Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·5 орын қалды 5 орын қалды Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 3 945 оқылым

Кызылова Жанат Сансызбайқызы

Білім беру саласы:  Коммуникация                                        

Тобы:2-ші  кіші топ

Бөлімі:  Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:   Төлдер айтысы     /Шығармашылық сөйлеуді дамыту/

Мақсаты:

  • Сөзді тыңдап және оны түсіну,әңгімеге араласып,өзіне қойылған сұрақтарға жауап беруді үйрету.
  • Балаларға таныс әдеби шығармалармен,ертегілердің үзінділерін драмалауға үйрету.
  • Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Қажетті   құрал- жабдықтар, көрнекіліктер: үй жануарлары төлдерінің суреттері,таспаға жазылған көңілді ән,қуыршақ театрына саяхат.

Билингвалды компонент: бұзау –теленок ,лақ – козленок, құлын – конь

Ашық ұйымдастырылған оқу-қызметінің барысы:

                                     Шаттық шеңбері

– Балалар, бүгін біз  шаттық шеңберіне жиналайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Қандайжақсыбіртұру,

Достармененбіржүру!

«Малдың баласын сүюі» туралы өлең 


Қой сүйеді баласын қоңырым деп,
Ештеңені білмейтін момыным деп.
Сиыр сүйеді баласын торпағым деп
Қараңғыға баспаған қорқағым деп.
Ешкі сүйеді баласын лағым деп
Тастан-тасқа секірген шұнағым деп.
Түйе сүйеді баласын боташым деп
Жәудіреген көзіңнен тоташым деп.
Жылқы сүйеді баласын құлыным деп
Тұлпар болып жүгірер жұрыным деп.

Суретпен жұмыс.   Тақтадағы  үй  жануарларының  /  бұзау,құлын, лақ ,     қозы,бота  /   суреттеріне  балалардың  назарын  аудару.

Бейнежазба   арқылы  үй  жануарларының атын атау ,дауысын салу.

Үй жануарлары туралы тақпақтар,  мақал- мәтелдер.

  • Малды баға біл,бабын таба біл.
  • Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл көсір.
  • Түлік төлден өседі.

Дидактикалық ойын :     «Төлін тап ойыны»

Мақсаты:   Үй   жануарларының   төлдерін   табу .

Саусақ ойыны:

Сүт бердім ботаға,

Шөп бердім бұзауға

Дән бердім шөжеге,

Су бердім  құлынға.

Ғажайып сәт:

Тәрбиеші  Әдемі ,үлкен суретке   балалардың / лақ,құлын,бұзау , қозы,бота өзара әңгімелесіп отыр/  назарын аударады.

  • Балалар,төлдердің не туралы әңгімелесіп отырғанын білгілерің келе ме?
  • Иә.
  • Бүгін бізге осы төлдер қонаққа келіпті, ендеше «төлдердің айтысы» ертегісін тыңдайық.

Қуыршақ  театрында  Ертегі  қойылады.

Тәрбиеші балаларды қуыршақ театрына шақырып,төлдердің әндерін айтқызып, ойыншықтармен қимыл әрекеттерін жасатады.

Балаларға сүт,қаймақ,айран т,с,с сүт тағамдарын   ұсынады.

Тәрбиеші балаларды мадақтап,ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтайды.

Авторы
Кызылова Жанат Сансызбайқызы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Білім мен ғылымның үйлесімі: болашақты қалыптастыратын білім ордасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесінің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің басты мақсаты – кәсіби білімі…

Бахыткуль Майбазарова 4 мин 10 оқылым
Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 12 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 41 оқылым