Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тәрбие ұстанымдары

Автор

Bilimger Media
3 мин оқу 266 оқылым

Тәрбие ұстанымдары.

- Атам заманнан бері тіршілік жасай білу деп аталатын өмір даналығын ұрпақ санасына орнықтырудың тиімді жолдары іздестіріліп келеді. Ұрпақ тәрбиесін адамгершілік ұстанымдар негізінде құру қажеттілігін - сонау көне дәуір ғұламалары айтып кеткен.. Тәрбие саласында соңғы мыңжылдықта елеулі өзгеріс болмағандығы айқын. Ежелгі дүние ғұламаларының бірі – Платон өз тұсында тәрбие туралы ойларының өзінен бұрын да айтылғанына орай, «бұның бәрі бұрында айтылған» деп отырады екен. Сол айтылғандай қазіргі тәрбие теориялары мен зерттеулердің арғы тегі мен түп тамыры ежелден қалыптасқан, адамзаттың ұрпақ тәрбиесінен жинақталған ақыл-ойлар жетістігі деп қарастырылады.

Адамның адам үшін, өзге адамдар игілігі, тағдыры, өмірі үшін жауапкер болу керек дейтін қағида бар. Бұл өмірде тек мейірбандылық қана емес, зұлымдық та жеткілікті. Жазық жерде бұтаға бұғатын жасқаншақ болма, шешімді бол, өзіңе-өзің тәрбиеші бол, басыбайлық пен бағыныштылық фәлсапаға бас имейтін бол дейтін азаматтық ұстаным бар. Осы тектес өсиеттер мен пайымдаулар, жазылып жатырған тәрбиелік өнегелер балаларға ұйқы алды ертегі айту сияқты болмауы керек. Ертегі оқиғалары қым-қиғаш басталып, мұратқа жетумен аяқталатын еді. Бүгінгі кісілік болмысқа тән мінез-құлықтан ауытқып, адамдық қалыптың сыртынан көрінетін жайлар қомақтырақ көрінетін болып жүр. Шиллердің «адамдардың ақымақтығына тоқтам салу құдайдың да қолынан келмеуде» дегеніндей, ғылым мен білім шың басына шыққан ғасырда адамзат қолы жеткен ақыл-ой, материалдық жетістіктер «сауатты жабайылық» деңгейіне көтерілу себептері мен салдарына адамзат алаңдаулы.

- Қазіргі заманғы педагогика бұл мәселеге ерекше мән беруде. ХХ ғасыр ортасында «Адамгершілік тәрбиесінің халықаралық ассоциациясы орталығы» құрылуы бұған дәлел. Балалар бойында адамгершілік пен әділеттілік қағидаларын сіңіру тәжірибесімен шұғылдану үшін 70-80-ші жылдары Американың Бостон қаласындағы бір мектепте арнайы жобамен жұмыс жасаған Кластерлік мектебі ашылған болатын.. Бұл тәжірибелік жұмысқа жетекшілік жасаған Гарвард университеті профессоры, психолог-ғалым Лоуренс Кольберг болатын.. Мектеп өмірін демократиялық ұстанымдар мен әділеттілік тану негізінде қалыптастыру идеясын алғаш көтерген осы Кластерлік мектеп жобасына байланысты басқа елдерде де зерттеулер жүргізілді.. Бұл жоба кезінде тек Америка мектептерінде ғана емес, Европа мен Азияның өркениетті елдерінде де педагогиканың жаңа формасы деп танылған еді.

Адамгершілік ұстанымдарына сай әділеттілік орнатудың адамдар тапқан жалғыз жолы – демократия. Мектепті демократияландыру – саясаттандыруды емес , адамзат жасаған моральдық-демократиялық құндылықтарға сәйкестелген тәрбие формасы.. Шығыс даналығындағы « бұрыннан белгілі жолдар әрқашан нәтижелі бола бермейді. Тәрбие ісінде жаңа жолдарды іздеудің өзі жетістіктерге бастайды», - деген ұлағаттылық ой осыған жетектейді.

- 80 - 90 -шы жылдары советтік педагогикада « Ынтымақтастық педагогикасы» атауымен Кластерлік мектептің « Әділеттілік бірлестігі» жобасы насихаттала бастады. 90-шы жылдарда ауданымыздағы № 1 мектепте осы тәжірибелерге негізделген мектепішілік тәрбие жүйесі жасалып, «Класаралық бірлестіктер» атымен Республикалық дәрежедегі тәрбие жұмыстары байқауына қатынасып, қолдау тапқан болатын. Бұл жобаның мақсаты – мектепішілік демократия мен әділеттілік ұстанымын кең мағынада оқушы іс-әрекеттерінің бәрі де өз еркімен атқарылатын тәрбие жүйесі деңгейіне жеткізу еді. Басты идеясы – мектеп қызметінің барлық саласында оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының өкілеттілігін ендіру, жоғарғы класс оқушыларының субъект ретінде педагогикалық функция атқаруы, мұғалімдер мен оқушылардың өзара сенім мен сыйлы қатынасқа негізделген ынтымақтастығы, тәрбие қызметін саралау, педагогикалық- психологиялық қолдау орталықтарын құру, іскерлік қатынас және іс-әрекет арқылы тәрбиелеу концепциясына сәйкестелген тәрбие жүйесін жасау болатын. Ол жүйе туралы материалдар өз алдына бөлек тақырып.

Сәкен Бозаев Атырау облысы , Құлсары қаласы.

Соңғы жаңарту: 26 қараша 2025, 12:33

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Әдістемелік құралдар

2026 жылғы 1 қыркүйекте Білім күнін және Бірыңғай сынып сағатын өткізу жөніндегі ұсынымдар 

2026 жылғы 1 қыркүйекте Білім күні мен Бірыңғай сынып сағатын ұйымдастыруға арналған ұсынымдар. Құжатта іс-шараның форматы, ұзақтығы және қауіпсіздік талаптары қамтылған.

Bilimger Media 1 270 оқылым 9 мин
Әдістемелік құралдар

Тамыз конференциясы – жаңа оқу жылына жаңа міндеттер

Жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін Тамыз конференциясы – педагогтер қауымы үшін өткен оқу жылын қорытындылап қана қоймай, алдағы кезеңнің басты міндеттері мен басымдықтарын айқындайтын маңызды кәсіби алаң. 2026 жылғы…

Bilimger Media 1 376 оқылым 11 мин
Әдістемелік құралдар

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы

Адал азамат» бағдарламасының мақсаты, негізгі құндылықтары, айлық тәрбие тақырыптары мен арнайы жобалары балабақша, мектеп және колледж жұмысына арналған.

Bilimger Media 899 оқылым 2 мин
Әдістемелік құралдар

Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. №348 бұйрыққа өзгерістер

"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы…

Bilimger Media 313 оқылым 31 мин