Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Bilimger Media
2 мин оқу 44 оқылым

Білім саласының мазмұны: «Қатынас», «Шығармашылық»

Білім бөлімдері: Тіл дамыту

Мақсаты: Үй жануарлары туралы түсінік беру, үй жануарларының төлдерінің атын атай білуге үйрету. Үй жануарларының аттарын және олардың беретін пайдасы туралы білімдерін бекіту. Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сөздік қорын молайту, тілдің белсенділік қызметін арттыру.

Көрнекіліктері: Үн таспа, үлгі суреттер.

1.Сәлемдесу:   Арайлап таң атты

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды қаламыз

Жайнай түсті даламыз

Қайырлы таң балалар

Қайырлы таң апайла

2.Жыл мезгілі:  1.Балалар  қазір  жылдың  қай  мезгілі?

2.Көктемде  ауа-райы  қандай  болады?

3.Көктем  туралы  кім  тақпақ  біледі?

4.Көктем  мезгілінде  қандай  мерекелер  болады?

Тәрбиеші:  Балалар  көктемде  ауа-райы  жылы  болады, ағаштарымыз  жасыл  көйлек  кигендей  жайнай  түседі.

Тәрбиеші балаларға  үй жануарлары туралы жұмбақ жасырады. Үй жануарларының суретін көрсете отырып, үй жануарлары және олардың төлдерімен танытырады.

1.Суретпен  жұмыс.

1. Сұрақ  жануарлардың  атын  ата!

2. Төлдерін  ата.

Ойын: Енесін  тап!

Сергіту: Шөре,шөре.

Көрініс: Мақта  қыз бен  мысық .

Ал  балалар  ертегілер  әлеміне  саяхат  жасап  қайтайық .

Сюрпризный  момент: Есік  тоқылдайды.

Ауылдан  әжесі  келеді.

1. Әжесінің  сөзі:  Саламатсыңдарма  балалар?  

Тәрбиеші: Балалар  әжеміз  ауылдан  қонаққа  келіпті. Амандасу. Демалыңыз.

Балалар  сізге  тақпақ   айтып  береді.

1.                   Құлыншағым- құндызым

Құлдырайды, шабады

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады

2.                    Қара көзің мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды

Жібек жүнің үлбіреп

Қарасам, көз тоймайды.

3.                   Шөре-шөре, лағым

Тентек болма,шырағым

Секектеме, деміңді ал,

Селтеңдемей құлағың

4.                   Момақаным менің,

Маңырама, төлім.

Тойғызады кешке

Енең келіп сенің.

Әже: Рахмет  балалар  үй  жануарлары  туралы  тақпақ біледі  екенсіңдер, ал  осы  жануарлардың  қалай  дыбыстайтынын  танып  білесіңдер ма?

Тәрбиеші: Балалар  бәрін  біледі. Мадақтау.

Әже: Ой  жарайсыңдар , ауылдан  сыйлық  әкелдім. Сабақ  біткен  соң  таратып  береді. Қоштасу.

Тәрбиеші:  Санамақ .   Кел санайық  санамақ

Саусақтарды  даралап

Басбармағым  алғашқы

Бал үйрек  жалғасы

Ортан  терек  кезекші

Шылдыр  щүмек  көмекші

Шынышағым  балапан

Бәріне  ортақ  алақан.

Ән-күй  сабағы. Сәлемдесу. Қошақан  әні.

Қорытынды: 1) Балалар  қандай  жануарлармен  таныстық?

2) Төлдерін  білеміз  ба?

3)Балалар  сиырдың  төлін  қалай  атаймыз?Бұзау.

Бұзау  қалай  дыбыстайды? Мө-мө.                       Оларды  қалай  шақырамыз?  Ауқал. Сиырдан  біз  не  аламыз? Қатық,ірімшік,сүт аламыз.

Сұрақ – жауап әдісі арқылы іс - әрекетті қорытындылаймыз.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Үй жануарлрының аттарын, төлдер аттарын атайды.

Қалыптасқан түсініктер: Жұмбақ,тақпақтар, мақал – мәтелдер туралы мәлімет алуға болатынын, үй жануарларының пайдасы барын түсінеді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 891 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 19 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 108 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 84 оқылым