Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Туған жер - жүректегі мәңгі сағыныш

Алишерқызы Назерке
2 мин оқу 105 оқылым

Алишерқызы Назерке

Туған жер... Бұл екі ауыз сөздің астарында тұтас ғұмыр, қайталанбас балалық шақ, ұмытылмас иістер мен дыбыстар, шексіз сағыныш жатыр. Адам қай жерде жүрсе де, жүрегінің түкпірінде сол бір бала күнгі естеліктермен көмкерілген аяулы мекенді арқалап жүреді. Мен үшін туған жер – жай ғана туған ауыл, жай ғана топырақ емес. Ол — менің өмірімнің ең қымбат кітабы, әр парағы естеліктермен жазылған жан әлемімнің тұтас бір тарауы.

Менің туған жерім – сайын даладағы шағын ғана ауыл. Сырт көзге ол бір қарапайым ғана мекен болуы мүмкін, бірақ мен үшін ол — әлемнің ең жылы, ең шынайы жері. Таң атқанда қойшының дауысы естіліп, ауыл үстінен түтін көтеріліп, самал желімен араласқан ошақ иісі мен қымыздың аңқыған хош иісі – мұның бәрі бала күнімнен жүрегіме жазылып қалған. Кейде қалада жүріп, дәл сол иісті сағынатыным бар. Жай иіс емес, жанымды жылытатын, көз алдыма балалықты әкелетін ерекше сағыныш иісі.

Туған жерде алғаш рет жүгіріп үйрендім. Алғаш рет сүріндім. Алғаш рет күлдім. Сол жерде алғаш рет жүрегім жараланып, сол жерде алғаш рет шын қуандым. Әжемнің бауырсағы мен апамның ертегісі, атамның шәй үстіндегі өмірлік әңгімелері – менің рухани тамырым сол жерде бекіді. Мүмкін, дәл сол себепті туған жер – менің екінші жаным, менің үнсіз сырласым.

Қазір өмір талабы, заман ағымы бізді алысқа алып кетті. Қалада оқып, жұмыс істеп, өз армандарымызды қуып жүрміз. Бірақ неге екенін білмеймін, кей күндері қала шуылының ортасында отырып, сол ауылдың тыныштығына, самал желі мен жалаңаяқ  жүгірген  кештерге  аңсап  кетемін.  Адам  неғұрлым  алыстаған  сайын, туған жердің қадірі соншалықты терең сезіледі екен. Туған топырақтың әр уысында ата-бабамыздың ізі, әр талы мен тасы – менің жадымның бір бөлшегі.

Бірде ауылға ұзақ үзілістен соң оралдым. Бәрі бұрынғыдай көрінгенімен, бәрі өзгерген. Үйлер жаңарыпты, кейбір ескі соқпақтар жоғалып кеткен, адамдар да азайған. Бірақ менің жүрегімдегі туған жер ешқашан өзгермейді. Ол — мәңгілік. Ол менің жанымдағы ең шынайы мекен. Сол жерде мен өзімді шын бақытты сезінемін. Ешқандай сән-салтанатты, биік ғимаратты аңсамаймын, тек сол ауылдың қарапайым кешін, тып-тыныш таңын, салқын самалын аңсаймын.

Туған жер — бұл тек географиялық ұғым емес. Бұл — санада, жүректе, көзқараста сақталған ұлы ұғым. Ол — кім екеніңді, қайдан шыққаныңды ұмыттырмайтын қасиетті белгі. Қанша жерден биікке өрлеп, әлемді шарласаң да, жүрегіңнің төріндегі ең қадірлі мекен — әрдайым туған жер болып қала береді.

Сол үшін де мен туған жерімді жүрегімнің төрінде сақтаймын. Қайда барсам да, қай іспен айналыссам да, сол қарапайым ауыл баласының жүрегімен қараймын. Себебі менің бүкіл болмысымның бастауында туған жер жатыр.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алишерқызы Назерке

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым