Мазмұнға өту

Ұлттық киім – ұрпаққа аманат

Bilimger Media 2 мин оқу 23 оқылым

Ұлттық киім – ұрпаққа аманат.

Бәрімізге белгілі болып отырғандай әлем өркениеті өте тез дамып, асығыстық, беймазалық басым болып келе жатқаны белгілі. Тіпті күнделікті тілімізде түрлі терминдер мен кірме сөздер қатары көбейіп, жас буынның өзіне түсінікті әлемі пайда болып отыр. Десек де, біз осы қалыптасқан мемлекетімізді сақтап, келер ұрпаққа аманаттау  жолында  өзімізге ғана тән мұраларымызды дәріптеп, құрметтеуге шақыруымыз керек.

Олардың қатарында қазақ халқының ұлттық киімін атауымызға болады. Жақында ғана Президентіміз Қ.К. Тоқаев Ұлттық мерекеміз, жыл басы Наурызды ерекше тойлау қажеттігін еске салды. Он күн бойына мерекені ұлықтау қажеттігі негізделді. Бұл тұста болса да ұлттық киім кию ерекше үрдіске айналып келе жатыр. Ұлы Даланы мекен еткен қазақ елі  көшпелі өркениетке негізделген, өте ерекше далалық киім үлгісін қалыптастырды. Тіпті адамдардың жас ерекшелігіне қарай киім кию үрдісі қалыптасты. Мәселен, үлкен жастағы аналар кимешек киіп, ақ самайын көрсетпесе, жас қыздар тақия киіп, әсем безендірілген көйлектер киді. Жалпы қазақ халқы ұлттық киімдерінің тарихы ежелден бастау алғаны белгілі. Оған этнограф ғалымдардың дәлелді еңбектері негіз болады.

Мәселен, зерттеуші С.И. Руденконың сырт киім түрі болып келетін күпі кем дегенде бұдан екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдейді. Сол сияқты Т. Аткинсон, В.Н. Шевченко, П. Кошаров,                                 П. Орловский, И. Клапрот, Г.Г. Гуркин, П.И. Лерх, П.В. Маковецкий,                         Н.М. Ядринцев, Г.И. Спасский және т.б зерттеушілер еңбектерде де қазақ халқының киім үлгілері туралы мол мәліметтер   кездеседі. Яғни бұл еңбектерде қазақ киімінің нұсқалары, қазақтың тұрмыс салты мен мінез-құлқы, шаруашылық әдісіне сай пайда болғанындығы көрсетіледі.

Негізінен қазақ халқының ұлттық киімдердіерекше әшекейленіп, зерленіп жасалды. Ол далалық мәдениет, аңдар, құстар, көк аспан, күн, жұлдыздар символикасымен байланысты болды. Мәселен ресейлік ғалым М.А.Леваневский: «Қазақтың қандай кәсіпке болмасын, табиғаттан қабілеттігіне сүйсінесің. ...Қазақтың тіккен аяқ киімдері өте берік, киюге ыңғайлы» деп атап өтеді.

Олай болса ғасырдан ғасырға жетіп, ұлттық мұрамыздың ерекше бір бөлігі болған ұлттық киімімізді ерекше құрметтеу, оны заманауи қалыпта түрлендіру жылдан жылға жанданып отырғаны белгілі. Бұл орайда әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасы да үлкен үлес қосып, студенттер мен магистранттар және докторанттар ұлттық киімімізді дәріптеп, наурыз айынан бастап оны киюді дәстүрге айналдырып жүр. Жалпы қазақ жастары өз ұлтымыздың ұлттық құндылығын дәріптеп, оны қадірлеп отырса еліміз нығайып, іргесі беріктеле берері сөзсіз.

Кәлім Мөлдір

Жетекшісі т.ғ.к., доцент Г.Е. Абикенова

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин