Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тауелсіз ел тірегі-білімді ұрпақ

Мұрат Аяулым
3 мин оқу 43 оқылым

«Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні ғаріп» деп дана халқымыз айтып кеткендей, қазіргі біз өмір сүріп жатырған заман – білім мен ғылымның заманы. Адамды адамнан ерекшелендіріп тұратын парасаттылығы, көрегенділігі және білімі десек қателеспейміз деп ойлаймын. Осы турасында, ел мен елдің мәртебесі мен әлемдік рейтингідегі орындарының да өзгеруі халқының сауаттылығына, білімділер санына тікелей байланысты болып отыр. Технологиясы мен ғылымы оқ бойы озық елдердің тізіміне көз жүгіртсек, көбі негізгі мақсат етіп ел азаматтарының басым көпшілігін оқу мен білімге ұмтылуына бар жағдайды жасап отырғандығын байқаймыз.

«ХХІ ғасыр – білім мен біліктің дәуірі. Әр адам өзін үздіксіз жетілдіріп, жаңа кәсіптерді игеріп, үнемі заман ағымына бейімделу арқылы ғана бәсекелік қабілетін арттыра алады. Білім мен технология, жоғары еңбек өнімділігі ел дамуының басты қозғаушы күші болуға тиіс» деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялауы тегін емес. Балалар – мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі. 2022 жылды іс жүзінде балаларды қорғау жылы ретінде өткізіп, білім
беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру сынды салаларда ел болашақтарына жете мән берілуі тиіс. «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз» деп атап өткен Мемлекет басшысының бастамасы қолдауға лайық.

Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі. Сондықтан келешек ұрпағымызды білімді, білікті, бәсекеге қабілетті етіп тәрбелеу – мемлекетіміздіңбасты ұстанымдарының бірі. Бүгінгі жас ұрпаққажан-жақты білім беру, тәрбиелеу – әрбір ұстаздыңбасты міндеті. Білім негізі мектепте қаланатынболғандықтан, оқушының жеке тұлғалық күшіндамыту, оның шығармашылық мүмкіндігініңдамуы басты рөл атқарып отыр. Олай болса, қазіргіұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат – өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін жәнежан-жақты жетілген, білімді, дағдылардымеңгеретін, шығapмaшылық бaғыттa жұмысiстeйтiн, тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлауқабілетімен ерекшеленетін жеке тұлғақалыптастыру және тәрбиелеу.

Тәуелсіздігімізді алып, өз қолымыз өзімізге жетіп әлемнің дамыған мемлекеттерімен бір қатарда тұрмыз. Кешегі қайраткерлеріміз армандап кеткен бақытты елде өмір сүріп жатырмыз. Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым “Мәңгілік ел” болу үшін зор мүмкіндіктер бар. Ол үшін ең алдымен халқымыз білімді болуы тиіс. Ал білім беруде бастысы, бастауыш сыныптан баланың фундаментінің дұрыс қалануы деп есептейді ұстаздар қауымы. Бұл пікірмен келісуге болады. Қолына алғаш қалам ұстап, дүние танымы енді ашылып жатқан ойын баласына әріп үйретер педагогтардың еңбегі орасан зор. Адамды тың нәрсеге үйрету оңайға соқпайды, айлар, жылдар бойы төгілген тердің түпкі нәтижесі –болашағымыз жас ұрпаққа сапалы білім беру екені анық. Соңғы жылдарда мемлекет тарапынан ұстаздарға деген көмек айтарлықтай көрсетіліп жатыр. Бұл да болса қоғам алдында педагогтардың мәртебесінің жоғарылағанын көрсетіп отыр. Тәуелсіздік алған соң ел жастарын қолдау мақсатында «Болашақ» бағдарламасы қолға алынған еді. Білімді жастарын дамыған мемлекетке грант негізінде білімін шыңдауға жіберген жас тәуелсіз мемлекетті әлем елдері таныды. Қазіргі таңда «Болашақ» стипендиясымен оқып келген түлектер білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым және техника салаларында жүздеген ғылыми әзірмелер мен ірі жобаларды жүзеге асырып, зор жетістіктерге жетіп отыр. Бұл  артқан сенім ақталды дегеніміз. Мәңгілік ел болуды мақсат еткен елге білім саласына көп көңіл бөлу дұрыс деп есептеймін. Шет елден алған білімдері мен тәжірибелерін елге оралып адал қызмет етіп, шет елдік тәжірибені бізге біртіндеп сіңдірсе ойлаған мақсаттың орындалғаны деп білемін. Білімді ұрпақ қана елімізді одан сайын асқақтатып, дамыған елдер қатырына қосылуға мүмкіндік жасайды!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Мұрат Аяулым

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Әлемдік мұнай бағасының ел экономикасына әсері

Мақалада әлемдік мұнай бағасының Қазақстан бюджетіне, ұлттық валютаға, инфляцияға, сыртқы сауда балансына және инвестициялық климатқа әсері қарастырылады.

Мұрат Аяулым 2 мин 28 оқылым
Жалпы рубрика

Бизнеске арналған мемлекеттік субсидиялар мен гранттар :мүмкіндіктер мен пайдалану жолдары

Қазақстандағы кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік гранттар, субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер туралы. Материалда қолдау түрлері мен грант алудың негізгі талаптары сипатталған.

Мұрат Аяулым 2 мин 76 оқылым
Жалпы рубрика

Бизнеске арналған мемлекеттік субсидиялар мен гранттар:мүмкіндіктер мен пайдалану жолдары

Материалда Қазақстандағы кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік гранттар, субсидиялар мен жеңілдетілген несиелер, сондай-ақ оларды алу талаптары сипатталған.

Мұрат Аяулым 3 мин 38 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 55 оқылым