Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Үй жануарлары»

Беркімбай Алмира Жақсылыққызы
4 мин оқу 81 оқылым

Тәрбиеші:Беркімбай А.Ж.

Тобы:№6 «Көжектер»ересек тобы

Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы: «Үй жануарлары»
Мақсаты, міндеттері: жануарлар туралы білімдерін кеңейту. Үй жануарларының
атын дұрыс айта білуге, ажыратуға үйрету.Үй жануарлары туралы білімдерін
толықтыру . Жануарлардың табиғаттағы ролі мен маңызы туралы және неліктен үй
жануарлары деп аталатыны жөнінде түсінік беру. Үй жануарларының адам
өміріне пайдасын, тұрмысқа қажеттілігін түсіндіру. Тілін,сөздік қорын
дамыту.Жан-жануарларға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттырып, оларға
қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: үй жануарларының суреттері, дидактикалық
ойындар, үй жануарларынан алынатын өнімдер.
Ұйымдастырылған іс әрекет бөлімдері:
Кіріспе бөлім:
Шаттық шеңбері.
Бақыт деген- осы шаттық шеңбері,
Қол ұстасып тұрайықшы, кел бері.
Бақыт деген- көрмей қалса сағынып,
Мені іздейтін ашық жүрек сендегі.
Ашық менің жүрегім,
Әркез күліп жүремін.
Бірге ойнап бір жүрер,
Достарым көп білемін.
Тәрбиеші:Балалар бүгінгі күніміз өте жақсы күн болып басталды, себебі біздің
тобымызға қонақтар келіп отыр. Қанекей қонақтарға сәлем берейікші.
Балалар: сәлеметсіздерме қонақтар!
Тәрбиеші: жақсы. Балалар, Бақыт- деген не?
Балалар: бақыт деген отбасымыз.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар, балалар. Бақыт деген сендердің ата аналарың, яғни
ана мен әкелерің. Балалар қараңдаршы жан жақтарыңа. Мына жерде Отбасы
туралы суреттер, онда сендер мен ата аналарыңның қызықты сәттері бар екен.
Балалар сендер үйде ата аналарыңмен уақытты қалай өткізесіңдер?
Балалар:ойнаймыз, далаға шығып ойнаймыз, теледидар көреміз, ертегі кітап оқып
береді, сурет саламыз.
Тәрбиеші: тамаша, балалар. Мына жерге қараңдаршы нелер ілініп тұр.сылықтың суреттері ілініп тұрады.

1.Тапсырма Отбасына байланысты тапсырмалар жазылған.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Балалар жануардың неше түрі бар. Қандай қандай?

Балалар: екі түрі бар, үй жануары және дала жануары.

Тәрбиеші: дала жануарларын ата беріңдерші?

Балалар: қоян, аю,тиіннің қасқыр, суреттері.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар балалар. Олар қандай аңдар?
Балалар: жабайы аңдар.
Тәрбиеші: керемет! Балалар жануарлар нешеге бөлінеді?
Балалар: жабайы жануарлар және үй жануарлары.
Тәрбиеші: дұрыс айтасыңдар балалар. Үй жануарлары туралы білгілерің келе ме?
Балалар: иә
Негізгі бөлім:
Әдебиет орталығы:
Мақсаты: балалардың ой-өрісін дамыту, тыңдау және мазмұндап беру
қабілеттерін арттыру.
-Балалар, бүгінгі іс-әрекетіміздің тақырыбы: «Үй жануарлары»
–Қандай үй жануарларын білеміз еске түсірейікші.
(Жануарлар туралы суреттер көрсету).
Балалар: қой,түйе, сиыр, жылқы,қой,ешкі т.б
Тәрбиеші: балалар осы жануаралар төрт түлікке жатады. Халқымыздың байлығы
да, берекесі де осы малдар.
Тәрбиеші:. үй жануарларының адамға тигізетін қандай пайдасы бар?
Балалар: үй жануарларының пайдасы өте көп.
Сиырдың сүтін ішеміз, қаймақ, айран жасаймыз, майын жейміз, қатық, құрт
жасайды. Жылқы мінсек көлік, сүтін ішсек қымыз. Қойдың, ешкінің жүнінен киім
тоқиды.
Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады
көптеген күтім жасайды. Иә дұрыс айтасыңдар, олардың пайдасы өте көп,
үстіміздегі киім-кешек, ішіп-жеп отырған азығымызды, барлығын біз үй
жануарларынан аламыз.
Балалар сендерді ата-әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
Балалар: ботақаным,қозым,құлыным,еркем, кішкентай лағым,қошақаным.
Тәрбиеші: сендерді ата әжелерің жақсы көріп,сүйкімді жануарлардың аттарымен
еркелетеді екен. Қандай тамаша!
Балалар қалай ойлайсыңдар? Еркелеткен сөздер ненің аттары деп ойлайсыңдар?
Балалар: үй жануарларының төлдерінің аттары.
Жарайсыңдар, балалар өте дұрыс айтасыңдар.Балалар, олай болса екінші сыйлығымызды ашып көрейік:
2-тапсырма: үй жануарлары: Түйенің, Сиырдың, Жылқының,Қойдың, Ешкінің
төлдерін ата?
Тәрбиеші:үй жануарларының төлдерін атайықшы?
Жылқының төлі – Құлын
Сиырдың төлі – Бұзау
Түйенің төлі – Бота
Қойдың төлі- Қозы
Ешкінің төлі – Лақ
3-тапсырма. Жануарлар туралы жұмбақтар шешу
1.Адамға серік
Күзетке берік        Ит
2.Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.
3.Өріске барады ешкідей,
Өрістен қайтқанда бөшкедей.
4.Кезікті бір жануар,
Қозы
Бұзау

Үстінде екі тауы бар. Түйе
5.Еріксе,құйрығымен ойнайды,
Зеріксе,ұйқыға тоймайды. Мысық
Жаңылтпаштар
1.Қапыда ит қапты
Қатты қапты
Қапты қатты.
2.Қара жерде қайық жүре ме?
Қара жердің қайығы түйе ме?
4- тапсырма: Малдың дыбыстағанын қалай атайды?
Жылқы –кісінейді
Сиыр- мөңірейді
Түйе – боздайды
Қой, ешкі – маңырайды
тәрбиеші:  Жарайсыңдар балалар.
5-тапсырма
Дидактикалық ойын: «Үй жануарларын құрастыру»
Мақсаты: жануарлар туралы түсінік беру
Дидактикалық ойын: « Үй жануарларының төлдерін тап»
Мақсаты: үй жануарларының төлдерін табуға үйрету. Жылдамдыққа,ептілікке
үйрету.
Дидактикалық ойын: «Көлеңкесі бойынша орнына қоямыз»
Мақсаты: көлеңкесіне қарап ажырату және оны орналастырып шығады
Тәрбиеші: өте жақсы.
Сергіту сәті: «Үй жануарлары»
Жылқылыр сөйлейді иго-го
Қойларым мәәә
Тауықтыр қот-қот-қот
Сиырлар сөйлейді мөөөө
Есектер иа-иа
Әтеш ку-ка-ре-куууу
Тәжірибе: «Сүттен не аламыз?»
Балалар: Сүттен – айран,май,қаймақ,құрт,ірімшік алады.
Тәрбиеші: Балалар дұрыс айтасыңдар.
додокайырды айналдыра отырып сұрақтарға жауап беру.
Өнер орталығы: Үй жануарлары қойды дәстүрден тыс құрастырып шығу.
Қорытынды бөлім:
Тәрбиеші: Балалар, бүгінгі оқу қызметіміз сендерге ұнады ма?
-Қандай жануарларымен таныстық?
-Үй жануарларына не жатады? Неге үй жануары деп аталады?
-Үй жануарларының қандай пайдасы бар? –
-Үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?

Балалар: Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгінгі келген қонаққа ,
Сау болыңыз айтамыз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Беркімбай Алмира Жақсылыққызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 311 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 15 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 94 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым