Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Bilimger Journal №9 / 2026 шығарылымына мақала қабылдануда·QR-кодты сертификат Журнал №9 мақала қабылдануда·жаңа шығарылым Жаңа шығарылым Жариялау

: «» · ₸

2 мин оқу 686 оқылым

           Сарсенгалиева Жансулу Амангелдиевна                                    

                             Тәрбиеші болу бір бақыт

Тәрбиеші  — балабақшаны бақша деп алып,  келген бала  гүл болса,  онда ол сол гүлді баптап, күтіп, барлық жәндіктер мен құстардан қорғайтын бағбан.  Гүліміз бала, бағбанымыз тәрбиеші.  Балаға бағыт- бағдар, тәлім-тәрбие  беретін   отбасынан кейінгі екінші анасы.  Топтағы әрбір бала бір ашылмаған сыр,құпия. Әр баланың мінезі әр түрлі. Бір бала жылдам болса, екінші бала  баяу, барлық нәрсені байыппен жасағанды жақсы көретін келеді. Ал үшінші  бала болса өзімен-өзі отырғанды жаны сүйетін болып келеді. Оқу- инемен құдық қазғандай десе, тәрбие де инемен құдық қазғандай деп айтуға болады.  Себебі  жоғары да айтып өткендей  әр баланың көңілінен жол табу ол бір үлкен ғылым дейтін болсақ, онда тәрбиеші  ол-ғалым болып саналмайды ма? Сол үшін тәрбиші әр баланың жас ерекшелігіне, мінез-құлқына  қарай бейімделіп, онымен бірге бала болып сөйлесіп, бала болып ойнап, бала болып күлу ол  оңай емес, ол үлкен шеберлікті қажет ететін жұмыс.

Абай атамыз айтқандай «жас  бала анасынан туғанда екі мінезбен туады, біріншісі- «ішсем, жесем, ұйықтасам, ойнасам» болса, ал екіншісі, «білсем, көрсем, қарасам, ұстасам , ол немене? Ол кім екен?» деген қызығушылығы тұрады. Мұның бәрін білгісі келген балаға тәрбиеші бағыт-бағдар беріп, көмек  көрсетіп, тексеру, нұсқау тәрбиешінің тікелей міндеті.

Балабақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын ертеңгі елім деп еңірейтін ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады.

Шын жүрекпен қалаған кәсіп пен  таза тер төгілген  еңбек арқылы өмірлік абырой-беделді, қоғам алдыңдағы құрмет сыйға ие болуға болады. Ал, тәрбиеші болу – айтуға ғана оңай шаруа болғанымен, бұл мамандықтың қоғам үшін қаншалықты маңызы барлығын сол кәсіпті таңдағандар, осы жолда еңбек етіп, тер төгіп  жүрген жандар ғана түсінеді. Бір мезетте  алдындағы жиырма –жиырма бес балаға қарау, көңіл бөлу,  олармен тілдесу  тек сырт көзге ғана оңай жұмыс.

Тәрбиешілер  елдің ертеңгі азаматтарын тәрбиелеуші. Өйткені, жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілі – қазақ тілін анасынан кейінгі  сіңірушісі, үйретушісі. Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен салтты, ұлтымызға тән ізгіліктерді, жалпы адамзатқа ортақ өркениеттік ұстанымдарды дариды.
«Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы» деген ұлы Абай. Олай болса әріптестер жас ұрпаққа  мейірім шапағатпен , еңбекке баулу мен  қоса Отанға деген, Ана  тілге деген, жас ұрпаққа деген  махаббатын нығайта отырып, оларға тура бағыт бағдар  беру біздің тікелей міндетіміз болып табылады.

Авторы
Сарсенгалиева Жансулу Амангелдиевна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Білім мен ғылымның үйлесімі: болашақты қалыптастыратын білім ордасы

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті – ұлттың зияткерлік әлеуетін арттырып, білім беру жүйесінің дамуына тікелей ықпал ететін маңызды ғылыми-білім беру орталығы. Университеттің басты мақсаты – кәсіби білімі…

Бахыткуль Майбазарова 4 мин
Балабақша

«LEGO құрастыру ойындары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Меңгеруші: Ережепбаева Алма Сайлаубековна Аңдатпа Мақалада «LEGO әлемі: ойнаймыз, құрастырамыз, дамимыз» әдістемелік құралы аясында мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетін ұйымдастыру жолдары қарастырылады.…

Ережепбаева Алма Сайлаубековна 8 мин 11 оқылым
Балабақша

«Таза Қазақстан» – экологиялық тәрбиенің бастауы балабақшадан

Мақалада «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының идеяларын мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өміріне енгізу тәжірибесі қарастырылады: серуендегі бақылау, тәжірибе, дидактикалық және рөлдік ойындар, еңбек, қалдықты сұрыптау, ұлттық тағылым және отбасымен бірлескен экологиялық жобалар.

Уразбаева Наргиза Самиғоллақызы 9 мин 36 оқылым