Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тілім-тірегім

Кенжаева Айгерим
1 мин оқу 40 оқылым

Тіл – біздің елдігімізді, бірлігімізді танытатын құрал. Тіл барда ұлт мәңгі бар. Қай ұлтта, қай елде болмасын тіл қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымы бекер айтылмаған деп ойлаймын. Осы сөзінен  Елбасымыздың мемлекеттік тілге деген үлкен құрметін байқауға болады. Өзгеден сый күту үшін, өзіміз құрметін жайына қояйық.

Тіл – тәуелсіздігіміздің айғағы. Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Әрбір Қазақстандық Ата заңымыздың талаптарын орындауға тиіс. Тіл ұлт пен ұлтты жақындастыратын ең үлкен қатынас құралы. Сондықтан тілдің қадір-қасиетін қазірден бастап сақтайық. Сонда ғана тіліміздің ғұмыры ұзақ болғай!

Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. «Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас» демекші баладан рахат көремін десек, тілді тал бесіктен бастап меңгерткеніміз дұрыс. Отбасында қазақша сөйлеп, қазақша ойлайтын ұрпақтың болуы ата- анаға тікелей байланысты деп білемін.

Қазақстанның азаматымын деп санайтын әрбір адам мемлекеттік тілді білуі шарт. Тіл – адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениеттің, ұлттық тәрбиенің сақтау құралы. Жас ұрпақты тәрбиелеу, оларға ғылым мен білімді үйрету тіл арқылы жүзеге асады. Сондықтан жаны да, қаны да қазақ деп соғатын тұлға тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз болуы керек.

Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек, әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып, жетік білуі тиіс. Тіліміздің тазалығын сақтап, шұбарлануына жол бермейік. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Ана тілімізді үнемі дәріптеп, еліміздің абыройын арттырайық!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Кенжаева Айгерим

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Эссе

Қоғамдағы ұстаз мәртебесі

Эсседе ұстаздың қоғамдағы орны, мұғалім еңбегін бағалау және педагог мәртебесін көтерудегі қоғам мен отбасының жауапкершілігі сөз болады.

Кенжаева Айгерим 3 мин 81 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 42 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 157 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 70 оқылым