Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ҰБТ- алынбас асу емес

Рахманбердиева Динара Сабденовна
2 мин оқу 667 оқылым

Рахманбердиева Динара Сабденовна

Қазақ елінің болашағы-жастар. Яғни ата-бабаларымыздың ізін басып, келешекке жарқын көзбен қарайтын өскелең ұрпақ. Адам баласы дүние есігін аша салып, ғалым немесе белгілі бір мамандық иесі болып шыға салмайды, үлкен жетістіктерге жету үшін көп еңбектенеді, ұзақ жылдар бойы оқу оқып, білім алады. Сол бойына сіңірген білімін ҰБТ-да көрсетеді. Бұл сынақтан өту, әрбір түлек үшін өте маңызды. Сол жас талапкер түлектерді білім нәрімен сусындап жатқан мұғалімдердің ішінде мен де бармын.Әрине, қандай жағдай болмасын осы сынақтан сүрінбей, берген білімді ақтап, болашағы жарқын болсын деген ниет, тілек әрбір ұстаздың санасында жүрген болар.Мақсаттарына жетіп, аңсаған армандарына жету үшін, біз де бар күшімізді салып, бар білгенімізді санасына сіңіріп жатырмыз. Қазіргі жаңа формат бойынша тестілеу біршама қиындағанымен, барлығы да оқушылардың, оқып, біліп кеткен он бір жылдық білімін сынау үшін беріліп отыр.Сол себепті, қиындық тудырып жатқан жоқ. Бұл формат бойынша негізгі пәндер: математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, қазақстан тарихы, ал, қалған пәндер бейіндік пәндер.Менің оқушыларға үйретіп дайындайтын пәнім математикалық сауаттылық.Халқымызда «Басы қатты болса да, аяғы тәтті болады»- деген ұлы сөз бар. Яғни  математикалық сауаттылық бастапқыда  оқушыларға қиындыққа соққанымен, қазір барлығы да өте жақсы деңгейде біледі деп, мен сеніммен айта аламын.Математикалық сауаттылықтың есептері логикалық түрде келеді.Логикалық есептерді шығару барысында, оқушылардың ойлау қабілеті де біршама дами түседі. Ұлттық біріңғай тестілеуге логикалық есептердің енгізілуі менің ойымша өте дұрыс. Оқушының ойлау қабілеті дамып қана қоймай, математикалық есептерге де қызығушылығы артады. Осылайша  елімізде білімді де, дарынды оқушылар көбейеді деген ойдамын. Жалпы, еліміздің барлық түлектеріне сәттілік пен мақсаттарына жетсін деген тілек тілей отырып, қысқаша өлең шумағымен сөздерімді аяқтайын.

ҰБТ-дай бітпес үлкен сынақтар,

Қанша сансыз, әрі, қиын сұрақтар.

Жеткің келсе мақсат пенен мұратқа,

Жолға тұрар үлкен, шексіз сынақтар.

ҰБТ-да сынақ, әрі, бір асу.

Оқысаңдар алынады сол асу.

Бұл заманда білімдіге тұсу жоқ,

Оқыр болсаң жолға тұрсаң бұл асу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Рахманбердиева Динара Сабденовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым