Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

«Тәуелсіздік көкбайрағы» (М.Әлімбаев)

Автор

Bilimger Media
2 мин оқу 504 оқылым

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиешінің іс - әрекеті: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің оқу іс -қызметімізге қонақтар келді.  Бүгін қандай керемет күн! Бұл күнді жақсы, қуанышты көңіл күймен өткізу үшін сендерді  «Шаттық шеңберіне» шақырамын.

Шаттық шеңбері

Қайырлы таң  көк аспан ,

Қайырлы таң  жер ана.

Қайырлы таң  достарым,

Қайырлы таң  баршаға!

Сәлеметсізбе достар!

Здравствуйте друзья!

Hello friends!

Ізденуші, ұйымдастырушы;

1.Балалар, мен сендерге сұрақтар қоямын, сендер сол сұрақтарға жауап беріңіздер!

Сұрақ-жауап:

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Қыстың қандай айы?

Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

Қазақстан Республикасының президенті кім?

Президентімі з туралы кім тақпақ біледі?

Тәуелсіздік туралы кім қандай тақпақ айтады?

Біз қай Мемлекетте тұрамыз?

Еліміздің бас қаласы қай қала?

Еліміздің рәміздерін білемізбе? Атаңдар!

Рәміздеріміз туралы кім тақпақ біледі?

Балалар, тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап қайтарады.

2.Педагог: Мемлекеттік Тудың авторы Ш. Ниязбеков. Тудың көгілдір түсті болуы - бұл ашық аспанның түсі. Тудың ортасында - алтын күн бейнеленген. Ол тыныштық пен байлықты бейнелейді. Күннің астында - шарықтаған дала бүркіті бейнеленген. Ол-егемендіктің белгісі. Және қазақтың ұлттық оюымен өрнектелген.

Балалар, өз туымыздың мағынасын түсініп, ұғынады.

3.-Енді балалар, бүгін біздер осы көкбайрағымызға арнап жазылған  Мұзафар Әлімбаевтің «Тәуелсіздік көкбайрағы» атты өлеңімен танысып, жатайтын боламыз

 «Тәуелсіздік көкбайрағы»

Көк аспандай көгілдір,

Қазақстан байрағы.

Нұрын күндей төгіп тұр,

Жылдарымыз жайдары.

Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанатты .

Сол қырандай еркіндеп ,

Бала өседі талапты.

Балалар, өлең жолдарын қайталап айтады.

4.Суреттер арқылы түсіндіру

Суреттерді пайдалану арқылы балаларға өлеңнің мәнін, мағынасын түсіндіру. (көк аспан, қыран бүркіт, күн нұры)

Балалар, суреттерге қарап қызығушылық танытады, мұқият тыңдайды.

5.Сергіту сәті

Шеңберге біз тұрайық,

Шаңырақты құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Киіз уйді құрайық.

6.Дидактикалық ойын: « Кім көп біледі?»

Ойын шарты: Көк фетрден жасалған мата тақтаға ілінеді. Сол матаға педагогтың сұрақтарына жауап берген бала тудың жетпей тұрған бөлшектерін (күннің, қыран бүркіттің, қазақтың ою өрнегін) жапсыру керек.

Қорытынды

Қ.Р-ның рәміздерін кім айтады?

Туымыздың авторы кім?

Туымыз неліктен көгілдір түсті?

Тудың ортасында ненің бейнесі бейнеленген?

Тәуелсіздік байрағы өлеңін жазған жазушы кім?

Балалар, барлық қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Күз туралы тақпақтар

4–6 жастағы балаларға арналған күз туралы 30 қысқа тақпақ: табиғат, жеміс-жидек және «Алтын күз» ертеңгілігіне жаттауға жеңіл төртжолдық өлеңдер.

Bilimger Media 202 оқылым 5 мин
Балабақша

Тәрбиеші – бала жүрегіне жол табатын жан

Балабақша тәрбиешісінің бала жүрегіне жол тауып, мейірім мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудағы маңызды рөлі туралы мәтін.

Садыкова Насихат Баиндыевна 14 оқылым 1 мин
Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 93 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 81 оқылым 2 мин