Мазмұнға өту

«Тілім менің –тірегім!»

Ниязбаева Зоя Қоскелдіқызы 2 мин оқу 1 029 оқылым

Ниязбаева Зоя Қоскелдіқызы

Тілім менің –тірегім!

Мақсаты: Балаларға ана –тілі туралы түсінік беру,білімін жетілдіру.Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ой –өрісін дамыту, сөздік қорын дамыту.Туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу.

Хор: Әнұран.

Шаттық шеңбері: Арайланып таң атты.

Алтын шуақ таратты,

Армысың көк аспан!

Армысың Алтын күн!

Армысың Жер ана!

Армысыңдар достарым!

  • Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?
  • Күзде неше ай қонақта болады?
  • Күз айларын ата?
  • Күз ерекшелігін ата?
  • Күз несімен қызықты?

«Болашағым ,бақытым дара тілім» –дей отырып, Тілім менің тірегім! Тақырыбында оқу қызметімізге балалар тақпақтар айтады:

  1. Ана тілім –елдігім

Ана тілім –ерлігім

Тілді биік құрметтеп

Тойлап жатыр ел бүгін.

  1. Ана тілің біліп қой.

Еркіндігің теңдігің,

Ана тілің біліп қой

Мақтанышы елімнің

  1. Тілім барда мақтанам

Тілім менің аппақ ән.

Бірлігімді бүгінгі

Ана тілім сақтаған.

  1. Ақыл –ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей ананың

  1. Сүйесің өз тіліңді

Боласың білімді.

  1. Өз тілің үйретер

Өнерді, ғылымды

Ардақта тіліңді.

Тәрбиеші: - Балалар біз қай елде тұрамыз?

- Қай тілде сөйлейміз?

Біздің ұлттық тіліміз қазақ тілі екенін түсіну.

Ғажайып сәт: Ортаға арнайы шақырылған кейіпкеріміз қуыршақ қызымыз кіреді.

  • Сәлеметсіздерме , балалар! Мен сендердің шақыру қағаздарыңды ала сала, сендердің тіл туралы мерекелеріңе асықтым. Мен сендердің қазақ тілін қалай меңгергендеріңді білгім келеді.

Отбасылық суреттер арқылы балаларға үй жануарлар, ойыншықтар туралы сұрақ ,жауап алады.Балалар қуыршақтың қойған отбасылық суреттерге жауап береді.

Тәрбиеші: Қонаққа келген қуыршақ қызбен қоштасамыз балалар.

Барлық сұрақтарға қай тілде жауап бердік балалар!

Балалар: Қазақ тілі, қазақша сөйлейміз.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, бір сергіп алайық.

Сергіту сәті: Құс болып ұшамыз,

Кеңге қанат жайамыз

Бір –отырып, бір тұрып

Бұталарға қонамыз.

Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: балалар отбасы, Отан туралы, үй жануарлары туралы, ойнайтын ойыншықтар арқылы дұрыс сипаттай білу керек.

Түсіну: Мынау ше? Қандай? Қанша сұрақөтарына жауап беру.

Қолдануы: Қазақ тіліндегі тақпақтың мағынасын түсіне білу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Ниязбаева Зоя Қоскелдіқызы

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Тілім менің–тірегім!

Мақсаты: Балаларға ана –тілі туралы түсінік беру,білімін жетілдіру.Өзінің ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру,ой –өрісін дамыту, сөздік қорын дамыту.Туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат…

Ниязбаева Зоя Қоскелдіқызы 1 161 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин