Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

"Үлкен кіші құмыралар"

Bilimger Media
3 мин оқу 1 301 оқылым

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі: Сенсорика

Тақырыбы: «Үлкен – кіші құмыралар»

Мақсаты: Балалардың үлкен – кіші туралы ұғымдарын қалыптастыру. Құмыраны көлеміне қарай ажыратып салыстыруды меңгерту. Ойлау, көріп тану, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Ойын арқылы баланың қызығушылығын туғызу және гүлдердің түсін, көлемін, тану арқылы ақыл ой белсенділігін арттыру. Орналастыру арқылы жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Көрнекіліктер: Әр түрлі құмыралар, теледидар, компьютер, үлкен – кіші гүлдер, бейне суреттер, флонеграф тақта, үлкен – кіші құмыралар.

Әдіс- тәсілдері: көрсету, таныстыру,әңгімелеу, сұрақ – жауап, ойын, сергігу сәті, мадақтау, қорытынды.
Оқу іс – әрекетінің типі: Жаңа білім беру.
Пән аралық байланыс: Сөйлеуді дамыту, ән – әуез.
Сөздік жұмыс: Үлкен – кіші құмыра.
Билингвальды компонент: Құмыра – ваза.

Іс – әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс – әрекеті Балалардың іс – әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Сәлем менің көзім!
Сәлем менің құлағым!
Сәлем менің қолдарым!
Сәлем менің аяғым!
Сендер ояндыңдар ма?

Көзім менің көріп тұр,
Құлағым менің естіп тұр.
Қолым менің шапаттап,
Аяғым менің топ – топ.
Мен ояндым, Алақай!
Ой, жарайсыңдар балалар!

(Орнымызға отырайық)

Балалар тәрбиешінің айтуымен іс – қимыл қозғалыстарын жасайды.

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар кәне бәріміз теледидарға назар аударайықшы.
Ой балалар, қандай керемет!?
Бұл жерде бізге суреттер арқылы бейне жасырулы сияқты.
Біздің өткен оқу кызметіміздегі тақырыптарға сай суреттер екен, енді осы өткен оқу қызметімізді еске түсіріп атап айтып көрейік. Сонда бізге жасырынған бейнені көреміз.
(Үш тақырыптың бейнесі)
- Кәне балалар мына жерде біз нені көріп тұрмыз?
- Орамалды
- Жарайсыңдар, жасырулы бейнеміздің кішкене бөлігі көрінді.
- Енді мына суретте нені көріп тұрмыз?
- Түрлі – түсті шарларды.
- Ой, жарайсыңдар балалар! Сендердің есте сақтау қабілеттерің өте жақсы екен.
- Соңғы суретте нелер бейнеленген екен?
- Жәндіктер. Бұл жәндіктер еңбеккор жәндіктер екен.
- Балалар өткен тақырыптарымызды еске түсіре отырып, керемет бір бейнені аштық.
- Бұл құмыраның бейнесі екен.
Құмыраға біз гүлдерді әдемілікке саламыз. Терезенің алдына немесе үстел үстінеде қоямыз.
Құмыралардың коптеген түрлері болады. Құмыралар қыштан , шыныдан, жасалады. Көлемдеріде әр – түрлі үлкен – кіші болады.
Бүгінгі ашық оқу қызметіміз «Үлкен – кіші құмыралар» кәне бәріміз тақтаға назар аударайықшы тақтайша бетіне үлкен – кіші құмыраларды орналастырамын. Тақтайшаның түсі қызыл екен. Мына жер үлкен құмыраның орны бұ жерге мен үлкен құмыраны орналастырамын түсі сары екен. Ал енді мен кіші құмыраны орналастырамын. Кіші құмыраның түсі жасыл. Ал енді, балалар
алдымыздағы тақтайшаға үлкен – кіші құмыраларды орналастырайық.
Балалардың жұмысы (фон музыка)

Бәріміз бірге үлкен – кіші құмыра сөзін айтайық.
Сөздік жұмыс: үлкен – кіші құмыра
Құмыраны орыс тілінде ваза дейді екенбіз.
Билингвальдық компонент: құмыра – ваза.
Үлкен – кіші, большой – маленький.
Ой жарайсыңдар, балалар сендер құмыраны көлемдеріне қарай ажыратып орналастырдыңдар.
Енді біз осы жұмысымызды үлкен тақтайшаға ілейік.
(Балалардың жұмысын мадақтау)
Балалар жұмыс барысында сендер шаршап қалған боларсыңдар, бойымызды сергітіп алайық
(әуенмен сергіту сәті)
Сергіту сәті

Балалар бойымызды сергітіп алдық. Енді орнымызға отырайық.

Балалар тақтайшаға үлкен – кіші құмыраларды орналастырады.

Тәрбиеші сөздерін балалар қайталайды.

Балалар өлең сөздеріне сәйкес іс – қимыл жасайды.

Рефлекциялық түзетушілік (4 минут)

Дидактикалық ойын: «Құмыраға гүлдерді жина» ойынын ойнайық.
Ойынның шарты: құмыраға үлкен – кіші, түрлі – түсті гүлдерді жинау.
Менің құмырам үлкен. Ал сендердің құмыраларың кіші. Осы құмырамызға үлкен – кіші гүлдерді жинайық.
Ой жарайсыңдар, балалар! Сендер үлкен – кіші гүлдерді құмыраға әдемі етіп жинадыңдар. Осы құмырамыздағы гүлдерді қонақ апайларға сыйлайық.
Қорытынды:
Сұрақ – жауап
- Балалар бүгін біз нені орналастырдық?
- Құмыраны.
- Көлемдері қандай екен?
- Үлкен – кіші.
- Құмыраға біз не жинадық?
- Үлкен – кіші гүлдерді.
Ой жарайсындар балалар сендер бүгінгі ашық оқу қызметіне өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Мен сендерге бес жұлдыз беремін. Осымен бүгінгі ашық оқу қызметіміз аяқталды.Кәне бәріміз келген қонақ апайлармен қоштасайық.
Балалар құмыраға үлкен – кіші гүлдерді жинайды.

Қонақ апайларға гүлдерін сыйлайды

Балардың жауабы.

Сау болыңыздар!

Күтілетін нәтиже:
Біледі: үлкен – кіші ұғымдарын білу.
Игерді: үлкен – кіші көлемдегі гүлдерді ажыратып құмыраға жинауды.
Меңгерді: көлемдеріне сәйкес құмыраларды орналастыруды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 301 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым