Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Топ-5 қазақстандық спортшылар

Қылышбек Маржан
1 мин оқу 160 оқылым

Спорт-белгілі ережелермен жарыс күйінде өтілетін әрекет. Физикалық қозғалыс маңызды болғанымен, ақыл-ойды да қажет етеді. Адамзат спортпен денсаулығын жақсарту және өзін өзі дамыту үшін шұғылданады. Спорт сөзі Көне Француз тілінен басталады. 19 ғасырдың соңына таман қазақ тілінде қолданысқа ене бастады. Тарихқа зер салсақ 4000 жыл бұрын Қытай жерінде қазіргі спорт мағынасына жақын әрекеттің пайда болғанын байқаймыз. Ал қазір спорт және спортшылар даму үстінде.
Қазіргі күнде адамзаттың даму деңгейіне сәйкес , әсіресе БАҚ пен жаһандық байланыс жүйелерінің пайда болуымен спортпен шұғылдануға көпшіліктің мүмкіндігі өсуде. Спорт кәсіпқой спортқа айналып одан әрі адамзатты қызықтыруда.
Қазақстандық спортшымыз деп мақтанып айта алатын спортшыларымыз аз емес. Солардың бірі де бірегейлерін атап өтсем. Бірінші - Геннадий Головкин. Геннадий Головкин - қазақстандық кәсіпқой боксшы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Екінші - Бекзат Саттарханов. Қазақстандық боксшы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері. Өкініштісі спортшымыз қазіргі сәтте арамызда емес. Үшінші - Денис Тен. Денис Тен - қазақстандық мәнерлер сырғанаушы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ұлты қазақ болмаса да көк туымызды желбіретті. Спортшымыздың қазірде арамызда жоқтығы еліміз үшін үлкен қайғы. Төртінші - Илья Ильин. Қазақстандық зілтемірші, қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Ол үш салмақта (85,94 және 105 келіге дейін) әлем чемпионы атанған жалғыз спортшы. Бесінші - Жанқош Тұраров. Ол қазақстандық кәсіпқой боксшы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Міне, Қазақстанның көк туын желбіретіп, даңқын көтеретін спортшыларымыз жетерлік.
Спорт - әлемдік аренада ел абыройын асқататын, ұлттың атын шығаратын сала. Спортқа көңіл бөлу - елдің абыройына назар салу деген сөз. Еліміздің спортқа көңіл бөліп жүргендігінің айқын дәлелі осы және басқа да спортшыларымыз. “Жеңіс бар жерде - жеңіліс те бар” демекші спортшыларымыз сан мәрте құласада, қайта тұрып, өрлеуді тоқтатпайды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Қылышбек Маржан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым