Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тарих дауысы: саяси репрессия құрбандарын еске алуға қатысты тәрбиелік шара өтті

Bilimger Media
2 мин оқу 39 оқылым

2025 жылғы 23 ақпанда Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының бастамасымен, «Дінтану» (о/б), «Исламтану» докторанттарының ұйымдастыруымен «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» тұрақты даму мақсатына сай «Тарих дауысы: саяси репрессия құрбандарын еске алу» атты тәрбие сағаты Алматы облысындағы Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында өткізілді.

Тәрбиелік шараға кафедра студенттері мен магистранттары қатысты, мұражай меңгерушісі Мейіржан Мұсабаев мұражай залдарына қойылған жәдігерлерді жіті таныстырып өтті. Бірінші залда репрессияның басталу тарихы, жеке тұлғалар өміріне негізділіп, халықтың көрген зорлық-зомбылығы ХХ ғасырдың басынан бастап Желтоқсан оқиғасына дейін қамтылды. Қуғын сүргінге ұшыраған тұлғалардың көрген азап-қорлығы саналы азаматты немқұрайлы қалдырмайды. Екінші залда Алматы облысы бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған 4125 адам мен саяси қуғын-сүргінге ұшыраған 172 зиялы қауым өкілдерінің тізімі әрі интерактивті тақтада әрбірінің өмір деректері көрсетілген. Үшінші конференц-залда бұған дейін жарық көрген басылым, еңбектер жинақталған. Мұражайда жыл сайын репрессия құрбандары күніне орай 30 мамырда жаңа кітаптың тұсаукесері жасалып отырады. Одан кейін студенттер монумент пен репрессия құрбандары жерленген тастарды көрді. Монументтің мәні өте зор, оның әр бөлігінің терең мағынасы барына көзіміз жетті. Негізгі деректермен танысып болған соң, PhD, қауымдастырылған профессор Азамат Шутбаевич репрессия құрбандарына қатысты баяндама оқып, зерттеулерінің нәтижесін атап кетті. Сөзінің соңында әрбіріміздің бұл тұрғыдан сауатты болуымызды әрі зұлмат кезеңнің қараңғы тұстарын толығымен ашуға үлес қосуымыз борымыз екеніне аса назар аудартты. Шара соңында Мейіржан Мұсабаев ғылыми жетекші А.Ш. Жамашевқа мұражай қорынан «Дін қайраткерлерінің қуғындалуы» атты еңбекті сыйға тартты.

Осылайша, тәрбие сағаты барысында тәлімгерлер тарихтың қайғылы беттеріне арналған мұражай экспозицияларымен танысып, тарихи оқиғаның қазіргі қоғам үшін маңызы туралы пікір алмасуға қатысты. Әсіресе жастарға жанашырлық, адам өмірінің құндылығын түсіну және саяси қуғын-сүргіннің салдарын ұғындыруға ерекше көңіл бөлінді.

PhD, қауымд.проф.Жамашев А.Ш., филос.ғ.к.Аликбаева М.Б., докторант Елеусызбаева Н.М.

https://farabi.university/

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым