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлы Жібек жолының рухани мұрасы: XII Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі

Бибинур
1 мин оқу 32 оқылым

Қараша айының 20 - ы күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Атакент-Экспо» халықаралық көрме компаниясы ұйымдастырған «Ұлы Жібек Жолымен – 2024» XII халықаралық кітап және полиграфия көрмесі өткен болатын. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген кітап баспалары мен полиграфиялық мамандар үшін маңызды алаңға айналып, іс-шараға Қазақстан, Германия, Ресей, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Иран елдерінен баспагерлер, полиграфиялық компаниялар мен кітапханалар және беделді ақын, жазушыларда қатысты.

Ұлы Жібек жолы бойында кітап мәдениеті мен полиграфияның дамуы маңызды рөл атқаратыны сонша, қолжазбалар, кітаптар және ғалымдардың еңбектері көпшілікке таралып, олар бүкіл әлемге мәдени және ғылыми құндылықтарды жеткізіп отыр. Самарқанд, Бұқар, Ташкент сияқты қалалар кітап басудың орталықтарына айналып, онда ұлы ғалымдар мен жазушылар еңбектері жазылып, көпшілікке кеңінен таралу үстінде.
XII Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі — бұл әлемдік кітап баспасы мен полиграфия өнерінің үздік үлгілерін көрсетуге бағытталған маңызды шара. Көрме әр жыл сайын әлемнің түкпір-түкпірінен келген кітап баспалары, полиграфиялық компаниялар, шығармашылық топтар мен кітап шығарушыларды жинайды. Бұл шараның басты мақсаты — кітап өнері мен баспа өндірісіндегі жаңа тенденциялар мен технологияларды насихаттау, сонымен қатар Ұлы Жібек жолының рухани мұрасын сақтап, қазіргі уақытта да мәдени құндылықтарды насихаттау.
Көрмеде «Атамұра», «Алматыкітап», «Мектеп», «Arman-PV», «Дарын», «Адал Кітап», «Smart University» секілді Қазақстанның жетекші баспаларының жаңадан шыққан кітаптарының тұсаукесерлері кесілді.

Көрмеде полиграфия саласындағы соңғы жетістіктер мен кітап басу өнеріндегі инновациялар таныстырылып, кітап мәдениетінің дамуындағы жаңа үрдістер мен бағыттар талқыланды. Сонымен қатар, бұл шара әлемнің әр түрлі елдерінен келген мамандар мен қатысушыларға өзара тәжірибе алмасуға, жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік береді. Әлемдік әдебиет пен кітап басу саласының соңғы жаңалықтарын таныстыру арқылы, бұл көрме тек мәдениеттің дамуына үлес қосып қана қоймай, сонымен қатар ұлы тарихымызды сақтап, оны болашақ ұрпаққа жеткізуге арналған маңызды алаңға айналды.

Бибінұр Құлмаханбетқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Бибинур

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Мәтіндегі қате медиаэтикасын бұзады

Материалда медиаэтика қағидалары және жалған ақпараттың қоғам сеніміне, әлеуметтік тұрақтылыққа, адам құқықтарына ықпалы қарастырылады.

Бибинур 4 мин 38 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 55 оқылым