Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

TopIQ – білім алудың жаңа форматы

Кожабергенова Фазира Есбулатовна
2 мин оқу 57 оқылым

Автор: Кожабергенова Фазира Есбулатовна

«С.Қырықбаева атындағы МЖШО бар орта мектеп» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі: Кожабергенова Фазира Есбулатовна
«TopIQ – білім алудың жаңа форматы»
Қазіргі таңда білім беру саласы қарқынды түрде өзгеріп, жаңаша бағыттарға бет бұруда. Заманауи технологиялардың дамуы білім алушылар мен ұстаздар үшін жаңа мүмкіндіктер ашты. Осы тұрғыда TopIQ онлайн платформасы – білім беру процесін тиімді, қызықты және қолжетімді ететін заманауи құрал ретінде ерекшеленеді.
TopIQ дегеніміз не?
TopIQ – мектеп оқушылары мен мұғалімдерге арналған цифрлық білім беру платформасы. Бұл жүйе оқу пәндерін интерактивті түрде меңгеруге, тесттер арқылы білімді тексеруге, оқушының даму деңгейін бақылауға мүмкіндік береді. Платформа мазмұны Қазақстан Республикасының жалпы білім беру стандартына сай жасалған. «Алматыкітап баспасы» әзірлеген Қазақстандық веб платформа мұнда 1-11 сынып оқушыларына арналған 86 электронды оқулықты бір платформада жинақтайтын цифрлық кітапхана.
Білім алудың жаңа форматы
TopIQ платформасы дәстүрлі оқытудан айырмашылығы – оқытуды геймификация, яғни ойын элементтері арқылы жүзеге асырады. Бұл оқушының қызығушылығын арттырып, сабақты жеңіл әрі тартымды етеді. Сонымен қатар, әр оқушы өзінің қарқынымен жұмыс істеп, қателерін түзетіп отыруға мүмкіндік алады.
Платформаның артықшылықтары
1. Қолжетімділік – интернеті бар кез келген жерде оқуға мүмкіндік береді.
2. Жекелей оқыту – әр оқушы өз деңгейіне сай тапсырмалар орындай алады.
3. Нәтиже мен талдау – мұғалімдер оқушының жетістігін бақылап, нақты ұсыныстар жасай алады.
4. Ойын арқылы оқыту – білімді ойын түрінде беру арқылы есте сақтау қабілетін арттырады.
5. Үнемі жаңару – платформада жаңа тапсырмалар мен сұрақтар жүйелі түрде қосылып отырады.
Мұғалімдер мен ата-аналар үшін пайдасы
TopIQ тек оқушыларға ғана емес, мұғалімдер мен ата-аналарға да тиімді. Мұғалімдер үшін бұл – оқыту процесін оңтайландыратын, бағалау мен сараптауды жеңілдететін құрал. Ал ата-аналар баласының білім деңгейін бақылап, оқуға қалай қатысып жатқанын көре алады.
Қорытындай келе мен өз басым бастауыш сынып мұғаліммін, маған ыңғайлылығы балаларға арналған қызықты тапсырмалар,жұмбақтар мен ойындар бар.Бала тапсырманы асықпай ,өзіне ыңғайлы жылдамдықпен орындайды. Бұл әр оқушыға ыңғайлы.
TopIQ – білім алудың жаңа форматы ретінде заманауи оқушының қажеттіліктеріне толық сай келеді. Білім беру технологияларына негізделген бұл платформа болашақта Қазақстандық білім жүйесінің ажырамас бөлігіне айналары сөзсіз. Сандық ғасырда білімді тиімді, қызықты әрі сапалы ету – TopIQ сынды платформалар арқылы жүзеге асады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Кожабергенова Фазира Есбулатовна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 143 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 52 оқылым