Мазмұнға өту

«Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы. Электр кедергісі»

Кадиргалиева Жанар 3 мин оқу 1 626 оқылым

Кадиргалиева Жанар

Мақсаты:

Білімділігі: Ток күші мен кернеудің, ток күші мен кедергі арасындағы тәуелділіктерді аша отырып, тізбек бөлігі үшін Ом заңын шығару.

Дамытушылығы: Электр тізбегін құрастыру, құралдарды қосу және жұмыс жасау, интернет желісі бойынша тапсырмалармен жұмыс.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың алған білімін пайдалана отырып тақырыпты өздіктерінен қорытуға дағдыландыру.

Сабақтың  түрі: аралас, ашық көзқарас сабағы.

Сабақтың әдісі: кесте, схемалармен жұмыс жасай білу, сұрақ-жауап, тест жұмыстары.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, схемалар, кестелер, құралдар,  flash- роликтер.

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Өткен материалды қайталау.

  1. Сұрақ: Электр тогы деп нені айтады?
  2. «Мен қабылдайтын шешім»

Электр тогы туралы танымдық схеманың сәйкес мазмұнын қойыңыз.

Танымдар Жауаптар Мазмұны
І. Негізгі анықтама І- 1. Жылулық

2.Электр зарядтарын тасымалдаушылардың бар болуы.

3. Электр өрісінің атқарған жұмысының зарядқа қатынасы кернеу деп аталады.

4.Амперметр

5.Химиялық

6.Зарядты тасымалдаушыларға, әрекет ететін заряд өрісінң болуы.

7.Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы t уақыт аралығында тасымалданатын зарядтың уақытқа қатынасын ток күші деп атайды.

8. Электр өрісін туғызатын ток көзінің болуы.

9.Магниттік

10. Вольтметр.

ІІ. Электр тогының жүру шарттары ІІ-
ІІІ. Ток әсерлері. ІІІ-
ІV. Құралдар. ІV-
  1. «Ой қозғау» Сәйкестікті таба отырып ойыңызды баяндаңыз.
  1. Интернет жүйесі: «Phet» программасы бойынша электр тізбегін құрастыру. (схемасын сызу)

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Электр тогын сипаттайтын қандай шамаларды білесіңдер? (І,U)
  2. Өткізгіштің ұштарындағы кернеудің ток күшімен байланыстылығын қарастырамыз. І~U. Енді осы тәуелділіктің математикалық өрнегін жазайық, І=1/RU мұндағы 1/R пропорционалдық коэффициент, яғни өткізгіштердің қасиеттеріне тәуелді. R-өткізгіштің кедергісі, яғни тізбек бойымен өтетін токка кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шама. Енді ток күші мен кедергі арасындағы байланыстылықты қарастырайық, яғни І~1/R. Сонда І,R,U-шамаларының арасындағы байланыс: І=U/R . Бұл заңды 1827 жылы неміс физигі Георг Ом ашты.

Тізбек бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал. (Ом заңы)  R=U/I              1Ом=1В/1А

Кедергінің 1Ом бірлігіне ұштарындағы кернеу 1В болғанда, бойымен 1А ток өтетін өткізгіш кедергісі қабылданған.

кедергінің шартты белгісі.

U=IR  мұндағы   I*R-кернеудің түсуі, яғни   U~R болады.

IV.Сабақты пысықтау.

Сұрақ: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай айтылады?

«Phet» программасының тапсырмасы бойынша пысықтау жұмыстары. [слайд 10]

  1. 18-жаттығу
  2. Берілгені:

I=0,4А         І=U/R,   R=U/I

U=8В           R=8B/0.4A=20 Oм

R-?

  1. 1. Берілгені:

I=3А           І=U/R,   R=U/I        R=8B/2A=4 Oм

R, U             U=IR =3А*4Ом=12В

  1. Интернет жүйесі бойынша Ом заңына есептер шығару. [слайд 1-9]
  2. Сабақты бекіту.

Тест жұмысы (актевойд)

1.Өткізгіштегі ток күші мен оның ұштарындағы кернеу қандай тәуелділікте?

А) кері пропорционал            в)  тура пропорционал

С) тәуелді емес        д) шексіз тәуелділікте     е) дұрыс жауап жоқ

  1. Өткізгіштегі ток күші мен өткізгіш кедергісі қандай тәуелділікте?

А) тәуелді емес            в)  тура пропорционал

С) кері пропорционал        д) шексіз тәуелділікте     е) дұрыс жауап жоқ

  1. Ом заңы қалай аталады?

А) Тізбек бөлігіндегі ток күші бөлік ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, ол өткізгіш кедергісіне кері пропорционал

в)   Тізбек бөлігіндегі ток күші бөлік ұштарындағы кернеуге кері пропорционал, ол өткізгіш кедергісіне тура пропорционал

С) Тізбек бөлігіндегі кернеу осы бөліктің кедергісіне тура пропорционал, д) Тізбек бөлігіндегі кернеу осы бөліктің кедергісіне кері пропорционал

е) дұрыс жауап жоқ

  1. Өткізгіш ұщтарындағы кернеуді 2 есе арттырса ток күші қалай өзгереді?

А) 2 есе кемиді            в)  өзгермейді    С) 4есе артады        д) 2 есе артады     е) 4есе кемиді

  1. Өткізгіш кедергісі 2 есе кемісе ток күші қалай өзгереді

А) 2 есе  артады           в)  2 есе кемиді    С) 4есе артады        д) 4 есе кемиді     е) өзгермейді

Жауаптары:  1-в    2-д    3-а   4-д    5-а

ІХ. Бағалау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Кадиргалиева Жанар

Осы тақырыптағы материалдар

Физика

Физика сабағында жасанды интеллектті қолдану арқылы есеп шығаруды оқыту және дифференциалды тапсырмалар құрастыру

Илёс Байтемируғли Физика оқытушысы ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжі, Жалпы Білім Беретін Пәндер кафедрасы Email: [email protected] Аннотация. Мақалада физика сабағында жасанды интеллектті (ЖИ) қолдану арқылы…

Bilimger Media 221 оқылым 2 мин
Физика

Физика пәнін оқытуда STEAM тәсілінің тиімділігі

Физика пәні мұғалімі Аннотация Бұл мақалада физика пәнін оқыту үдерісіне STEAM (Science, Technology, Engineering, Art, Mathematics) тәсілін кіріктірудің педагогикалық тиімділігі ғылыми-академиялық тұрғыдан талданады.…

Серикбаева Гулдана Байтемирқизы 230 оқылым 12 мин
Физика

Физика пәнін жасанды интеллект арқылы оқыту

ШҚО Ұлан ауданы Тайынты ауылы "М. Таенов атындағы негізгі мектебі" КММ физика пәні мұғалімі Кіріспе Бүгінгі таңда білім беру саласы қарқынды дамып, жаңа технологиялар мен әдістер енгізілуде. Әсіресе, жасанды интеллект…

Табыс Тілеубек 260 оқылым 2 мин
Физика

Физика пәнінің біздің күнделікті өміріміздегі рөлі

Физика – адамзаттың табиғатты тану мен оны игеру жолындағы басты құралы, ол біздің өміріміздің барлық аспектілерінде терең тамыр жайған. Оның арқасында біз күрделі технологияларды дамытып қана қоймай, қоршаған әлемнің…

Bilimger Media 191 оқылым 2 мин