Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Теңіз әлеміне саяхат

Ташанова Гулжан Сапаровна
4 мин оқу 391 оқылым

Ташанова Гулжан Сапаровна

                                                    «Теңіз әлеміне саяхат»
Оқу қызметінің  мақсаты:
Балалардың теңізге шығудағы мақсатты көздету, судың қасиетін, теңіздегі балықтар туралы, теңіз астын мекендеушілермен таныстыру. Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелілігі: Мәдениеттіліке, жауапкершілікке, тазалықа баулу.
Білімділігі: Жеке бастың тазалық ережелерін сақтауда судың алатын орны, салауатты өмір салтын дәріптеуде, адам өмірінде судың маңызды роль атқаратынына көз жеткізу.
Көрнекі құралдар: Аквариум, балық суреттері, су асты мекендеуші жәндіктер суреті,  биноколь,  кеме макеті, жұмбақтар. т. б.
Ұйымдастыру кезеңі: Кіріспе сөз.
- Балалар, біз бүгін кемемен саяхатқа шығамыз.
- Кемемен қайда жүруге болады?
- Суда, өзенде, мұқитта, теңізде.
- Дұрыс, балалар.
Жер шарының үштен екі бөлігін су алып жатыр. Жер бетіндегі барлық адамдардың тіршілігі теңіздермен, мұхиттармен тығыз байланысты. Теңіздер мен мұхиттардың бетінен көтерілген бу жауын - шашын болып жерге түседі. Біздің тыныстайтын оттегіміздің бірталай бөлігін бізге солар беріп отырады.
Балық, шаян,  теңіз ұлуы, теңіз капустасы сияқты дәмді де нәрлі тамақ өнімдері осы теңіз бен мұхиттан алынады. Сондықтан да балықшылар «Көк теңіздің өрісі - балықшының егісі» - деп тегіннен - тегін айтпаған. Теңіздер мен мұхиттардың түбінен мұнай өндіріледі, теңіз суынан ас тұзын аламыз, аз да болса күнделікті дастақанымызда теңіздің бір бөлігі тұр.
- Мына суретте теңізде кездесетін балықтардың бір тобы:
- Камбала, акула, губан, кит, дельфин т. б.
- Ал мынау теңіз астында кездесетін өсімдіктер. Моллюскілер, устрица, янтарь түсті ұлу, калмарлар, меруертті ұлу, сегізаяқ. Міне, осылай аз да болса теңіз туралы мәліметтер алдық.
- Енді саяхатқа шығу үшін ең алдымен бізге не керек екенін біліп алайық.
- Таза болу үшін бізге не қажет?
- Су, сабын, сүлгі, тіс щеткасы мен пастасы.
- Тағам, тамақ, су.
- Балалар, саяхатқа яғни теңізге немен барамыз?
- Кемемен, (макетті қолдан)
Онда кемеден өз орындарыңды алуға болады,
Балалар отырады.
- Теңізде келе жатырмыз, айналаның бәрі су, су көп неге тағы су алдық?
- Теңіздің суй тұзды, оны ішуге болмайды.
- Дұрыс, бірақ теңіздің суы тұзды болғанымен денсаулыққа өте пайдалы. Одан дірі жасайды, ал біз тамағымызды ауырмас үшін тұзды сумен шаямыз ғой, слай емес пе?
- Ия.

Сергіту сәті:
Көзімізді жұмамыз
Балық болып жүземіз
Ұстап алып біреуін
Қазанға әкеп саламыз.(қимылмен)
- Ал енді су туралы кімдер тақпақ айтады?
1 - бала. Біз келеміз кемеде
Су бетінде тербеліп
Соқса егер салқын жер
Дем аламыз тыныстап
2 - бала. Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолың жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетін маңдайың
Тазалықтың досы
Су дегенің осы.
Теңіз деген шексіз үлкен, онда апталап жүзуге болады. Жағалау көрінбейді, қайда қарасаң да су. Қараңдаршы су бетінде толқындар пайда болды, ол қайдан пайда болды?
- Толқынды жел көтереді.
- Дұрыс айтасыңдар, жел соғып, суды көтереді де, бар күшімен жерге түседі, содан су бетінде толқын пайда болады.
Дүрбімен көк жиекке қарау.
Мына жаққа қараңдар бізге қарай бір балық жүзіп келеді.
- Қандай балық болды екен?
- Дельфин жүзіп келеді.
- Дельфин.
Қош келдіңіздер балалар, менің мекеніме мен сендерді әркез күтіп жүремін. Мені таныдыңдар ма?
- Сіз дельфинсіз.
- Ия, мен дельфин балығымын. Сендерге тапсырма ала келдім.
1. Жұмбақ жасыру.
1) Жылға қуып ағады
Ағып көлге барады.
Ішсең шөлің қонады
Шешуін кім табады Бұлақ
2) Құйрығы жерге тимейді
Жотасы күнге күймейді Балық
3) Күннің көзін жабады
Айдың бетін жабады.
Жаңбыр болып жауады
Шешуін кім табады. Бұлт
2. Екі бала тақтаға шығып, мына сандарды өсу ретімен тез қосқанда, қандай сурет шығатынын көреміз, кім тез аяқтаса жеңіске жетеді.
Шешуі: қайық.
3. Ойын. «Тез дайын бол»
Дельфин: - Балалар, сендермен болған маған сондай ұнады, бірақ менің қайтуым керек, мен сендерге құр алақан келмедім, теңіз балығының майын әкелдім, ол денсаулыққа өте пайдалы. Келесі кездескеше сау болыңдар.
- Балалар, мына суретке зер салып қарайық, кім маған әңгіме құрастырып береді.
- Бала. Теңіз шексіз үлкен. Шағалалар ұшып жүр. Балықшылыр кемеден балықтарды түсіріп жатыр.
Мақал - мәтел.

Судың да сұрауы бар.
Бұлақ көрсең көзін аш.
Сусыз өмір жоқ.
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Балалар, бүгінгі саяхатымыз аяқталды. Таза ауамен терең дем алып, бәріміз бірге: Тазалық бер бәріне,
Тазалық бер тәніме
Тазалық бер еліме, Тазалық бер көркейген кең жеріме.
Теңіз патшалығымен таныстық, қандай суды қолдану керек екендігін білдік.
Оқу іс - әрекеті қорытылып, балаларды мадақтау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ташанова Гулжан Сапаровна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 5 мин 418 оқылым
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 1 мин 18 оқылым
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 10 мин 100 оқылым
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 2 мин 82 оқылым