Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

“Түркістан” газеті

Автор

Амина
2 мин оқу 67 оқылым

«Turkistan”- халықаралық газеті 1994 жылдың, 28 қаңтарында тек 4 бет қана болып шықса, қазіргі таңда ойып тұрып орын алар басылымдардың бірі.Газеттің бас редакторы - Бауыржан Бабажанұлы. Газет аптасына 1 рет, бейсенбі күні шығады. Апталық тираж – 5000 данадан кем емес. «Түркістан» басылымының онлайн нұсқасы кириллица, латын және араб тілдерінде жұмыс істейді. Республиканың барлық облыстарына, оған қоса Ресей Федерация және Қырғызстанға да тарайды.Қазіргі  “Turkistan” апталық газеті оқырманды өзінің өтімді сұхбатымен,зиялы “Руханият”, маңызды “Жаңалықтар”айдарларымен оқырман бетін бері қаратуда. Мысалы: “Харекет” қайырымдылық қорының негізін қалаушы Гүлмира Мұрханқызымен ауыз толтырып айтарлық сұхбат өрбіткен екен редакция тілшісі Эльмира Жақсыбай. Бүгінде бұл қайырымдылық қоры туралы көбі біледі. 2017 жылы құрылып, ресми түрде тіркелген ұйым өмірде қиын жағдайға тап болған отбасыларға, үй-күйсіз жүрген, ата-анасынан айырылған балаларға, қарттарға, жалғызбасты аналарға көмектесіп келеді. Осылайша, қайырымдылық қоры бес жылдың ішінде 800-ден астам отбасына баспана сыйлаған. Қордың негізін қалаушы Гүлмира Мұханқызы бұл игі іске халық зор үлес қосып отырғанын айтады. Бұның өзі оқырмандарды игі іске жетелеп, қазақтың бір-біріне деген бауырмалдығын оятып, жанашыр болуына әкеледі. Келесі, бойға рухани күш беретін айдар “Руханият”. Соның ішінде көзім шалып қалған мақала “Құрманғазының күйлері жайлы мультсериал”. Яғни қазіргі таңда күйге, жырауға,кітапқа қызығушылығы жоқ жасөспірімдеп мультсериал арқылы тарихымызды жеңіл түсініп, ең бастысы қызығушылықтары оянады. Бір қуантарлығы осы, заман дамыған сайын, ұрпағымызды барлық сала жағынан үздік ету үшін замандастар тырысып жатыр. Менің ойымша, ол редакция қызметкерлерінің өзіне жүктелген міндеттерін адал атқарулары. Оған дәлел жоғарыда атап өткендерден бөлек, ең бірейгейі Ақорданың ресми телеграмм каналында Президентіміз  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың оқитын басылымдар тізімі жарияланғаннан біле берсек болады. Яғни, аталған газеттердің ішінде біздің саяси апталық газетіміз “Turkisrtan” бой көрсетті. Сонымен қатар,  2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Turkistan халықаралық газеті жинағының таныстырылымы өтті. Бұл жинақ қазақ баспасөзін толық зерттеушілер мен студенттер үшін ең керекті көмекші құрал екендігі аталып өтіп, газеттің бүгінгі таңдағы сапалы өзгерістеріне жиналған қауым оң баға берді. Оған қоса, газет Үркер-2021 «Жылдың үздік газеті» номинациясымен марапатталды. Бір сөзбен айтқанда, қазірге таңда тыңбай еңбек етудің нәтижесінде газет басылымы арқасын кеңге жайып,басын тік көтеріп жүретіндей дәрежеге жетті.

Бұл газетті зерттей келіп, түсінгенім басылымның басты ұстанымы - Қазақстан республикасының саяси-мәдени, экономикалық-әлеуметтік дамуына өз үлесін жеткілікті деңгейде қосу. Және де ешқашан өз жұмыстарын тоқтатпай,әрі оң көзқараста болу.

Амина ТУРКАШ

Журналистика факультеті

1 курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Амина

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

“Шырақ” атты мультфильм жарыққа шықты

Шырақ» — отбасы құндылықтарын, мейірім мен өзара көмекті дәріптейтін қысқа метражды анимациялық фильм. 2023 жылы ол 80-нен астам кинофестивальге жолдама алды.

Амина 40 оқылым 1 мин
Ағылшын тілі

Teaching listening in primary school

Ғылыми мақалада бастауыш мектепте ағылшын тіліндегі тыңдалымды оқыту, оқушылар кездесетін қиындықтар және тыңдап түсіну дағдыларын ойын арқылы дамыту қарастырылады.

Амина 48 оқылым 14 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 41 оқылым 7 мин
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 135 оқылым 6 мин
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 43 оқылым 2 мин