Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Туған жер-алтын бесігім

Asylai Sabitova
2 мин оқу 54 оқылым

Туған жерге деген сүйіспеншілік — туған елге, Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Нұрсұлтан Назарбаев.

Туған жерге деген сүйіспеншілік

''Туған елдей ел болмас,туған жердей жер болмас''. Шыр етіп дүниеге келген сәттен бастап, кіндік қаның таматын, еңбектеген сәтіңнен қартайған шағыңа дейін өмір сүретін атамекеніміз, алтын ұямыз біз үшін өте ыстық. Жырақ кетсең, жүрегің қан жылайтын ошақ қасың қанша бағалы болса да, оны ештеңеге айырбастамайсың.

Елдің елдігі мен баға жетпес жер үшін күрескен қазақ батырларына мың тағзым етсең де, аздық етеді. Сондықтан қасиетті де қадірлі қазақ жерін қорғау, аялап ұстау — бүгінгі жастардың басты міндеті. Әрбір қазақ баласы өз туған жерін, өзі тұратын қаланы құрметтеп, жақсы көруі керек.

Туған қаланың тарихы мен қонақжайлығы

''Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық'' демекші, мен де өз қаламды өте қатты жақсы көремін. Бұл жердің тарихы, мәдениеті, қонақжайлылығы мен үшін басқа қалалардан ерекше.

Сырттан келген қонақты кеудесінен итермей, керісінше, құдайы қонақ деп сыйлап, қымыз-шұбаты мен құрт-майын алдына тосып, құрметтеп жібереді. Осы бір көнерген дәстүрлерді есінен шығармай, қайта дәріптейтін Шалқар жұрты менің үлкен бір отбасым секілді. Танысын, танымасын мейлі, ашық жүзбен, жылы шыраймен амандасып өтетін қала жастарының да 1 минут бос уақыты жоқ.

Ел мақтанышы Ідіріс Үргенішбаев

Осынау қасиетті қалада туылған ел мақтаныштары да аз емес. Сондай ел мақтаныштарының бірі — Кеңес Одағының батыры Ідіріс Үргенішбаев. Ол 1912 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында дүниеге келген.

Орталық майданда ұрысқа қатысып, фашистер батальонға 22 рет қарсы шабуыл жасаған кезде Үргенішбаев жаудың 90-нан астам солдаты мен офицерін жойды. Бұл айтқаным — батыр еңбегінің жартысы ғана. Ол туралы жазатын болсам, том-томдап кітап шығаруға болады.

Отанға қызмет етуге деген сенім

Туған жер — менің баға жетпес байлығым. Отан үшін отқа да, суға да түскен қазақ жастары өсіп келеді. Келешекте қазақ елін, тілін, мәдениетін және тарихын бар әлемге танытатынымызға кәміл сенемін. Отан оттан да ыстық.

Ұқсас материалдар

Соңғы жаңарту: 9 қазан 2026, 13:54

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Asylai Sabitova

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым