Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тұңғыш Президент күні II кіші топ

Bilimger Media
2 мин оқу 618 оқылым

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті»

№1 «Құлпынай» II кіші тобы

Тәрбиеші: Курманова А.Н.

Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы түсніктерін қалыптастыру. Қазақстан Республикасының ең алғашқы Елбасы туралы түсінік беру.Жас ұрпаққа президентіміздің сан қырлы талант иесі, құдіреті тұлға екенін таныту. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік, мақал-мәтел

Көрнекіліктер: Президент, Астанаға байланысты суреттер, буклет

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру барысы.

Шаттық шеңбер: Әнұран орындау.

2.Негізгі бөлім:

Көрнекілікпен жұмыс.

ҚР Президенттің портретін тамашалау.

Тәрбиеші: Ал балалар сендер біздің елдің рәміздерін білесіңдер ме?

Балалар: Олар ту, әнұран, елтаңба.

Тәрбиеші: Тудың түсі көгілдір, ол аспанымыз ашық болсын дегенді білдіреді. Күннің бейнесін қараңдаршы – күннің сәулелері біздің еліміздегі ұлттар саны. Біздің елімізде жүз отыз ұлт бар екен. Осы күн – 100 ді білдіреді, ал сәулелері отыз екен.

Қыранның бейнесі – еліміз әрқашан биікте самғасын, биіктен көрінсін  деген. Және туымыздың жанында оюлар бар. Бұл оюлар тудың қазақ елінің туы екенін білдіреді.

Енді балалар Елтаңбамызға қараңдар. Елтаңбаның ортасында не тұр?

Балалар:Шаңырақ!

Тәрбиеші: Дұрыс! Балалар шаңырақ біздің елтаңбамыздың жүрегі. Шаңырақ-үйдің,отбасының бейнесін білдіреді. Тағы да не бар?

Балалар: Ат бар!

Тәрбиеші: Дұрыс, қанатты ат бар. Атты біздің ата-әжелеріміз ер-азаматтың қанаты деген. Төбесінде жұлдыз бар. Ол – біздің еліміз әрқашанда биіктен көрінсін деген ойды білдіреді. Ал астындағы «Қазақстан» деген жазу Елтаңбаның біздің елдікі екенін білдіреді.

Елбасының суретін көрсету.

  • Қалай ойлайсыңдар, Елбасының міндетіне не кіреді?
  • Президент болуға кім лайық?
  • Елбасы қайда тұрады?
  • ҚР Елордасы қалай аталады?

Тәрбиеші: Балалар бойымызды сергіп алайық.

Біз бақытты баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туыспыз біз бәріміз,

Бір Отанды сүйеміз

Тәрбиеші: Балалар сендердің мамаларың, папаларың жұмыс істегендей, Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмысы президент болу. Біздің президентің жұмыс орны қайда, кім біледі?

Балалар: Астанада

Тәрбиеші: Дұрыс. Астанада Ақордада.

Балалар Астанада тағы не бар?

Балалар:Астанада Бәйтерек бар.

                (Астанага байланысты  теледидардан суреттер көрсету )

Тәрбиеші: Жақсы балалар, енді  Отанымызға байланысты мақал-мәтелдерді тыңдайық, сосын жаттаймыз

  • Отанды сүю отбасынан басталады.
  • Отан – оттан да ыстық
  • Отан үшін отқа түс күймейсің
  • Мақал-мәтелдер не жайында айтылған?
  • Отан, Қазақстан Республикамыз туралы.

3.Қорытынды: Балалар біз бүгін сабақта кім туралы айттық?

Балалар:Нұрсұлтан Назарбаев туралы.

Тәрбиеші:Ол кім?

Балалар:Ол біздің елдің тұңғыш президенті.

Тәрбиеші:Дұрыс! Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:Қазақстан!

Тәрбиеші:Дұрыс! Маған біздің елдің рәміздерін атап беріңдерші. Олар нені

білдіреді? Жарайсыңдар, балалар! Осымен сабағымыз аяқталды. орнымыздан  тұрып, келген қонақтарды шығарып салайық..  Әрқашан күн сөнбесін, аспанымыз ашық болып, заманымыз тыныш болсын, тек Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем балаларының езуінен күлкі кетпей, әлем балаларының ұйқысы тыныш болсын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 329 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 16 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 95 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым