Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тірі тарихтың соңғы көздері

Талғатова Беназир Серікқызы
3 мин оқу 26 оқылым

Әрбір қариямыз бүгінгі біздің күніміздің тууына себепші. Оларды құрмет тұту мен қастерлеу біздің парызымыз. Себебі, басымыздың еркіндігі, сөзіміздің еркіндігі осы кісілердің арқасы деп білемін. Еліміз бен жеріміздің егемендігін алып беріп, ашық аспан силап отырған ол біздің қарттарымыз. Бастарынан қанша қиын қыстау күндер өтседе, қан мен тердің нәтижесі ретінде бізге бүгінгі еркіндікті сыйлады. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

Өткенге көз жүгіртетін болсақ, мұңға батамыз. Дегенмен де, Қазақстанды Ресейдің отарлауы – 1731 жылы Кіші Жүз ханы Әбілқайырдың Ресейге қосылуынан басталды . Бұл процесс 130 жылдан аса уақытқа созылды. 1985 жылы наурызда Горбачев билікке келгеннен кейін жарияланған жаңа реформалар көбіне сөз күйінде ғана қалды. Коммунистік партия жетекшілігіндегі советтік республикалар одағы 1991 жылы біржолата күйрегенге дейін адамға қарсы басып-жаныштаушы репрессиялық әрекетінен танбады. Оған дәлел, 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасы. Желтоқсан оқиғасы- тәуелсіздік негізі, егемендік үшін күрес. Бұл көтерілістің басталуына ең үлкен себеп болған, 1986 жылғы 16 желтоқсанда Алматыда өткен коммунистік партияның жедел жиынында Қазақстанды 24 жылдан астам уақыт басқарған Дінмұхаммед Қонаев қызметінен түсіріліп, орнына Қазақстанда бұрын-соңды болмаған Геннадий Колбин тағайындалды. Қазақстан компартиясының бірінші хатшысы ауыстырылғанына наразы болған бірнеше мың адам – студент және жұмысшы қазақ жастары 17 желтоқсанда Алматының орталық алаңына жиналды. Совет билігі наразылықты күшпен басу туралы шешім қабылдап, 18 желтоқсанда бейбіт шеруге шыққандарды ұрып-соғып таратып, жаппай қамап, жауапқа тартады, жүзден астам адам сотталады. Қазақ ғалымы Шоқан Уәлихановтың: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет» дегендей, азаттықты арман етіп, Отан үшін жанын қиған қазақ жастары, бүгін біздің ата-бабаларымыз. Бірі айтылса, бірі айтылмас қанша батыр ардагерлеріміз бар. Уақыт ешкімге қарамай зымырап өтуде, өкініштісі қазір ардагерлеріміздің көбісі өмірден өткен.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген қазақ халқы болғандықтан, қазір біз ардагерлерімізді  көзіміздің қарасындай сақтаудамыз. “Кәрілік деген — шаршаудан гөрі, демалуға көп уақыт кететін кезең” дегендей, қазір еліміздің әрбір қаласында ардагердер үйі, белсенді ұзақ өмір орталықтары бар.

“Әдепсіз бала,

Ауыздықсыз атпен тең.

Ақылды қария,

Жазып қойған хатпен тең” - деген мақалмен мен толықтай келісемін. Себебі өзім қарияларымызға көзі тірісінде ерліктері үшін алғыс айту мақсатында және қал жағдайларын біліп, қолдан келгенше көмек көрсету мақсатында қаламыздың ардагерлер үйіне барып тұрамын. Тарих осы кісілердің арқасында болғандықтан, олар өмірлік тәжірибелеріне сүйене отырып, ата салтын, еңбек даңқын, рухани құндылықтарымызды, дәстүр мұраларымызды, отансүйгіштік және елжандылық қасиеттерді жас буынның бойына дарытуға атсалысады. Себебі қариялар үшін бөтен бала жоқ, барлығын өз ұрпағы деп санайды.

Тобықтай бір түйін жасасақ, ата-бабаларымыз найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалған қасиетті жерімізді ардақтап, қорғау әрбіріміздің парызымыз. Себебі бәлкім тірі тарихтың көзін көрген біз соңғы ұрпақ болармыз. Осындай асыл адамдармен бір дәуірде өмір сүріп жатқанымыз біз үшін үлкен мәртебе. Еліміздің күннен күнге көркейіп, дамуына негіз салғандары үшін тағзым ету біздің міндеттеріміздің бірі деп санаймын. Бұл біздің  ең аз дегенде қолдан келетініміз. Қазақилығымызды жоғалтып алмайық.  Үлгілі отбасылардың өнегесін алып, өсіп-өнген ел мақтанар, қызыға қарар әулет болуға талпынайық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Талғатова Беназир Серікқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 59 оқылым