Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

Аттестацияға не керек екенін білесіз бе?Аттестацияға дайынсыз ба? Лауазымыңызды таңдаңыз — жеке талаптар тізімі 5 минуттаЖеке тізім 5 минутта Тегін тексеру
Bilimger Media
3 мин оқу 452 оқылым

Мақсаты:  Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, соғыстан оралған, қазіргі кезде арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Бейне жазба, ермексаз, қағаздан құрастырылған танка, слайд, көгершін бейнеленген сурет.

Шаттық шеңбері: Сиқырлы айнадан

Өзімді көрермін.

Бақыттан жайнаған.

Көзімді көремін.

Дыбыстық жазба: Сүйінші Халқым, сүйінші

Беліңді бекем  буыншы,

Жеңдік жауды күйрете

Жасалған той мереке.

Ішке Туу кіргізіледі.

Балалар біз бүгін қандай мерекені атап өткелі жатырмыз?

Жеңіс күні 9-мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Слайд: Батырлар туралы.

-Алия асқан мерген болса, Мәншүк әпкеміз пулеметші болған, ал Бауыржан атамыз атақты қолбасшы командир болған, ал асқан ерлікпен  Ленинградқа отан үшін деп туу тікен Рақымжан атамыз.

Балалар халқымыздың батыр ұл – қыздары туралы тақпақ білесіңдер ме?

Амира – Назерке: Мәншүк апай батыр қыз

Ардақтаймыз атын біз

Ұқсап Мәншүк апайға

Өсіп келе жатырмыз

Салман – Інжу: Жеңіс күні құтты болсын

Құтты болсын, аталар

Ұмытпайды ешқашанда

Жауынгерді балалар

Раушан – Сая: Алияны бұл күнде

Барлық бала біледі

Алия атты көңілде

Әпкеміз деп жүреді.

Мансұр – Бернар: Ол жеңісті көрген жоқ

Келді кейін азат күн

Бірақ мәңгі өлген жоқ

Батыр қызы қазақтың

Інжу: Үстінде сүр шинелі

Дулығысы болаттан

Мәншүк апке күні-түні

Д/ойын: «Көгершін»

Мақсаты: Дәстүрден тыс әдіс тәсілдерді қолдана отырып шығармашылық қабілетін дамыту.

Портфолиоға қандай құжат керек — шатасып жүрсіз бе?Портфолиоға не керек? Санатыңызды таңдаңыз: әр талап қарапайым тілмен, бар-жоғын белгілеп, папканы басып шығарасызЖеке тізім · дайын папка Тізімді алу

Сергіту сәті: Бейне таспа

Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Тәрбиеші:Балалар тағы да Жеңіс туралы тақпақтарымызды айтайық:

Жұлдыз – Алина: Сонау жылы жер көкті

Соғыс бұлты торлаған

Сонда Мәншүк апкеміз

Жаудан елің қорғаған

Мирас – Алихан: Қайтпаған дауылдан

Кек алған жауынан

Халқымның қастерлі

Жайсаңы Бауыржан

Бағдаулет – Ерасыл: Қазақтың қамы үшін

Жүрегі ауырған

Елімнің намысын

Қорғаған Бауыржан

Нұрайым – Еңлік: Ақниетті алтын күн

Асқақ арман қыраны

Жалауы бұл халқымның

Мәртебесі мақсаты

Қасым – Кәусар: Жеңіс келді ән болып

Келді ауылға сән болып

Жеңіс келді алақай

Тоя жейтін нан болып

Тәрбиеші: Ендігі кезекті көріске береміз: Алия мен Мәншүк соғысқа аттануда. Апасы туған-туыстары шығарып салуда.

Апасы: Қош, қарағым қош!

Мәншүк:Апа, әлі-ақ жауды жеңіп ораламыз

Апасы: Аллам, жар бола гөр!

Тәрбиеші: Міне, соғыс осылайша өз дегенін істеуде. Майданға Әлия мен Мәншүктей өрімдей қыздар жас бозбалалар аттанып жатты.

Алия: Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік

Жерге бақыт, елге бақыт тіледік.

Отан ана, отқа күйіп жатқанда

Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік.

Мәншүк: Отан ана жылағанда шерленіп

Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт

Қара бұлтты қақ жарамыз дедік те

Қолымызға қару алдық ерленіп.

Д/ойын: «Танка»

Мақсаты: Балаларды Ұлы Отан соғысындағы көліктермен таныстыру. Ұлы Отан соғысы туралы түсінік беру.

Тәрбиеші: Балалар біздер соғысқа барып батыр болмайық! Біздер бейбіт елдің батыры болайық! Әрқашан еліміз, жеріміз тыныш болсын. – деп бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз.

Қатысушы туралы мәлімет

Қатысушышының аты - жөні Облысы,ауданы,ауылы Жұмыс орны мамандығы
Ерланқызы

Нурбану

Маңғыстау облысы,Қарақия ауданы,Құрық ауылы МКҚК «Болашақ» балабақшасы    Тәрбиеші
Модератор не сарапшы санатына дайындаласыз ба?Санатқа дайындаласыз ба? Талаптар тізімі, портфолио папкасы, өтініш пен эссе үлгілері — бір жердеТізім · папка · үлгілер Тегін бастау
Авторы
Ерланқызы Нурбану

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Білім мен ғылымның үйлесімі: болашақты қалыптастыратын білім ордасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесінің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің басты мақсаты – кәсіби білімі…

Бахыткуль Майбазарова 4 мин 10 оқылым
Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 12 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 41 оқылым