Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ұлттық қор - балаларға бағдарламасы

Делназ
2 мин оқу 26 оқылым

Қазақ елінің дамуы өскелең ұрпақтың қолында. Ал саналы ұрпақ тәрбиелеп, олардың жағдайын жасайтын біз. Балаларға мемлекеттің қамқорлығы, жан-жақты жағдай жасауы өте маңызды. Осы орайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлттық қор – балаларға" атты жобасын ұсынды. Бұл бастама ел болашағының дамуына, еліміздің азаматтарының болашағы жарқын болуына жасалған үлкен қадам деп білеміз.  Бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылып, қазіргі таңда жүзеге асырылуда. Оның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақты қолдап, оларға ұлттық жинақ есебінен тұрғын үй немесе білім алуға мүмкіндік беру. Яғни, балаларға мемлекет тарапынан көмек көрсету.  Жоба 18 жасқа дейінгі балаларды тікелей қаржыландыруы керек. Заң бойынша ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы жыл сайын бағдарламаға қатысатын балаларға бөлінеді. Жобаға 01.01.2006 ж. бастап 31.12.2023 ж. туған Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелетін балалар тіркеледі. Келесі жылдары туған балалар да автоматты түрде бағдарламаның қатысушысы бола алады. Ал жобаға қатысу дерегін кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе заңды өкілдері арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан баланың ЖСН бойынша тексере алады. Сондай-ақ, әрбір балаға жасалған есептеулер туралы ақпаратты ата-аналар egov.kz порталындағы Жеке кабинетінен анықтай алады. Ал кәмелетке толған азамат қажетті ақпаратты enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетінен, БЖЗҚ ұялы қосымшасыннан немесе egov.kz порталынан өз бетінше тексере алады. 18 жасқа толған балалар  ақшаны алдын ала белгіленген қажеттіліктер үшін, яғни,тек тар шеңберлі мақсаттарға жұмсай алады. Бұл негізінен білім беру, медициналық қызметтер, үй алу және т.б.

Бағдарлама еліміздің азаматтары үшін жақсы мүмкіндік болып отыр. Көп отбасыға өзінің пайдасын тигізетіні де сөзсіз. Алайда, жобаның кемшіліктері де бар екенін ескерген дұрыс. Бұл жайында қаржыгер Расул Рысмамбетов өз пікірін білдірді:

Жобаның кемшіліктері: кейде инвестициялық табыс теріс, яғни шығын болуы мүмкін. Бұл балалар ештеңе алмауы мүмкін дегенді білдіреді. Сол себепті бұл мәселені ескеру өте маңызды. Бірақ менің ойымша, ұлттық банк, ұлттық қор басшылығы ақша табуға көп күш салады. Болашақта елімізде бала саны өседі, бірақ қордың инвестициялық кірісі өспеу ықтималдылығы бар. Сондықтан жыл өткен сайын балалардың ақшасы азаяды. Кейбір жылдары балалар ештеңе алмай қалуы әбден мүмкін. Бірақ бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Менің ойымша, біз 2024 жылдың соңында осы мәселемен бетпе-бет келеміз. Негізінен балалардың шотына ақша доллармен есептеледі, сондықтан доллар инфляциясы есептелген ақшаны жеп кетуі мүмкін, мұндай тәуекел бар екенін жасырмаған дұрыс. Алайда барлық жинақ инфляция қаупіне ұшырайды. Сол себепті қатты уайымдаудың да керегі жоқ.

Жалпы, көптеген экономистер Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық кірісі, балалардың жыл сайын шотына түсетін ақшасы қандай болатынын нақты айтып, көрсету қиын екендігін айтады. Оған валюта бағамы, мұнай бағасы, акциялар құны және басқа да көрсеткіштер әсер етеді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Делназ

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 55 оқылым