Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

TIK TOK ЖЕЛІСІНІҢ НЕГІЗІН ҚАЛАҒАН КІМ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?

Akbota Turash
2 мин оқу 166 оқылым

Бүгінде әлем назарындағы ең танымал әлеуметтік желінің бірі- TIK TOK. Бұл тіркесті білмейтін жан жоқ шығар сірә?! Ол жерде қызықты видеолар көріп қана қоймай, пайдалы ақпараттар алып, табыс тауып отырғандар қанша ма? Бүгінгі мақаламыда еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін өзіне телміртіп қойған ТИК ТОК-тың да өз тарихы бар екен.

«Тик Токты кім ойлап тапты ?» - бұл танымал әлеуметтік желінің шығу тарихына қызығушылық танытатын қолданушылардың жиі қоятын сұрағы десек артық айтапаймыз. Tik Tok — 15,20,30,60 секундтық қысқа музыкалық видеороликтерді жасауға арналған қолданба. Тіркелушілер саны 600 миллион адамнан асады. 2012 жылы құрылған ByteDance компаниясының экс директоры 38 жастағы Чжан Йимин негізін қалаған. Ал 2018 жылдың соңында ByteDance компаниясы TIKTOK құрылғысының арқасында ең құнды жаһандық стартап ретінде танылды.

Чжан Йимин, 38 жастағы кәсіпкер.
Ол баспасөз алдына жиі шыға бермейді -тек Instagram парақшасында жарияланған фотосуреттерге қарап ол туралы ақпарат алуға болады. Чжан 2005 жылы Нанкай университетін бітірді, онда ол алдымен микроэлектрониканы, содан кейін компьютерлік бағдарламалау саласын оқыды.

Қазір Тик Токтың негізін салушы кәсіпкер, капиталы 16 миллиард доллардан асатын әлемдегі ең бай адамдардың бірі болып саналады. Бизнесмен Forbes тізімінде 70-ші орынға ие болса, ал 2018 жылы Қытайдың ауқатты адамдар тізімінде 25-ші орында тұрды. 2017 жылы ByteDance халықаралық нарыққа шығып, Douyin-нің шетелдік нұсқасы TikTok-ты ұсынды. Бұл платформа қысқа уақыт ішінде АҚШ, Еуропа және басқа да аймақтарда үлкен аудитория жинады.

Чжан өз авторлық жұмысының әлемдік арена негізінде дамытқысы келеді. Ол ByteDance «Google сияқты қолдану аясы шексіз компанияға» айналады деп сенеді. Болашақта ТИК ТОК желісі қауіпсіздік, контенттің сапасы және кибербуллинг мәселелерін шешуді жоспарлайды.
"Біз көп жұмыс істеп, перфекционист болуымыз қажет. Индустриалды дәуірде, ақпарат ғасырында, Қытайлық кәсіпкерлер халықаралық нарыққа шыққан сайын өз мүмкіндіктерін арттыруы керек"- дейді табысты кәсіпкер.

Осындай өнертабыс авторларының еңбегін бағалай отырып, біз әлемде адамға берілген мүмкіндіктердің шектеусіз екеніне тағы бір мәрте көз жеткіземіз.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Akbota Turash

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Тақырыбы: Алып шаһар Алматыны не күтіп тұр? Жер сілкінісінің қаупі қай кезде басылады?

Алматының сейсмикалық қаупі, Верный апаты және жер сілкінісі туралы мамандар пікірі баяндалады. Мәтінде болжамдарға кепілдік жоқ екені айтылады.

Akbota Turash 4 мин 31 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 56 оқылым