Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Үй жануарлары

Mamutova Gulzia
3 мин оқу 454 оқылым

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

№8 «Ақбөбек» бөбекжай-бақшасының
Тәрбиешісі: Мамутова Гулзия Толесиновна

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты: Білімділік: Үй жануарлары және олардың төлдерімен таныстыру, үй жануары жайлы түсініктерін, ажырата білуді үйрету, пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту.

Дамытушылығы: Әңгімелету арқылы есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойларын еркін, әрі нақты жеткізе білуге дағдыландыру, ойлау арқылы сөздік қорларын кеңейту.

Тәрбиелік: Жануарларға қамқорлық жасауға, оларға сүйіспеншілікпен қарай білуге тәрбиелеу. Әдіс- тәсілі: Жұмбақ шешу, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ- жауап, ойын.

Көрнекіліктер: Үй жануарларының суреттері .
Тәрбиеші: Балалар, «Амандасу- адамгершіліктің, әдептіліктің баспалдағы» сондықтан да, алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері:

Көкке қолды созайық,

Күннен шуақ алайық.

Гүлге қолды созайық

Алақанға салайық,

Жүректен жылу алайық

Оны да соған қосайық,

Жиналған жылы шуақты бір-бірімізге шашайық.

–Балалар қазір жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінде неше ай бар?

- Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?

- Сендер қыс мезгілінде қандай ойындар ойнайсыңдар?
- Өте жақсы. Жарайсыңдар!

- Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы?

- Дұрыс айтасыңдар, балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады. Мысық - ол үйде тұрады. Ал, ит үйдің сыртында, үйшікте тұрады. Ол үйді күзетеді. Ит- жеті қазнаның бірі.

Балалар, сендерді ата- әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
Балалар: Ботақаным, қозым, құлыным, ботам, еркем, кішкентай лағым, қошақаным. -Сендерді ата- әжелерің жақсы көріп, сүйкімді жануарлардың аттымен еркелетеді екен, қандай тамаша?
Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой, ешкі. Түйенің төлі – бота, сиырдың төлі – бұзау, қойдың төлі - қозы, ешкінің төлі - лақ, жылқының төлі - құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы жануарлар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың , қойдың, сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата-бабамыз да үй жануарларын өте жақсы көрген, күтіп, қасиеттеп қараған.
( Осы кезде есік ашылып әже кіреді) Әже: Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.

- Бұл қай жер екен?

- Балабақша.

- Қандай балабақша?

- «Ақбөбек» балабақшасы.

– Естілмейді қандай балабақша?

- « Ақбөбек» балабақшасы.

- Мен, осында ойнап жүрген немеремді іздеп жүрмін, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсеңдер сыйлығым бар. Көрмедіңдерме?

Балалар: жоқ.

Тәрбиеші: Келіп қалған екенсіз. Әже төрлетіңіз! Бүгінгі ұйымдастырылған оқу қызметі үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.

Әже: Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен?

1)Шөре, шөре, лағым,

Тентек болма шырағым,

Селкеңдемей құлағың, - деп нені айтамыз? (Лақ)

2)Қара көзі мөлдіреп,

Қызықтырмай қоймайды.

Жібек жүзі үлбіреп,- деп нені айтамыз? (Ботақан).

3)Әукім- әукім әукешім,

Енең әне келеді,

Ақ мамасын береді.

Әукешім- деп нені айтамыз? ( Бұзау)

4)Басында екі таяғы бар.

Төрт аяғы бар.

Адам деуге болмайды,

Сақалы тағы бар. Бұл не? ( Ешкі)

5)Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. (Қой)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Әже уайымдамаңыз, немереңіз табылады! Шаршаған шығарсыз, бәріміз бір сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар бойымызды сергітіп алайық. Сергіту сәті: Видеомен

Әже: Жарайсыңдар балалар! Көңілім көтеріліп серігіп қалдым.

Тәрбиеші: Қане, балалар Әжемізбен бірге «Төлдерін тап» ойынын ойнайық.
( Немересінің даусы естіледі)

Тәрбиеші: Рахмет! Әже сіз келіп, біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Сау болыңыз!
Қортынды.
- Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?
- Бізге қонаққа кім келді?
- Үй жануарларының төлдерін не деп атайды?

- Малдың дыбыстарын қалай атайды?

Жылқы - кісінейді. Сиыр-мөңірейді. Қой, ешкі – маңырайды. Түйе-боздайды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Mamutova Gulzia

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Балабақша балаларына арналған тәрбие сағатының жоспары: Ата Заң, құқық пен міндет туралы әңгіме, ойындар, сергіту жаттығуы және сурет салу тапсырмасы.

Bilimger Media 2 мин 371 оқылым
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Бастауыш сынып оқушыларына арналған тәрбие сағатының жоспарында Ата Заң, балалардың құқықтары мен міндеттері туралы әңгіме, топтық тапсырмалар және рефлексия қамтылған.

Bilimger Media 2 мин 430 оқылым
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

5–11 сынып оқушыларына арналған ашық сабақта Қазақстан Конституциясы таныстырылып, құқықтар мен міндеттер талқыланады. Жоспарда топтық жұмыс, құқықтық ойын және рефлексия бар.

Bilimger Media 2 мин 668 оқылым