Мазмұнға өту

Үй жануарлары

Ермағанбетова Назерке Нұртайқызы 3 мин оқу 351 оқылым

Ермағанбетова Назерке Нұртайқызы

Облысы: Ақтөбе

Қаласы: Ақтөбе

№41 «Назерке»  МДҰ МКҚК .

Қызметі: Тәрбиеші

Тақырыбы:« Үй жануарлары»

ҰОҚ: Экология, Көркем әдебиет

Білім беру саласы:«Әлеуметтік орта»

Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы, олардың пайдасы маңызы туралы түсінік беру. Олардың түрлерін бір -  бірінен ажыратуға, зейін қойып тыңдауға үйрету. Үй жануарларына байланысты тақпақтар сұрақ – жауап, жұмбақ шешу арқылы тіл байлықтарын дамыту. Үй жануарларына қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсіл: Сұрақ – жауап, түсіндіру, көрсету.

Сөздік жұмыс: қой, жылқы, сиыр, түйе

Мотивациялық – қозғаушы күш:

Тәрбиеші іс – әрекеті:

  • Сәлеметсіздер ме балалар?
  • Бүгінгі оқу қызметіміз ерекше болмақ.

Шаттық шеңбері

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш ренжуді білмейміз.

Қуанамын менде,

Қуанасын сенде.

Қуанайық достарым,

Бәрекелді достарым.

  • Өте жақсы балалар барлығымыз орнымызға отыра қояйық.
  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем мезгілінде қандай өзгерістер болады?
  • Ал сендерге көктем мезгілі ұнайды ма?
  • Өте жақсы. Жарайсыңдар!
  • Балалар, қандай үй жануарларын білесіңдер?
  • Сиыр, қой.
  • Дұрыс айтасыңдар балалар, осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды. Үй жануарларына  сонымен бірге жылқы, түйе жатады. Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар: түйе, жылқы, сиыр, қой.(слайдпен жұмыс)  Түйенің баласы – бота, сиырдың баласы – бұзау, қойдың баласы –қозы, ешкінің баласы – лақ, жылқының баласы – құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар. Адамға пайдасы өте көп. Сүтін ішеміз, етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың, қойдың сүтінен май, құрт, айран, ірімшік жасайды. Адамдарда оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады, шөп, жем, су береді, сауады, көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген, күтіп, қастерлеген.

Ұйымдастырушылық – ізденістік:

  • Тосын сый:

(Есік қағылып, бақташы келеді)

Бақташы ата:

  • Амансыңдар ма, балалар, ғафу етіңдер.
  • Бұл қай жер екен?
  • Бұл қандай топ?
  • Мен жайлымға кеткен төлдерімді іздеп жүр едім, осы балабақшаның жанынан өтіп бара жатыр деп еді. Тауып берсеңдер сыйлығым бар.
  • Көрмедіңдер ме?

Балалар жауап береді.

Тәрбиеші:

  • Келіп қалған екенсіз. Төрлетіңіз! Бүгінгі оқу қызметімізде үй жануарлары туралы айтып жатыр едік.

Бақташы ата: Жарайды, балалар ендеше мен сендерге жұмбақ жасырайын шешуін кім табады екен?

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

(Қой)

  • Қане, балалар ендеше қой қалай дыбыстайды?
  • Мә-мә- мә- мә, маңырайды.
  • Кезекті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(Түйе)

  • Түй қалай дыбыстайды?
  • Бе – бе – бе – бе, боздайды.
  • Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Төрт жылтырмағы бар.

Бір шыпыртқысы бар

Ол не?

(Сиыр)

  • Сиыр мөңірейді. Мө-мө-мө- мө
  • Екеуі елеңдеп келеді,

Төртеуі төбелесіп келеді.

(Жылқы)

  • Жылқы қалай дыбыстайды?
  • Еу-еу-еу-еу-еу, кісінейді.
  • Жарайсыңдар балалар. Ата уайымдамаңыз, төлдеріңіз табылады шаршаған шығарсыз бәріміз бірге сергіту сәтін орындап жіберейік, балалар бойымызды сергітіп алайық.

Сергіту сәті:

Бас аяқты топ – топ – топ,

Шапалақты соқ – соқ – соқ.

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мында.

Басымызды шайқайық,

Қолымызды бір сілкіп.

Бір оңға, бір солға,

Ойнайықшы кел мында.

Секіреміз жоғары,

Қиын емес секіру.

Бір оңға, бір солға,

Секірейік кел мында.

Бақташы ата: Жарайсыңдар, балалар! Көңілім көтеріліп сергіп қалдым.

  • Балалар Бақташы атамыздың төлдерін тез тауып беруге көмектесеміз бе?
  • Ендеше, бірігіп «Төлдерді орналастыр» ойын ойнайық.

Шарты: Енелерінің қасына төлдерін дұрыс тауып орналастырамыз.

  • Балалар, тыңдайықшы бір төлдердің дыбысы естілетін сияқты.

Бақташы ата: Ой, балалар менің төлдерімнің даусына ұқсайды. Дереу жетіп алайын. Мен сендерге сыйлығымды беріп кетейін, мұны ауылдан әжелерің беріп жіберді дәм татыңдар балалар. Жақсы сау болыңдар!

  • Рахмет, Бақташы ата сіз келіп біздің көңіліміз көтеріліп қалды. Жолыңыз болсын! Сау болыңыз!

Рефлексиялық – түзетушілік:

  • Балалар, сонымен үй жануарларына нелер жатады?
  • Үй жануарларының төлдерін қалай атаймыз?
  • Малдың дыбыстағаның қалай атайды?
  • Жарайсыңдар, балалар бүгінгі оқу қызметіне өте жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге! Мынау сендерге бақташы атаның беріп кеткен сыйы.

Балалар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып,  оқу қызметінен алған әсерлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Үй жануарларының атауларын біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Тақпақ, өлеңдерді жатқа айта алады.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Жануарлардың қимыл- қозғалыстарын, өз ойларын айтуға дағдыланды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Ермағанбетова Назерке Нұртайқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин