Мазмұнға өту

"Үйірме" 2020-2021

Абдукаликова Айгуль Кабылбековна 3 мин оқу 314 оқылым

«Ботақан» ортаңғы тобы

«Сиқырлы саусақтар» үйірмесінің жылдық жоспары

2020-2021 оқу жылы

Мақсаты: Балаларға қосымша білім беруде балалардың білімін, шеберлігін  көрсету. Балаларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту,әр-түрлі қағаз арқылы балаларға жұмыс істеудің түрлі амалдарын үйрету: шиыршықтау, қиыстыру,салу,желімдеу.

Міндеттері:

  • Балалардың қолмен жұмыс істеу қабилеттерін дамыту,саусақты нақты қозғалтуға үйрету,бала қолдарының ұсақ моторикасын жетілдіру;
  • Балалардың көркемдік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • Еңбек дағдыларын жетілдіреу,еңбек мәдениетін қалыптастыру, ұқыптылыққа, материалды үнемді қолдануға, жұмыс орнын таза ұстауға тәрбиелеу.
  • Үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді құрастыра білуге үйрету;

Үйірме жұмысының тақырыптық  жоспары

№ Тақырыбы                       Мақсаты Сағат
                                                   Қыркүйек
1 «Гүл алаңы» Балаларға затты үлгі бойынша істетіп үйрету, ойыншық бөліктерін ермексазбен біріктіру, бұл еңбек түріне қызығушылығын қалыптастыру. 2
2 «Күзгі саңырауқұлақтар» Саңырауқұлақтар туралы түсініктерін қалыптастыру. Сопақша және жартылай дөңгелек пішіндерден тұратын бейненің суретін салуға үйрету. Танымын кеңейту,эстетикалық талғамын арттыру. 2
Қазан
1 «Жүк таситын машина» Сіріңке қорапшасынан жүк машинасын жасауға үйрету. 2
2 «Көбелек» Көбелектің дене бөліктерін табиғи материалдардан құрастыра білу. Жәндіктер әлеміне деген қызығушылыққа баулу, ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру. 2
Қараша
1 «Кірпі» Орман аңдары туралы білімдерін бекіту, өз беттерінше түстерді дұрыс әрі нақты пайдалануға дағдыландыру, ермексазды тиімді пайдалануға және кірпіні ұқыпты жасауда танымдық процестерін дамыту. 2
2 «Қоян» Жабайы аңдармен-қоянмен танысу, жапырақтың жасалу жолдарын көрсете отырып, қоянның бөліктерімен таныстыру. Балаларды табиғи материалдарды дұрыс пайдаланып, қоянды өз бетінше құрастыру, ұқыпты жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру. 2
Желтоқсан
1 «Мерекелік ашықхаттар» Балалардың қағазбен жұмыс жасау дағдыларын бекіту, қағазды қос бүктеу, пішініне сәйкес әшекелей білуге  үйрету. 2
2 «Жаңа жылдық ойыншықтар» Қалдық заттарды пайдаланып жаңа жылдық шырша ойыншықтарын жасау, оны әдемі көркем безендіру арқылы көркемдік талғамын дамыту, еңбек нәтижесіне жете білуге тәрбиелеу. 2
Қаңтар
1 «Аққала» Мақтамен жұмыс істеу ерекшеліктерімен таныстырып, саусақ ұсақ моторикасын дамыту. 2
2 «Көңілді қошақан» Өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу. 2
                                                       Ақпан
1 «Менің сүйікті қонжығым» Қара қоңыр түсті қағаздардан дөңгелек сопақша пішіндер қиып, құрастыру арқылы жапсыру. 2
2 «Балапан» Желімдеу тәсілін меңгертіп, пішіндерден балапнды жапсыруға үйрету. Ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу. 2
 Наурыз
1 «Әжемнің орамалы» Түрлі түсті қағазды үшбұрыштап бүктеу және оны әшекейлеу арқылы орамал жасау. 2
2 «Күннің көзі» Сары түсті қағаздан «Түйіршіктеу» әдіс арқылы  күнді жасау. 2
Сәуір
1 «Бағдаршам» Қораптан жасалған дайын бағдаршамға көздерін жапсырып, таяқшасын жасау. 2
2 «Добым, добым дөңгелек, тоқтамайсың дөңгелеп» Балаларға тобымыздағы ойнауға арналған доптар туралы түсінік беру. Әр түрлі пішінді доптарды, тұзды қамыр арқылы мүсіндеуге үйрету. Ұсақ қол қимыл - қозғалыстарын, тілдік қорларын, ойлау дағдыларын дамыту. остастыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу. 2
 Мамыр
1 «Мамыр гүлшоғы» Балаларды жұмыста әртүрлі материалдарды пайдалана отырып, шығармашылығын дамыту. 2
2 «Қандай заттың пішіні шарға ұқсайды?» Түрлі түсті бояуларды пайдалана отырып дөңгелек пішінді  шардың суретін салуға үйрету, тазалыққа тәрбиелеу. 2
Барлығы : 36

Күтілетін нәтижелер:

- жануарлардың пішінін бейнелей алады;

-көлемі бойынша заттар мен нысандардың арақатынасын ескеріп, композициялар жасай алады;

- жолаққа геометриялық пішіндер мен өсімдік өрнектерінен өрнектер жасай алады;

-қайшыны дұрыс ұстайды және оны пайдалана алады;

-ұжымдық жұмыстарды орындауға қатысады;

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Абдукаликова Айгуль Кабылбековна

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин