Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР-ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Арманқызы Айлана
1 мин оқу 120 оқылым

Біздің ата-бабамыз ежелден бала тәрбиесіне, жалпы адам тәрбиесіне терең мән беріп келеді. «Тәрбие басы тал бесіктен» демекші, шыр етіп өмірге келген бала кезімізден біздің бойымызға тәрбиені сіңіреді. Халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері ғасырдан бері жинақталып келе жатқан алтын қазығымыз. Ұлттық құндылықтарымыздың бірегейі халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері. Қазіргі таңда саналы ұрпақ тәрбиесі болашағымыз үшін ең асыл мұра, ең қымбат құндылығымыз болып саналады.

Өскелең ұрпақты, шәкірттерді ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Ата –бабамыз тәрбиенің  діңгегі осы құндылықтарда жатыр деп өсиет айтқан. «Жас бала шыбық тәріздес, оны қалай иетін болсаң сол қалпы өсе береді», - деп айтпақшы, тәрбиенің берілетін балалық кезіміздегі маңызы зор. Отбасында, мектеп қабырғасында алатын білім мен тәрбиенің орны бөлек. Расымен де балаға дұрыс тәлім-тәрбие беру ұлттық құндылықтардан бастау алады. Ал отбасы тәрбиесінде ұлттық құндылықтарға қанық болып өскен баланың ұстанымы мықты болады десем қателескенім емес.  

Ұлттық құндылық дегеніміз - әр ұлттың тек өзіне тән мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, өнері, әдеби мұрасы, ұлттық ойындары, ұлттық идеологиясы. Ұлттық құндылықтар жойылмауы үшін, ұлттық тәрбиені ұлықтау қажет. Ұлттық тәрбие– халықтың салт–дәстүр, ана–тілі, төл мәдениеті негізінде берілетін тәрбие. Жоғарыда айтылғандай, әрбір адам өзінен бастау қажет. Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, заман талабына сай білім беру керектігін естен шығармаған жөн.

Қорыта айтқанда, біз, жас ұрпақ, болашағымыз жарқын болуы үшін, ұлттық құндылықтарды бойымызға сіңіріп, нағыз азамат қатарынан көрінуге ат салысамыз. Ол үшін, әрине, білім алуымыз қажет, тәрбиемен сусындауымыз мақсат. Ата-абабамыздан қалған ұлттық мұраларымызды қадірлеу біздің ұрпақтық парызымыз екенін естен шығармау керек. Ендеше,  ұрпаққа мирас болып қалған асыл мұрамыз құндылықт арымызды  үнемі қастерлеп, естен шығармайық!

Арманқызы Айлана

Жамбыл облысы, Қордай ауданы

А.Байтұрсынұлы орта мектебінің

6 «А» сынып оқу

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Арманқызы Айлана

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 57 оқылым