Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тәрбие тұғыры – имандылықта

Маликова Аида
3 мин оқу 1 126 оқылым

Маликова Аида

Сабақтың тақырыбы: «Тәрбие тұғыры – имандылықта»

Сабақтың мақсаты: Ата -бабамыздың, ұлтымыздың  әдет- ғұрпы, салт-  дәстүрін, қасиетін бойына сіңірген, ұлттық намысы, ар -ожданы бар жастар тәрбиелеу.

Көрнекілік: Слайд

Жоспары:

І. Ұймдастыру

ІІ. Кіріспе.

ІІІ. Ой қозғау

ІҮ. Мақал мәтел

Ү. Қорытынды

Барысы: І. Ұйымдастыру.

ІІ. Кіріспе.

Құрметті оқушылар, бүгінгі «Тәрбие тұғыры- имандылықты» атты тәрбие сағымызды бастаймыз. Біз ата бабаларымыздың кезінен келе жатқан ұлттық таным наным, салт -дәстүр, әдет -ұрыптардың мән -ағынасына, астарына көбірек көңіл бөле қарасақ, халықтық тәрбиенің үлгілі өнегесін көреміз. Енді солардың қалдырған аманатын тыңдайық. «Қазақ халқының  ырымдары мен тиымдары» еліміздің  тәуелсіздік алуымен бірге сенім бостандығы қайта оралғандай болды. Дінге жол ашылды. Бұрын атын айтуға қорқатын ата бабаларымыздың аруағын қастерлеп емін -еркін ас  беріп, торқалы тойларын тойлап, рухымыз көтеріліп жатыр. Көзден бұлбұл ұшқан ата -дәстүрімізді жаңғыртар иманды ұрпақ өсіп келеді. Ұлы Абай айтпақшы «иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, болмас буын керек» дейді. Олай болса адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруды дәріптейтін имандылық қасиеттері жайлы тыңдайық.

ІІІ. Ой қозғау

Кісілік -өмір  барысында біртіндеп қалыптасқан жеке адамның адамгершілік іс әрекеттер мен мінез құлқының азаматтық ар ұжданы.

Отан сүйгіштік- әр заман ғұламалар адамның осы қасиетін қастерлеп, сөздерінің небір дәмді ой түйіндерін арнаған. Мәселен, М.Әуезов «Отан анам, отаным сенен  аяр жаным жоқ» десе, В.А. Сухомлинский: «Отан өз ,  үйің, өз бесігіңді ұмытпа көрме» дейді.

Мақсаткерлік -бұл адамның өз мінез- құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстанған бағыт бағдарына танымы мен сеніміне, асыл арманына бағандыра алуы. «Мақсатсыз өмір сүрген адам неткен бейшара» депті орыс жазушысы И.С. Тургенев.

Ақылдылық -бұл жан жақты жетілген білімді, салмақты да байсалды қарапайым да кішіпейіл, аса ізетті адам. «Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық» деген  Ж.Баласағұн.

Борыш пен  жауапкершілік -бұл адамның әке шеше, үй іші, тума туыстарына қатысты перзенттік парызынан туындайтын қасиет.

Ар ұят халқымыз «малым жанымның садағасы, жаным арымнан садағасы» деп арды жаннан да қымбат есептейді. Ұят адамгершілікті сақтай білудің имандылықтың жотасы. Ұят нышандары сәбилік шақтан қалыптаса бастайды.

Мейірімділік пен ізгілік -егіз қозыдай осы екі қасиет басқаларға (әке  шеше, ағайын туыс, танысқа көңіл бөлу) олардың сеніміне ие болуды айналадағылармен өзара дұрыс қарым қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді, кісінің шат -шадыман тіршілігі үшін маңызды.

Адалдық пен шыншылдық -адал адам шынайы да, шыншыл адам. Адалдық сөздің таным мен сенімге ұштасуы, оның іс  әрекетке қайшы келмеуі. Адалдық пен шыншылдық бар жерде әділет, кішіпейілділік, қайырымдылық пен қарапайымдылық та еріп жүреді, олар кісінің ат пен абыройына дақ түсірмейді.

Достық -адамды асқақтатады. Ол жан мен тәннің гүлдене түсуіне көмектеседі. Оның маңызды белгісі берік әрі терең эмоцияға жақындық. Ол адамның бір біріне сөз жүйесінде де, іс жүзінде де адал және шынайы болу, өзара терең мүдделік, бір біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара терең мүдделік, бір біріне терең сенім, қайғы мен қиыншылықта өзара терең мүддеклік, бір біріне терең сенім, қай,ы мен қиыншылықта өзара қол ұшын беру, өзара жауапкершілік пен қамқорлық.

ІҮ. Мақал мәтелдер

Адамның осы аталған қасиеттеріне байланысты мақал -мәтелдерді толықтырады.

Орағың өткір болса, қарың талмайды.

Отаның берік болса, жауың алмайды.

Кісі қатесіз болмас, от  түтінсіз болмас

Кісі болар баланың, кісіменен ісі бар,

Кісі болмас баланың, кісіменен несі бар.

Досыңды тоқтатпа, жолынан қалады,

Қасыңды тоқтатпа, сырыңды алады.

Мейірімділік жүректен,

Мейірімсіздік білектен.

Ақылдыға айтса біледі,

Наданға айтса күледі.

Ақымаққа айтқан сөз ағып жатқан сумен тең,

Ақылдығы айтқан сөз қолға ұстаған тумен тең

Ақыл бастан шығады,

Асыл тастан шығады.

Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Ү. Қорытынды.

Әр заманды жасаушылар өз тұсындағы  адамдардан гөрі

Мұраттарын асыл, имандылығы биік, ақылды,  үлгі өнеге боларлық, жаны пәк, ажар- көркі көз суарардай әрліні өткен замандардан іздеген. Енді адамның кейбір мінездері жайлы ақынымыз Ж. Қалжанованың өлеңін  оқып берейін.

Өмірге кісі қонақ келіп кетер,

Мақсатқа біреу жетпес, біреу жетер.

Кейбіреу ұрпақ үшін қызмет етсе,

Кейбіреу шегірткеше ән сап өтер- дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Маликова Аида

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты

1 қазан – Қарттар күні: «Қарттарым – асыл қазынам» тәрбие сағаты Қарттар күні тәрбие сағаты оқушыларды үлкенді сыйлауға, ата-әжеге қамқор болуға және ұрпақтар сабақтастығын қадірлеуге баулиды. Төмендегі «Қарттарым – асыл…

Bilimger Media 7 мин 41 оқылым
Жалпы рубрика

Ұстаздарға құттықтау сөздер: әдемі тілектер мен жылы лебіздер

Ұстаздарға құттықтау сөздер Ұстаздарға құттықтау сөздер іздегенде, жүрекжарды әрі нақты лебіз таңдаған жөн. Ұстаз – білім беріп қана қоймай, шәкіртінің болашағына бағыт көрсететін ардақты жан. Мұғалімнің білімі, ақылы…

Bilimger Media 6 мин 146 оқылым
Жалпы рубрика

Мұғалімге тілек

Құрметті ұстаз! Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық және еңбегіңізге толағай табыс тілейміз. Шәкірт тәрбиелеудегі қажырлы еңбегіңіз әрдайым жоғары бағаланып, оқушыларыңыздың жетістігі сізге қуаныш…

Bilimger Media 2 мин 53 оқылым