Мазмұнға өту

«Үй жануарлары» ашық оқу қызметі

Калымбаева Бану Алибаевна 4 мин оқу 39 оқылым

Калымбаева Бану Алибаевна
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қызылшарық ауылы

«Балдәурен» балабақшасы
Тәрбиеші 

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, олардың пайдасы маңызы, туралы түсінік беру. Олардың түрлерін бір – бірінен ажыратуға,
айтқандай зейін қойып тыңдауға үйрету көзделіп үй жануарларына байланысты тақпақтар мен мақал мәтелдер айтқызу. Сұрақ – жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамытумен бірге олардың бізге тигізер пайдасын айтып, ұлттық тәрбие негізін еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, экологиялық тәрбие беру қарастырылады.
Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқорлық жасау.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, көрсету
Көрнекілік: Үй жануарларының суреттері, слайд

Тәрбиеші:
Балалар, «Амандасу - адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы»
сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Сәлеметсіздер ме!, Здравствуйте

Шаттық шеңбері.
Білер қазақ баласы
Сәлем сөздің анасы
Көп танысты көреміз
Алдымыздан кезіккен
Бәріне де ізетпен
Иіліп сәлем береміз
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Қыс мезгілінде неше ай бар?
- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
«Қар жинау» ойыны
- Өте жақсы. Жарайсыңдар!
- Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің дауысы?
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі жатады.
- Балалар, сендерді ата - әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
- Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.
Сендерді ата - әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен, қандай тамаша!
Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің баласы - бота, сиырдың баласы - бұзау, қойдың баласы - қозы, ешкінің баласы - лақ, жылқының баласы - құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың, сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған.
Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен?
Кішкене ғана бойы бар
Айналдырып киген тоны бар.
(Қой)
Қане, балалар ендеше қойдың дыбысын салыңдаршы.
Балалар: Қой - мә - мә маңырайды
Ой, бәрекелді балалар жарайсыңдар!

Екі айнасы бар
Екі найзасы бар
Төрт жылтырмағы бар
Бір шыпыртқысы бар
(Сиыр) Сиыр - мө - мө мөңірейді

Екеуі елеңдеп келеді
Төртеуі төбелесіп келеді
(Жылқы) Жылқы - е - е - е кісінейді
(Слайдтан көрсету) Дыбыстарын тыңдату.
Дыбыс естейді: «Ғажайып сәт»
Бақташы ата: Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.
- Бұл қай жер екен?
- Балабақша.
- Қандай балабақша?
-«Балдәурен» балабақшасы.
- Естілмейді қандай балабақша?
-«Балдәурен» балабақшасы.
- Мен, шығып кеткен төлдерімді іздеп жүр едім, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсеңдер сыйлығым бар. Көрмедіңдер ме?
Балалар:- Жоқ
Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Ата төрлетіңіз! Бүгінгі оқу ұйымдастылырған
іс - әрекетінде Үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.
Бақташы ата: Жарайды, балалар ендеше мен сендермен бірге ойын ойнап жіберейік, келісесіңдер ме?
Балалар: Жарайды
Ойынды екі топқа бөлініп ойнап көрейік.
1 - топпен «Жануарлардың төлдерін тап» ойыны
2 – топпен «Кім жылдам» ойыны
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, Ата уайымдамаңыз, төлдеріңіз табылады шаршаған шығарсыз бәріміз бірге сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:
Тіктеп титтей құлағың
Ботам былай жүреді
Сыртылдатып тұяғын
Бұзау былай жүреді.
Алға созып мойынын
Ойнақтайды ботақан
Көкке қарай мұрынын
Шүйіреді бұзауқан.
Бақташы ата: Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп сергіп қалдым.
Тәрбиеші: Ендеше бақташы атамызға тақпақтар айтып берейік!
Жансая: Ақ бұзауым ұнайды
«Мө - мө» деп сүт сұрайды
Келеді өсіп күн сайын
Тұмсығын созып қарайды
Тілімен мұрнын жалайды
Алина: Кіп - кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді апам қозым деп
Қошақаным өзім деп.
Балалармен қозының суретін жапсырту жұмысы.
Тәрбиеші: Қане, балалар Бақташы атамызбен бірге «Дауысын айнытпай сал»
ойының ойнайық.
(Төрт түліктің даусы естіледі)
Тәрбиеші: Балалар тыңдайықшы бір төлдердің дыбысы естілетін сияқты
Бақташы ата: Ой, балалар менің төлдерімнің даусына ұқсайды.
Бала: Сүйінші, сүйінші ата сіздің қозыңызды тауып алдым
Бақташы ата: Рахмет, балам өркенің өссін! Сүйіншіңді ала ғой. Балалар, менің қозым Қане, балалар ұстап көріңдерші. Қандай екен?
Балалар: Сүйкімді, әдемі, кішкентай.
Бақташы ата: Мен сендерге сыйлығымды беріп кетейін, мұны ауылдан әжелерің беріп жібірді дәм татыңдар балалар. Жақсы сау болыңдар!
Тәрбиеші: Рахмет, бақташы ата сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Соу болыңыз!
- Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?
- Үй жануарларының төлдерін не деп атаймыз?
- Жылқы малы қандай өнім береді екен?
- Сиыр бізге кандай өнімдер береді екен?
- Малдың дыбысталғанын қалай атайды?
Жылқы - кісінейді
Сиыр - мөңірейді
Қой, ешкі - маңырайды
Түйе - боздайды.
Қане, балалар орнымыздан тұрып келген қонақтармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз
Айтқан тілді аламыз
Бүгінгі келген қонаққа
Сау болыңыз деп, айтамын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Калымбаева Бану Алибаевна

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин